6. ُوَلاَكنا Әл-Каләм (Сӛйлеу) – Аллаһ тағала сӛйлеу қабілетінің иесі. Қасиетті Құран
Кәрім және одан бұрын нәзіл болған Кітаптар (Тәурат, Зәбур, Інжіл) және
парақтары (сухуфтары) - Аллаһ тағаланың сӛзі. Оның T сӛзі әріп және дыбыстан
тұрмайды. Аллаһ тағаланың сӛзі мәңгі, басы жоқ және жаратылыс емес. Кімде-кім
Аллаһ тағаланың сӛзі жаратылыс деп айтса, кәпір болады. Абай атамыз айтқандай:
«Алланың Ӛзі де рас, сӛзі де рас». Сӛйлеу үшін Аллаһ тағалаға мүше керек емес. 7. ُجَدا َس ِلإا Әл-Ирада (Қалау) – Істелініп жатқан барша амалдар Аллаһ тағаланың
қалауымен болып жатыр. Оның T қалауынсыз және кездейсоқ еш амал
жасалынбайды. Аллаһ тағала жақсылық пен жамандықты жаратты, бірақ бізге
жақсы амал жасауға және жамандықтан тыйылуға бұйырды. Ол T жақсылықты
мақұлдап, жамандықтан тыяды. 8. ُج َسْذُمنا Әл-Қудра (Құдірет) – Аллаһ тағала құдіретті, Оның T бәріне қуаты жетеді,
Ол T бәрін істей және істете алады, Ол T істей алмайтын нәрсе жоқ. Бір нәрсені
істеу үшін Аллаһ тағалаға қандай да бір құрал немесе мүше керек емес.
Мақлұқаттың құдірет-қуаты шектеулі, ал Құдіретті Аллаһ тағаланың қуаты
шектеулі емес. Адам бәрін істей алмайды, кейбірін істесе де бір ісі ауыр, бір ісі
жеңіл келеді. Адам баласына ми, аяқ-қол ӛмір сүру, тіршілік ету үшін берілген,
сондай-ақ адам амалдарды құралсыз істей алмайды. Аллаһ тағала бұл
кемшіліктерден пәк. Оған T бір түйір тозаңды немесе жер шарын жарату бірдей
жеңіл. Ол T не жаратам десе, кірпік қаққандай. 9. ُىْهِعنا Әл-`илм (Бәрін білу) – Аллаһ тағала бәрін білуші. Ол T бәрін біледі және Ол
T білмейтін нәрсе жоқ. Аллаһ тағаланың білімінің басы да, соңы да жоқ, ол
ӛзгермейді, қосылмайды да, кемімейді, ӛйткені Аллаһ тағаланың білімі бәрін
қамтиды.