— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет37/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Контент-жоспар
Өзіңіздің бизнес парақшаңызды ашқан 
болсаңыз, 
«Неден бастаймын?», «Бүгін не 
туралы жазамын?», «Тауарымды қалай сата 
аламын?»
деген сауалдар туындауы әбден мүмкін. 
Ал ол сұрақтардың жауабын табамын дегенше, 
біраз уақытыңызды жоғалтып, нәтижесінде сапасыз 
инстаграм парақша шығады. Сол себепті алдын 
ала жоспар құрып алғаныңыз жөн. Яғни «контент» 
дегеніміз – парақшаны жоспарлы түрде ақпаратпен 
толтыру. Сіздің парақшаңыздағы әдемі фотосурет, 
қызықтыратын видео мен әсерлі мәтін де контент 
болып табылады. Контент-жоспар жасау барысында 
жариялау уақыты, апта күні, уақыты, жазбаның 
тақырыбы, қызықты айдарлар ойластырып, 
жоспарды кесте түрінде 1 айға құрғаныңыз жөн.
Контент-жоспар құру барысында: 
Оқырмандарыңыздың нені қалайтынын 
біліңіз!


 — 90 —
Инстаграм парақшаға пост жүктер алдында 
өзіңіздің аудиторияңыздың кім, жасы қаншада, 
немен айналысады, қандай қызығушылығы бар, 
сіздің парақшадан қандай пайдалы ақпарат білгісі 
келетінін зерттеп көріңіз. Қазіргі кезде парақшада 
оқырмандармен кері байланыс, сауалнама, пікір 
білдіру өте жеңіл. Бұл мүмкіндіктерді де тиімді 
пайдалануыңызға болады. Сіз кім үшін жазып 
отырғаныңызды біліп, кейін қандай тақырыпты 
қозғайтыныңыз, оны сағат нешеде жүктейтініңіз және 
қандай нәтижеге қол жеткізетініңіз де аудиторияға 
байланысты. Оқырмандар сіздің салаңызға 
байланысты қандай ақпараттарды іздейтінін де 
интернет желісінен қосымша қарап шықсаңыз, ол да 
сізге тамаша идея сыйлауы мүмкін. Постқа тауарды 
жарнамалаумен қатар, оқырман назарын аударатын 
пост жариялау үшін жинаған ақпараттарыңыз 
бен жауап берген сауалдарыңыздың нәтижесінде 
олардың қызығушылықтарының тізімін жасаңыз. Бұл 
не жазу керектігін түсіну үшін қажет. Оқырмандарды 
күнделікті посттармен жалықтырып алмас үшін 
түрлі марафон, акция, жеңілдіктер, байқау, эстафета 
ұйымдастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет