Байланысты: § 1-60 «Орталық Азия»- Қаз тарих тсест 10 сынып
§33, 34 XIII-XV ғғ. мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи үдерістерге әсері
1.1237-1242 жылдары Батыс қыпшақтарға, Бұлғар мен Руське қарсы екі жорық жасады? Бату 2.Жошы ұлысының аумағы - Еділ бойы, Солтүстік Кавказды, оңтүстік орыс қалалары, Қара теңіз жағалаулары, Қырым, Дунай өзенімен Венгрия мен Трансильванияның бір бөлігін қамтыды.
3.1245 жылы IV Иннокентий папа Алтын Ордаға жіберген франциск монахы? Плано Карпини 4.Төртінші крест жорығынан кейін Византия империясының екі бөлігі? Никея, Трапезунт 5.Хулагу хан Бағдатты басып алып, Аббастар халифатын күйретті? 1258 жылы 6.Алтын Орда ханы Беркенің исламды қабылдауы осы екі мемлекеттің арасын жақындатты? Египет пен Алтын Орда 7.Алтын Орда мен Мысыр арасындағы қатынастарда салқындық басталған уақыт?1320 ж. 8.Моңғолдардың орыстармен алғашқы 1223 жылы қақтығысы өтті? Қалқа өзені 9.1240 жылы Алтын Орда тарапынан Солтүстік-Шығыс Руське бірде-бір жорық жасалмауы Александр Невскийдің күш-жігері бекер кетпегенін көрсетеді. Русьтің моңғолдарға вассалдық тәуелділігі оларды алым-салық төлеуге мәжбүрледі. Екі жүз жыл бойы орыс-орда қатынастарының негізгі сипаты болды.
10.Салықтардың жиналуын бақылайтын лауазым? Басқақ. Орыс халқы басқақтық жүйеге қарсы шықты.Нәтижесінде XIV ғасырдың басында орыс князьдері салықты өздері жинай бастады.
11. Алтын Орданың Руське көзқарасы неғұрлым қатал бола түсті? Өзбек хан тұсында 12.1380 жылы Куликово даласында Д.Донскойдың әскерінен жеңілген Алтын Орда қолбасшысы? Мамай 13.Алтын Орданың ыдырауын тездеткен оқиға болды? 1395 жылы Тоқтамыстың жеңілісі 14.Русьтің Алтын Ордаға тәуелділігі тоқтады? 1480 жылы ғана Угра өзеніндегі шайқастан кейін §35. Қазақ хандығының құрылуы – тарихи үдерістердің заңды нәтижесі 1.Жошы ұлысының Шығыс бөлігі аталды? Ақ Орда
2.Батыс Қазақстанды билеген Батудың кіші інісі? Шайбан
3.XІV ғасырдың 2 жартысында Алтын Ордадағы билікті басып алып, ұлыс аталды? Көк Орда 4.Ақ Орда жерін күшейтіп Жошы әулетінің сол қанатына тиесілі жерлерді біріктіріп, Сырдария бойындағы Сығанақты қайтарған билеуші? Орыс хан 5.1375-1376 жылдары Сарайды, Қажы тархан мен Сарайшықты басып алып, өз атынан теңге шығарған Ақ Орда ханы? Орыс хан 6.Орыс хан қайтыс болған соң бүкіл Жошы ұлысын өз қоластына біріктірді? Тоқтамыс 7.Шығыс Дешті Қыпшақты 5-6 жыл қоластында ұстаған Ақ Орда билеушісі? Барақ 8.1428 жылы Ақ Орда билігі көшті? Шайбан ұрпағы Әбілхайырға 9.Шайбан ұрпағы Әбілхайыр билікке келді 17 жасында.
10.Тарихи деректерде «Өзбек ұлысы», «Көшпелі өзбектер мемлекет», «Шайбани ұлысы» деп аталған мемлекет? Әбілхайыр хандығы 11.1456-1457 жж. ойрат тайпасынан жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр кетуге мәжбүр болған аймақ? Дешті Қыпшақ 12.1468 жылы Әбілхайыр ханның қаза табуы мен Қазақ хандығының құрылуымен шайбанилердің билік жүргізуі тоқтаған аймақ? Шығыс Дешті Қыпшақ 13. XІV ғасыр ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет? Моғолстан 14.Қазіргі Жетісу, Қырғызстан мен Шығыс Түркістан (Қашқар) аумағы енген ортағасырлық мемлекет? Моғолстан 15.Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы? Дулат тайпасы 16.1347 жылы Моғолстан тағына отырды? Шағатайлық Тоғлық Темір 17.1370-1380 жылдары Моғолстан мемлекетіне жорықтар жасады? Әмір Темір
18.1452-1457 жылдары Моғолстан мен Сырдария бойындағы қалаларға шапқыншылық жасады? Ойрат тайпасы
18.1462 жылы Моғолстан бөлінді? Шығыс және Батыс Моғолстанға 19.Қазақ тайпаларын бір мемлекетке біріктіруді қолға алған Орыс ханның ұрпақтары? Керей мен Жәнібек 20.1450 жылдардың соңында Керей мен Жәнібек қол астындағы халықпен бірге көшті? Батыс Жетісуға 21.Қазақ мемлекетінің негізін қалады? Ақ Орда тайпалары