— 115 —
керек. Сәйкесінше контентіңізді жақсартып,
парақшаңызды одан да қызықты қыла түсуіңіз
керек.
Сіз білмейтін инстаграмның сан түрлі құпияларын айта кеттім.
Жай ғана әлеуметтік желіде отырып уақыт кетірмей, қайта тап сол
қолыңыздағы телефон арқылы табыс табуға итермелейтін қанша
мысалдарды көрдіңіз. Алайда оны жүзеге асырып, әрекетке-берекет
қылып тірлік жасау өз еркіңізде!
— 118 —
Дара кәсіпкерлік және Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті тіркеу, қызметін
тоқтату мен салық есептіліктерін тапсыру.
Халық арасында ИП (индивидуальный
предприниматель) деп кең тараған бұл термин қазақ
тілінде дара кәсіпкер деп аталады. Салық Кодексінде,
Кәсіпкерлік Кодексте де дәл осылай жазылған.
Сондықтан осы бөлімде де дара кәсіпкер (ДК) деп
қолдануды құп көрдік.
Кітаптың бастапқы бөлімінде кәсіп ашуға шабыт
сыйлауға тырысып, сосын сол кәсіптің түрлерімен
таныстырып, жаңа бизнестің бағыттарын анықтап,
ендігі «кәсіпкер» боламын деп бел буған жандар үшін
осы бөлімде дара кәсіпкерлік
және Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті тіркеу, қызметін тоқтату мен
салық есептіліктерін тапсыру және т.б сұрақтарға
толыққанды жауап беретін боламын.
Дара кәсіпкерлік
туралы ашып айтпас бұрын,
жалпы «кәсіпкерлік» дегенді қалай түсінеміз? Әуелі
осыған тоқталып, тақырыпты тарқатып алғанымыз
жөн. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік
Кодексінің 2-бабында келесідей анықтама берілген:
«Азаматтардың,
оралмандардың және заңды
тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру,