— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет58/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
 — 143 —
В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент 
емес салық төлеушісі белгілейді.
2. «Салықтарды есептеу» деген бөлімде:
1) 910.00.001 жолында кіріс сомасы көрсетіледі.
А жолында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 
кезінде алынған табыс көрсетіледі. Сонымен қоса, I 
жолында үш құрамдасты интеграцияланған жүйені 
қолданғанда түскен табыс белгіленеді.
В жолында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 
кезінде алынған табыс көрсетіледі. Сонымен қоса, I 
жолында үш құрамдасты интеграцияланған жүйені 
қолданғанда түскен табыс белгіленеді;
2) 910.00.002 жолында «Транс-
ферттік баға белгілеу туралы» 
2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының 
Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу тура-
лы Заң) сәйкес айқындалатын табыс көрсетіледі
3) 910.00.003 жолында: 
(А+В+С+D+E+F) / 6 ай формуласы бойынша ай-
қындалатын салық кезеңі үшін қызметкерлердің ор-
таша тізімдік саны көрсетіледі, мұнда А+В+С+D+E+F 
– салық кезеңінің әрбір айы үшін қызметкерлердің 
саны;
910.00.003 А жолында қызметкерлердің, зейнет-
керлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі, 910.00.003 
В жолында қызметкерлердің, мүгедектердің орташа 
тізімдік саны көрсетіледі.
Егер қызметкерлердің тізімі бойынша орташа 
саны 0,5-тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, 
онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге 
жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге 


 — 144 —
жатпайды;
Егер сізде жұмысшы жоқ болса, бұл жолдар 
толтырылмайды.
4) 910.00.004 жолында салық кезеңі үшін бір 
қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;
5) 910.00.005 жолында: 910.00.001 х 3% форму-
ласы бойынша айқындалатын, салықтардың сомасы 
көрсетіледі;
6) 910.00.006 жолында 910.00.005 (табыстан 
есептелген салықтардың сомасы х 910.00.003 
(қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5% 
(түзету пайызы) формуласы бойынша айқындалатын
Салық кодексінің 687-бабының 2-тармағына сәйкес 
салықтардың түзетілген сомасы көрсетіледі. 
Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы 
бойынша бір қызметкердің орташа айлық 
есептік көрсеткіш Салық кодексінің 687-
бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде 
кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 
29 еселенген мөлшерін құраған жағдайда 
толтырылады;
Мысалы: 
2019 жылдың 2 – жарты жылдығы бойынша та-
быс 2 000 000 тенге 
Салық сомасы 60 000 тенге (2 000 000 х 3%)
1 жұмысшының айлығы 70 000 тенге (23 АЕК-тен 
көп) 
Жалпы 3 жұмысшысы бар 70 000 теңгеден 
айлық алатын
1,5% х 3 жұмысшы = 4,5% 
Түзету сомасы 2 700 тенге ( 60 000 х 4,5%) , яғни 
салықты 2700 теңгеге азайтуға құқылысыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет