Химия лабораториясында келесі заттардың үгінділер қоспасы бар: темір, алюминий және магний. Металдардың пайыздық мөлшерін анықтау үшін әрқайсысы 10 грамм болатын үш үлгі алынды. Бірінші үлгі ыстық сумен өңделді. Нәтижесінде 2,8 л (қ.ж.) ауадан жеңіл, түссіз газ бөлінді. Екінші үлгі натрий гидроксидімен өңделді. Нәтижесінде бірінші тәжірибедегідей газ бөлінді, ол газдың көлемі 6,22 л (қ.ж.) болды. Үшінші үлгі күкірт қышқылы ерітіндісінің артық мөлшерімен өңделді. Бөлінген газдың көлемі 9,82 л (қ.ж.) тең болды. Қоспадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыз.
Бұл қоспаның 1 кг физикалық магниттеу арқылы тазартылды, содан кейін магниттелмеген үгінділер газ шығаруды толығымен тоқтатқанға дейін ыстық сумен өңделді. Қалған үгінділер кептірілді.
Қалған металдардан тазартқан кездегі алюминийдің шығымын анықтаңыз. Егер қалған алюминий үгінділерінің массасы 7280,7 г алюминий-калий сульфаты (кристаллогидрат) құрамындағы алюминийдің массасына тең екендігі белгілі болса. Алюминий-калий сульфаты (кристаллогидрат) ағынды және ауыз суды тазартуда коагулянт; сондай-ақ, қопсытқыш (разрыхлитель); тұрақтандырғыш және қышқылдықты реттегіш; зиянсыз шикізат болып саналатын Е522 тағамдық қоспасы ретінде қолданылады.
Зертханада көмірқышқыл газын алу үшін натрий карбонатының ерітіндісі мен сірке қышқылының ерітіндісі қолданылды. Натрий карбонатының ерітіндісін алу үшін оның 62 грамм он молекулалық сулы кристаллогидратын 100 грамм сумен араластырды (100 г судағы сусыз натрий карбонатының ерігіштігі 20ºС температурада 32,5 г тең). Сірке қышқылы сірке эссенциясынан дайындалды = 72,3%. Осы эссенцияның 45 мл (ρ = 1,0691 г/мл) 1 л-ге дейін суда ерітілді (Т=20ºС).
Әрі қарай натрий карбонатының ерітіндісіне сірке қышқылының ерітіндісі құйылып тәжірибе жасалынды. Бөлінген газды концентрациясы Cm = 1 моль/л, көлемі 150 мл тең кальций гидроксидінен өткізілді.
Егер көмірқышқыл газының жартысы ғана реакцияға түскен болса, реакция нәтижесінде кальций карбонатының қандай мөлшері түзіледі. Реакция соңында сірке қышқылының қандай көлемі қалды?
3) Реакциялар тізбегін орындаңыз.
S H2S H2ONaOHAl(OH)3 Al2O3 Al4C3 CH4CO