§ 1 «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері «Орталық Азия»



бет21/26
Дата22.12.2023
өлшемі160,58 Kb.
#142646
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
§ 1 «Орталық Азия»-emirsaba.org

Жәдидизм - XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресей империясындағы мұсылмандар арасындағы қоғамдық-саяси,ағартушылық, реформашылық қозғалыс.
1.Жәдид сөзі араб тілінен «Жаңа» деген мағынаны білдіреді.
2.ХХ ғасыр басында пайда болған жаңа үлгідегі мұсылман мектептерін атады? «Жаңа әдісті мектептер»
3.XIX ғасырдың соңынан бастап жәдидтер халыққа білім беру мен мәдени, экономикалық және әлеуметтік салалардағы артта қалушылықты жою, ұлттық капиталды дамыту, әйелдердің теңқұқықтығы үшін күресті. Саяси жағынан жәдидтер конституциялық-парламенттік құрылысты жақтады.
4.Қырым татарларының қоғамдық қайраткері және публицист, жәдидшілдіктің негізін қалаған тұлға? Исмаил Гаспринский
5.1883 жылдан бастап шыққан бірінші түркітілдес газет? Терджиман (Аудармашы)
6.Исмаил Гаспринский либералдық көзқарастарды ұстанды, қоғам прогресін, әртүрлі дін адамдарының арасындағы конфессиялық бейбітшілікті жақтады.
7.Панисламизммен қатар ислам әлеміндегі панэтникалық қозғалыстардың бірі? Пантүркизм
8.Түркі халықтарын мәдени және саяси біріктіруге бағытталған идеология және қоғамдық-саяси қозғалыс? Пантүркизм
9. Пантүркизм идеясы 1917-1918 жылдарды негізі болды? Түркістан автономиясының
10.Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларына айналды? Жәдидтер
11. Орынбордағы жәдидтік оқу орны? «Хусаиния»
12. Уфада «Ғалия» медресесі ал, Жетісуда? «Мамания»
13.Қазақ жәдидтері заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалады, прозада 1910 жылы жарық көрген М.Дулатовтың романы? «Бақытсыз Жамал»
14. 1913 жылы жарық көрген С.Көбеевтің романы? «Қалың мал»
15.Қазақ жәдидтерінің 1907 жылдан 1917 жылға дейінгі кезеңде ұлттық сананы өсіруге бағытталған 1911 жылдан бастап Троицкіде жарық көрген журнал? «Айқап»
16. «Айқап» журналының редакторы, идеялық жетекшісі? Мұхамеджан Сералин
17.1913-1918 жылы Орынбор мен Торғайда А.Байтұрсынұлының редакциясымен Ә.Бөкейхан мен М.Дулатовтардың белсенді қатысуымен шыққан газет? «Қазақ»
18.1917 жылы «Алаш» партиясының ресми органына айналған газет? «Қазақ»
19.Мәтін: «Ол сол тұстағы қазақ зиялы қауымының арасындағы ең белгілі батысшылы, басқа да қазақ ағартушылары сияқты еуропалық білім алған. 1905-1907 жылдардағы революция кезеңінде Ресейдің саяси өміріне белсене қатысып, 1905 жылы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясына (кадеттер партиясына) кірді. Ол болашақ демократиялық Ресей құрамындағы қазақ автономиясын жақтады. Барлық жәдидтер сияқты патшалық құрылыс, монархия қазақтардың ұлт азаттығына тосқауыл болды дей отырып, Ақпан революциясын қуанышпен қарсы алды. Ол Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары да болды. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының, кейін «Алаш» партиясының саяси бағдарламасын жасап, бүкілқазақтық съездерді өз басшылығымен өткізді.1917 жылы желтоқсанда «Алаш» партиясын құрып, Алашорда автономиясын жариялады», мәтінде сипатталған ұлт көсемін атаңыз? Ә.Бөкейханов
20.1911 жылы «Қазақтар елінің жарғысы» атты құжат жобасын әзірлеген шығыстанушы, публицист? Барлыбек Сыртанов
21.Ә.Бөкейханның автономиялық бағдарламасынан айырмашылығы Б.Сыртановтың Жарғысы Қазақстанның Ресей құрамынан шығуын және тәуелсіз Қазақ Республикасын құруды көздеді. Жарғының негізгі идеясы Қазақстанның саяси тәуелсіздікке автономия ретінде емес, Ресей империясының доминионы ретінде ие болуы еді.
Жарғы баптарының бірінде тәуелсіз Қазақстанда биліктің үш дербес тармағы:
  • Заң шығарушылық


  • Атқарушылық


  • Сот билігі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет