— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет51/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

БЖТ кім төлейді?
ҚР Салық кодексінің 24-бөлімінің 774-бабына 
сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік 
қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар БЖТ 


 — 121 —
төлеушілері болып танылады, олар бір мезгілде 
мынадай шарттарға сәйкес келу қажет:
1. бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін 
пайдаланбайды;
3. акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық 
агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға 
ғана қызмет көрсетеді немесе салық агенттері 
болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана 
акцизделетін өнімді қоспағанда, өз өндірісінің 
жеке қосалқы шаруашылығының ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өткізеді.
Сонымен қатар, БЖТ төлеушілері табысының 
мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.
БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?
БЖТ-ді табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу 
қажет. Сондай-ақ келесі айларға алғытөлем (аванс) 
төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің 
кассаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінде 
төлеуге болады. Ол үшін өзіңіздің жеке куәлігіңізді 
көрсетіп, «183» 
ТТК (төлемдерді тағайындау 
кодтары)
бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (коммерциялық 
емес акционерлік қоғам) банктік шотына төлем 
жүргізу қажет.
Егер жоғарыда аталған БЖТ талаптарының біріне 
сәйкес келмесеңіз, онда заңды түрде кәсіп жүргізу 


 — 122 —
үшін сізге ДК ретінде тіркелу керек. ДК тіркеудің 
төмендегідей 2 жолы бар:
1. 
Жеке куәлігіңізді алып, ДК мекен жайы ретінде 
тіркегіңіз келетін ауданның салық басқармасына 
барып, жазбаша түрде салық өтінішін 
қалдырасыз. Бұл жерде мына нәрсені ескере 
кету керек, ДК тек сіздің өзіңіздің тұрғылықты 
мекен жайыңыз бойынша тіркеуге міндетті 
емессіз. Мысалы, сіз дүкенді жалға алып істегіңіз 
келсе, сол дүкен орналасқан ауданның салық
басқармасына барасыз.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет