Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің И. П. Павлов кызу қанды, іскер адам деп сипаттайды. Бірақ ылги қызыкты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болада. Мұңдай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді,
Саигвиникке кимыл-қозғалыста белсенділік, өмір жағдайның өзгеруіне жсңіл бейімделушілік тән. Ол адамдармсн тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатыркамайды. Коллектив ішіпде сангвиник квцілді, ақ жарқың, іске бар ықласымен кірісетін, әуеской адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске заукы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі көп, төзімділікпен ерінбегі-
жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суыньіп калады.
Флегматик темпераменті. Павловтың сипаттауынша бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбеккор адам. Нерв процестерінің тепе-тендігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдайда болмасын бір калыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Флогматик салмақты адам, ол күшін боска сарп етпейді, бастаған істі аяғыңа жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді, жұртпен қарым-қатысы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селкостық флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, камдануға біраз уақыт қажет. Сел-қостық оның стереотиптеріңің оралымсыздығынан мінез-кұлкының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе коймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездік тұрақтылы көрсетеді, істі аспай-саспай, тыңғылыкты аяқтауға мүмкіндік береді. Флосматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге, сабырлылықнен әрекет етуге төзімді болады.