Қанды гемодақылға себу
Зәрді уринодақылға себу
Нәжісті копродақылға себу
Өтті билиодақылға себу
Сүйек кемігінің пунктатын миелодақылға себу
36 жастағы ер адам, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді, бас айналуына, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, көп рет ішінің өтуіне шағымданады. Екі күн бойы ауырып жатыр. Одан бір күн бұрын грильде піскен тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм с.б. Пульсі – 95 рет/мин. Іші жұмсақ, кіндік айналасында ауырады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, нашар иісті, жасыл түсті. Зәрі жоқ. Қандай дәріні алдымен тағайындау керек?
диуретиктер
адсорбенттер
антибиотиктер
тұзды ерітінділер+
глюкокортикостероид
44 жастағы ер адам терапевтке ауызының құрғауына, көзінің нашар көруіне, көз қабақтырының ауырлығына шағымданып келген. Кеше тойда болып көп ішімдік ішкен, әртүрлі тағам, тұздалған қияр, қызанақ, саңырауқұлақтар жеген. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз, страбизм байқалады. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсең. Пульсі - 118 рет/мин., ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы әлсіз. Қандай диагноз ықтимал?
Ботулизм +
Саңырауқұлақтармен улану
Гильен-Барре Синдромы
Жедел алкогольдік интоксикация
25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, көп рет құсуға жәні ішінің өтуіне, шөлдеуге шағымданады. Кеше Үндістаннан келген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз. Жүрек тондары бәсеңдеген,пулсі - 105 рет/мин. ҚҚ – 80/60 мм с.б.,дауысы сырылдаған. Іші қабысқан, ауырмайды. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» тәрізді, иісі жоқ. Диагнозды дәледдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
Нәжісті себу
Зәрді себу
Қанды себу
Өтті себу
Нәжісті, қанды, зәрді, өтті себу
25 жастағы әйел қабылдау бөліміне келген, дене қызуының жоғарылауына, антибиотик қабылдағаннан кейін бөртпенің пайда болуына шағымданады. Бес күн бойы ауырады. Күніне 2-3 рет іші өткен. Шикі көкөністерден жасалған салаттарды жиі қабылдайды. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,50С. Аңқасы таза. Мойын аймағындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндер улкейген. Денесінде, қол-аяқтарында ұсақ дақты бөртпе анықталады. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырады. Ішінің құрылдауы байқалады. Бауыры 1,0 см. Қандай диагноз ықтимал?
қызылша
қызамық
Достарыңызбен бөлісу: |