— 194 —
KFC жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы
(Кентукки Фрид Чикен – Кентукки штатында
жасалған тауықтар). Жалпы алғанда, қырық жасына
дейін ол өз өмірін тамақ пісіру немесе мейрамхана
бизнесімен байланыстырмаған екен. Ол әскери
қызметші, сақтандыру агенті, теміржолдағы өрт
сөндіруші, фермер болып жұмыс жасаған. Бірақ
ол қырық жастан асқанда ғана өзінің аспаздық
талантын жетілдере бастайды. Сандерс магистральда
орналасқан ғимараттан көлік жөндеу орталығы мен
кішкентай асхана ашады. Сол жерде тауықтарды
қысыммен қуырудың «құпия рецептін» ойлап тауып,
жетілдіреді. Соның арқасында 11 дәмдеуіш қосылған
тауықтар 15 минутта дайын бола бастайды. Ол өзінің
алғашқы жеке мейрамханасын 47 жасында ғана
ашты. Гарланд Сандерс 62 жаста болғанда франшиза
келісімін жасаған. Осылайша Сандерс 70 жасқа
келгенде ғана миллионер атанған. Қазіргі таңда
әлемнің 134 мемлекетінде 15 мыңға жуық КFS жылдам
тамақтану орындары бар. Сандерс ешқашан кәсіп
ашу кеш еместігінің бір ғажайып үлгісі десек болады.
Достарыңызбен бөлісу: