— 130 —
Енді осы салық есептілігі қалай толтырылады,
қалай есептеледі?
«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат»
бөлімінде салық
төлеуші мынадай деректерді
көрсетеді:
1) салық төлеушінің
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі - ЖСН)
;
2)
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған
кезде) немесе атауы.
Салық есептілігін электронды түрде тапсыратын
болсаңыз, ЭЦҚ арқылы салық төлеуші кабинетіне
кірген кезде жоғарыдағы жолдар автоматты түрде
толтырылып тұрады.
3) салық есептілігі (есеп)
табыс етілетін салық ке-
зеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) Есеп түрі. Бұл торкөзде салық есептілігін
бірінші рет тапсырып отырған болсаңыз «бастапқы»
одан кейінгі есептіліктер «кезекті» толықтырулар
мен түзетулер енгізу мақсатында болса «қосымша»,
ал егер салық басқармаларынан
келген хабарламаға
жауап ретінде тапсырылып отырған салық есептілігі
болса «хабарлама бойынша қосымша» деген түрі
белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күні. Бұл торкөз
есептіліктің төртінші түрі
болған кезде ғана толты-
рылады;
6) салық төлеушінің бөлек санаттары.
Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В, C немесе
D торкөздерінде көрсетілген
санаттардың біріне
жатқан жағдайда белгіленеді;