Қ-71 Қуантаев Н



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘңгімЕлЕр
АБЫЛАЙ

162
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
1.
ына  күннің  азынауын-ай!..  – 
деп кірді Советхан өзімен бірге 
даладан  ере  келген  бір  құшақ 
суықты  сау  еткізіп  босағадан 
өткізе 
беріп. 
Қонышы 
қайырылған,  мұз  қатқан  сары 
пимасын бір-біріне қаққыштап 
жатып, төргі үйден бері қарай 
сығалаған,  жүзінде  бұл  кім 
деген  әуестік  табы  бар  бес-
алты жасар ұлға: «әй, ұл, қалың 
қалай-ей, ассалау қайда?» деді 
көңілді, көтеріңкі үнмен. Қолы 
сия-сия  баланың  сонда  ғана 
есіне  түссе  керек,  қолындағы 
қаламсабын  тастай  салып, 
босағадан  бері  озып,  сырт 
киімін  шешіп  жатқан,  ортадан 
төмен бойы бар, жалпақ бетті, 
қоңқақтау мұрынды қара кісіге 
«салумаликім!»  деп  қос  қолдап 
сәлем  берді.  «Уай,  маладес, 
міне,  жігіт!»  деді  анау  еңкейіп 
сүйкімді  кішкентай  ұлдың  – 
Әсеттің – бетінен сүйіп жатып. 
Аузынан  ащы  судың  иісі  бұрқ 
БӘТІңКЕ

163
ҚАРАӨЗЕК
ете қалса керек, бала бетін тыржитты. Оған мән берген 
Советхан жоқ.
– Иә, ден сау, мал-жан аман ба? – деп даңғырлап ас 
үйде ертеңгі шайын ішіп отырған Әсеттің әке-шешесіне 
– Жұбандық пен Гүлсімге амандаса кірді.
– Жақсы, жақсы, кел, төрге шық, – деді Гүлсім қонағын 
төрге шығармаққа орынынан қалбалақтай тұрып жатып.
–  Ептеп.  Өзіңнің  үй-ішің  аман  ба,  таң  атпай  мына 
қыстың көзі қырауда не жүріс? – деді Жұбандық жасы 
кішірек,  өзіне  ілік-шатысы  бар  алыс  ағайын  болып 
келетін Советханның сәлемін алған соң.
–  Уай,  сол  өкіметтің  жұмысы  баяғы,  –  деді  төрге 
шығып жайғасқан соң Советхан. – Інің ушетшик болғалы, 
Жұбандық,  үйде  отырмайтын  болды  ғой,  –  деді  содан 
соң алдына келген ыстық шайды қолына алып. – Бірінші 
пермеден  ана  жолы  жүз  центнер  шөп  сұратқамыз 
Бікібайдағы  малға  деп.  Соның  жұмысымен  кетіп  бара 
жатқаным  ғой  ақ  қар,  көк  мұзда.  Сосын  өздеріңнің 
амандықтарыңды білейін деп бұрылған бетім осы.
Жылынып,  көңілін  бір  демдеп,  жайланған  соң 
Советхан  ежелден  адамның  ыңғайын  тапқыш,  еркін 
мінезіне  салып,  әуелі  Гүлсім  жеңгесінің  көңілінен 
шығайын  деді  ме,  әңгімесін  айтып  отырып,  «жеңгей, 
со  жолғы  жапқан  тоқашың-ай!»,  «со  жолғы  тұздалған 
қиярыңның  дәмі  ауыздан  кетпейді!»  деп  қояды  ара-
арасында.  Жылы  жерге  кірген  соң  ба,  аяз  сорған  жүзі 
қызылкүреңденіп, сәл қоңқақ мұрнының үсті быртиып, 
қошқыл тарта бастады.
Жұбандықтың  көп  сөйлемейтін,  біртоға  мінезін 
білетін  ол  үнсіз  қалмай,  совхоздың  малының  ысқырып 
тұрған биылғы қыстан күйлі шығуы-шықпауын, қияндағы 
қыстаулардың  шаруасының  жай-күйін  сөз  қылып  біраз 
отырды.  «Өзіңе,  қолдағы  малға  бір  он  центнер  шөп 
түсіріп  берейін»  деді  бір  уақытта  ыстық  шайын  бір 
ұрттап қойып. Жұбандық екеуінің алыс та болса, туыс-
жегжат  екенін,  қазір  ағайын-туыссыз  күн  көру  қиын 
екенін, құдайға шүкір, учетчик болғалы біреуден ілгері, 
біреуден  кейін,  әйтеуір  көштен  қалмай,  тіршілік  етіп 
жатқанын,  ағайынның  біріне-бірі  қарасып  тұрғанына 
ештеңе жетпейтінін айтып, біраз жерге барды.
БӘТІҢКЕ

164
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Жеңгей,  –  деген  содан  соң  көзі  қаймыжықтанып, 
ара жігінен ши өтетін сары тісін көрсете ыржиып. – А, 
жеңгей... бір жүз грамың болса, сеп болатын еді мына 
жаман қайныңа... Сонау бірінші пермеге жеткенше қай 
заман. Өкіметтің малы деп жүріп үсіп қалмайық дегенім 
ғой...
Жұбандық  үндемеді.  Советханның  сырын  білетін 
Гүлсім  еріксіз  күліп  жіберді,  оны  пайдаланып  анау  да 
күлімдеп, бастырмалатып қояр емес: «пай, пай, жеңгей, 
осы көңілің-ай, көңілің!..».
Абыр-дабыр  дауыс  пен  күлкіге  елеңдеді  ме,  бір 
қолында  сурет  салатын  дәптері,  бір  қолында  шарикті 
қаламсабы бар Әсет асүйге кіріп, үстелдің басына келіп 
отырды. Шешесі оған шай құйып жатқанда Советхан: «Е, 
міне, азамат бопты Әсет те. Мынауың не? Сурет дейсің 
бе? Кәне, әкел, көрейін» деп кішкентай ұлдың дәптерін 
алып, қолына түкіріп қойып, бетін ақтарыстырып қарай 
бастады.
–  Пәлі!  Мына  ұл  дайын  тұрған  құдожник  қой,  а?.. 
Жұбандық,  жеңгей!..  Мынасы  кәдуескі  сүгірет  қой,  – 
деді баланың өнеріне қайран қалып.
– Е, осы бала сурет салғанды жақсы көреді өзі. Қолы 
сия-сия  болып  күн  ұзақ  тұқшыңдап  жатқаны,  –  деді 
Гүлсім ұлының басынан сипап.
–  Бұнысы  бер  жағы.  Тағы  бір  дәптері  бар,  әкеп 
көрсетші ағаңа, Әсетжан, – деді Жұбандық ұлына. – Көк 
сиямен  салып  жүр,  біздің  дүкенде  жоқ,  қаладан  бояу 
қарындаш алдыру керек еді. Бір ыңғайы келмей жүр, – 
деді ұлы құлдыраңдап төр үйге жүгіріп кеткенде.
– Ал, Жұбандық, жеңгей, мына Әсетжан болайын деп 
тұр екен. Таланты бар бала бір жерден жарып шығады, 
тек  қана  тіл-көзден  сақтасын...  Осының  азамат  болуы 
үшін,  –  деп  «айтқаның  келсіннің»  астында,  Гүлсімнің 
әкелген, Жұбандықтың құйған қырлы стақандағы арағын 
басына көтере аузына құя салды Советхан.
Әсеттің  суретке  толы  екінші  альбомын  ақтарып 
отырып,  тағы  да  біраз  қошемет,  мақтау  сөз  айтты. 
«Бояу  қарындашты  қалаға  барып  жүрген  Вася  досыма 
тапсырып,  өзім  алдыртам»  деді.  «Бір  тоқтыны  атадым 

165
ҚАРАӨЗЕК
Әсетке,  құдай  бұйыртса,  мектепке  барған  тойына 
әкелем» деді.
Сүт  пісірімнен  кейін  бірінші  пермеден  Бікібайдағы 
қыстауда жатқан малына жүз елу центнер шөп жаздырып 
алса,  ыңғайы  келсе,  он  центнерін  осы  үйге  түсіріп 
кетпек  болып,  Советхан  «жол  ұзақ...  трактырдың  майы 
қатып  қалар...  шаруа  күтіп  тұр»  деп  қайтуға  жиналды. 
Шолақ  тонын  тез  іле  салып  босағада  қалқиып  тұрған 
сары пимасын киіп жатып, есіне түсті ме, әлде Әсеттің 
өнеріне  риза  болғаны  ма,  жан  қалтасына  қол  салып, 
әлденені  суырып  алды.  Басы  алтын  түсті,  әдемі,  жуан 
қаламсап екен.
–  Әсет-ей!  –  деп  әлгінде  төр  үйге  еніп  кеткен 
баланы шақырып алды. – Мына алтын қаламсапты саған 
сыйладым, үлкен құдожник бол.
Көзі жайнап, ұмсына жеткен балаға «тұра тұр!» деген 
сонан соң. «Қазір» деп, автоқаламды сипады ма, үрледі 
ме, теріс қарап сәл тұрды да, бері бұрылып:
– Айтпақшы, әлгі өзіңнің қаламыңды бер маған. Мен 
өзім жаза алмай қалам ғой әйтпесе. Ушетшікке де рушкі 
керек, – деді.
Әсеттің кәдімгі, қарапайым қаламын алып, «ал жақсы» 
деп  Советхан  да  жөнелді,  Әсет  те  ағасына  айырбас 
жасаған  алтын  түсті  қаламмен  сурет  салмаққа  кірісіп 
кетті. Көп бөгелген жоқ, біраздан соң ас үйде ыдыс-аяқ 
жуып  жатқан  шешесі  мен  газет  қарауға  ыңғайланған 
әкесіне келіп:
–  Әке-ау,  мына  қалам  дұрыс  бұралмайды  ғой, 
қарашы, – деді.
Жұбандық  «алтын  қаламды»  алып  ары  бір,  бері  бір 
қарады да:
–  Үй,  мынауың  сынық  қой,  резвісі  кеткен,  қалай 
бұралсын. Саудасы бітіпті ғой, – деді.
Гүлсім  де  не  болып  қалды  дегендей  қаламды  ұстап, 
үңіліп қарады да, ерінін шығарып, басын шайқады.
– Алдап кетті ме мені Советхан аға? – деді Әсет әке-
шешесіне кезек-кезек қарап, көңілі әлі сенбей.
Үнсіздікті Жұбандықтың даусы бұзды:
– Өзің жөндеп... адам құсап, былай, қарап алмайсың 
ба айырбас жасаған соң, – деп зілсіз зекіді ұлына орнынан 
тұрып дәлізге беттеп бара жатып. Бірақ балаға орынсыз 
БӘТІҢКЕ

166
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ұрысқанына ыңғайсызданды ма, әлде Советханның мына 
қылығына  деген  реніш  енді  ғана  бұрқ  ете  қалды  ма, 
бидай  өңі  қызарып,  күпәйкесін  үстіне  асығыс  жамыла 
сала, сыртқа шығып кетті.
2.
Әсеттің қара көзі жәудіреп, оймақ аузы ашылып, не 
істерін білмей, аңырып қалған жаңағы тұрысы көз алдына 
келіп, Жұбандықтың жүрек тұсы шым ете қалғаны. Кеше 
күні бойы жапалақтап жауып, қас қарая әрең басылып, 
тізеден  түскен  қалың  қарды  күреп  тастамақ  болып 
қораға бет алғанда есіне түсті. Бала кезі. Бала кезіндегі 
бір оқиға.
Соғыстан  кейінгі  уақыт.  Елуінші  жылдардың  басы 
еді. Қатты кез, таршылық заман. Ел іші жүдеу. Өзі іште 
жатқанда кеткен әке соғыстан қайтпаған. Үміт кесілмеген 
сияқты: қара қағаз келмеген еді. Әйтсе де, қырық жылғы 
қырғын  соғыстың  біткеніне  қанша  жыл  өтті,  хабар-
ошарсыз кетті деген бірді-екілі азаматтың табылып, елге 
оралғанына  да  біраз  болды.  Әкеден  хабар  жоқ.  Бірақ 
Жұбандық үміт үзбейтін еді. Шеше – таң бозынан қара 
кешке  дейін  қалқоздың  сиырын  сауып,  шөбін  шауып, 
отынын тасып, бір тыным таппайтын қайран шеше – мұны 
аурушаң  әжесінің  қарауына  қалдырып,  өзі  жұмысқа 
кетуші еді. Таңғы тәтті ұйқының құшағында жатқанында 
бір  иіскеп,  іңір  қараңғысында  ауыр  жұмыстан  қажып 
келгенде,  мұның  күнұзаққы  ойыннан  шаршап,  ұйқыға 
бас қойғанында бір иіскеп кетеді екен.
Әрине, оны кейін білетін болады Жұбандық.
Мектеп  үйі  көрші  ауылда  болып,  жету  қиын  болған 
соң,  ең  бастысы  –  аяққа  сұғар  киім,  үске  жабар  лыпа 
табылмай,  Жұбандық  он  жасына  дейін  оқуға  бара 
алмады.  Бала  ғой,  оған  аса  қайғыра  қойған  жоқ. 
Әйтсе  де,  бір  аяқ  киімнің  зары  жаман  өтіп  еді.  Ойын 
ойнау  қайда,  далаға  дәрет  алуға  шыға  алмай,  қамалып 
отырар еді тар үйде. Сол жылы табаны күс-күс болып, 
баяғыша ала жаздай ойын соңында жүре беруші ме еді, 
нағашысы  –  бұл  кезде  отау  иесі  азамат  болған,  соған 

167
ҚАРАӨЗЕК
орай  үйдегі  шиттей  іні-қарындасын  жеткізу  қамымен, 
мектепті  тастап,  қалқоздың  ауыр  жұмысына  жегілген 
он  бес  жасар  Алдоңғар  нағашысы  –  «сен,  Жұбандық 
ойынды  қой»  деген.  «Жігіт  болдың.  Мектепке  баруың 
керек. Құр жүргенше тышқан, күзен аула. Терісін жиып, 
күзде  Бөкендегі  ләпкеге  апарып  айырбастап,  өзіңе 
аяқкиім аласың» деген. Өзі мұны ертіп, екі-үш күн жүріп, 
сұр тышқан мен сасық күзенге, қосаяқ пен саршұнаққа 
қақпан  мен  торды  қалай  құру  керегін  көрсетіп  берді. 
Жұбандыққа  әсіресе  ін  аузына  шелектеп  су  қүйып, 
біраздан соң құр-р еткен дыбыс шыққаннан кейін аузы 
ырсиып, үсті су болып атып шыққан саршұнақты қайың 
таяқпен бастан ұрып құлататын ойын ұнады.
Жаңа  ермек  табылды.  Сәскеде  әжесінің  қуырып 
берген  бір  уыс  бидайын  ыстық  сумен  соғып  алған  соң 
Жұбандық  тышқан  аулауға  кетеді.  Ұйыса  біткен  қалың 
қарағанның  түбін,  ойпаңда  сығылыса,  жарыса  өскен, 
атты  кісінің  бойындай,  биік  шилердің  арасын  қарап, 
жоғалып кетуші еді. Күн бесіннен ауғанда шөлдеп, өзегі 
талып әрең оралады. Қызық еді тышқан аулау.
Түгі тықырайған күзен терісі, жүні жетілмеген қосаяқ 
терісі  аз-аздап  болса  да,  жинала  бастады.  Әжесі  мен 
шешесі  әуелде  таңырқаған,  кейін  үндемеді.  Шешесі 
күрсінді, әжесі көзіне жас алды.
Әрине, мұны кейін білетін болады Жұбандық.
Бір күні түс әлетінде іргедегі өзенге бес-алты жасар 
жалаңбұттармен  бірге  суға  түсіп-түсіп,  беті  жарылып, 
басынан  күн  өтіп,  шаршап  келіп,  үйде  жатқан  кезде 
біреу сырттан айқай салмасын ба:
– Уа, қайсың бар үйде?! – деп.
Жұбандық асыға-үсіге атып шықты далаға.
Бауыры терлеген, есік пен төрдей торы аттың үстінде 
сорайған жағын түк басқан, суық өңді бір кісі отыр. Не 
дерін білмей аңырып қалған Жұбандыққа:
– Әй, бала, кім бар үйде? – деді.
– Әжем бар.
Аттан  ырғатыла,  асықпай  түскен  жаңағы  кісі 
шылбырды 
белдеуге 
байлап, 
кақырып-түкіріп, 
жапырайған  құбатөбел  үйдің  биік  табалдырығынан 
БӘТІҢКЕ

168
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
аттап,  еңкейе  басып  үйге  кірді.  Сығырайған  кішкене 
жаман терезеден себезгілеген жарығы бар, алакөлеңке 
үйге көзі үйренбей біраз тұрды. Бұл кезде бір бұрышта 
бүк  түсіп  жатқан  аурушаң,  кәрі  әже  де  басын  көтеріп, 
үрпие қарап:
–  Қай  баласың,  шырағым?  –  деді  кимешегін  түзеп 
жатып.
– Мен уәкілмін ауданнан келген. Ауданға қайта жол 
жүріп  бара  жатырмын  аса  маңызды  жұмыспен.  Сусын 
бар ма үйде, апа? Шөлдеп келем.
Сұсты  кісі  отырған  жоқ.  Тер  сіңген,  қызыл  жағалы 
киімінен  танауды  жарған  әлденендей  бір  өткір  иіс 
шығады.
– Е, сусын табылады ғой, өзің тізе бүксеңші, қарағым, 
Әжесі қиралаңдай тұрып, дастархан жая бастады.
– Оған әуре болмай-ақ қойыңыз. Маған сусын болса, 
болды.
– Е, неге, айналайын, қазір-ақ, міне... Тек, бидай көже 
ғана қалып еді үйде...
–  Пойдет.  Келесі  ауылға  –  «Ленин  жолына»  дейін 
жетсем  болды,  онда  бәрін  дайындайды  ғой.  Барымен 
базар...
Суыт жүріп бара жатқан уәкіл төрге тақау жайғасып, 
сусын көжеге бас қойды. Жұбандық қонақтың жоғары-
төмен  жүгірген  жұтқыншағына  қарап  қалыпты.  Екі-үш 
аяқ көже ішкен соң маңдай терін сүртіп, қайыс белбеуін 
бір ырғап қойып:
– Бұл ауылдағының бәрі жұмыста-ау деймін, – деді 
әжесіне қарап.
– Шөп басында ғой бәрі. Осы он бес үйлі ауылдың 
бала-шағасы мен өзім сияқты кәрілері ғана қалады ғой 
күндіз, шырағым.
– Дұр-рес. Бұл кімнің шаңырағы болады сонымен? – 
деді біраз үнсіздіктен соң.
– Жәнібектің шаңырағы.
– Қай Жәнібек? Мәметектің Жәнібегі ме?
– Ие, ие. Көзімнің қарашығы – жалғызым, Жәнібегім, 
кешегі зұлматтан хабарсыз жүр. Келіп қалар деп алаңдап 
отырам. Атың өшкір керман иттің соғысында жүріп, қай 

169
ҚАРАӨЗЕК
жерде қалды екен жалғызым!.. Енді, міне, мына жетімек 
ұлдың тілеуін тілеп отырмыз, қарағым.
Уәкілдің жүзі құбылып сәл отырды да:
– Нишауа, – деді, – Нишауа! Айдаудан аман қайтқан, 
жаны  сірі  Мәметек  би  кәрі  сүйегін  саудыратып,  өз 
қыстауына жетіп өлгенде, Жәнібек те жер астынан шыға 
келер бір күні...
Содан  кейін  үнсіз  күлген.  Әжесі  уәкілге  былшықты 
көзін сығырайта бір қарап, ауыр күрсінді де қойды.
– «Үмітсіз – шайтан» деген. Аман-сау оралады әлі, – 
деді біраздан соң аса маңызды уәкіл күдері қалпағымен 
желпініп отырып.
Әжесі  «у-уһ!»  деп  күрсіне,  аяғын  сүйрете  басып, 
сыртқа  шығып  кеткенде,  шөлі  қанып,  бойы  сергиін 
десе керек, аса маңызды уәкіл де қайтуға ыңғайланып, 
орынынан 
түрегелді. 
Түрегелгенде 
көзі 
түсті. 
Жұбандықтың  ала  жаздай  жүріп  түсірген  олжасына  – 
саршұнақтың, қосаяқтың, күзеннің терісіне.
– Балақан, мынау өзіңнің терілерің бе? – деді содан 
соң.
– Өзімдікі, өзім аулағам, – деді Жұбандық.
– Ой, азамат! Мұны қайтпексің?
– Бәтіңкіге айырбас қылам.
Аса маңызды уәкіл Жұбандықтың сирағы жарылған, 
табаны  тесілген  күс-күс  аяғын  енді  көргендей  қарап 
қалыпты.
– Дұр-рес, – деді сонан соң. – Жөн, жөн.
– Мен саған көмек жасайын, балақан, – деді сәлден 
кейін аса маңызды уәкіл тықыр теріні сипалап отырып.
– Не көмек, аға?
–  Өзің  жете  алмайсың.  Мен  мына  теріңді  алып, 
Бөкеннің,  әйтпесе  ары  асып,  Көктеректің  өзіне  барып, 
саған  аяқ  киім  әкеп  берейін.  Табаны  бұжыр-бұжыр, 
қалың,  қонышы  биік,  ұлтарағы  жұмсақ,  аяққа  жайлы, 
мынауский  деген  бәтіңке!  Көктеректе  піркоролдың 
баласы ғана киеді ондай бәтіңкені. Жарай ма?
Жұбандық  алғашында  түсінбей  қалған.  Күндіз-түні 
зар  илеп,  бір  құдайдан  сұраған  жалғыз  ғана  тілеуі  – 
табаны  бұжыр-бұжыр,  қонышы  жұмсақ,  піркоролдың 
БӘТІҢКЕ

170
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
баласы  ғана  киетін,  бірақ  өзі  көрмеген  бәтіңкені  көз 
алдына келтіре алмаған. Теріге бір қарап, аса маңызды 
уәкілге бір қарап, үндемеді.
–  Е-хе-хе,  балақан,  сен  сенбей  тұрсың-ау  деймін, 
–  деді  аса  маңызды  уәкіл  жүзі  жадырап.  –  Әрбір 
совет  баласын  киіндіріп,  тойындырып,  оқыту  –  біздің 
міндетіміз.  Партия  мен  өкімет  солай  дейді.  Алдында 
біз  жауап  береміз.  –  Бала  айтқан  сөзді  ұқпай  тұр  деп 
ойласа  керек,  Жұбандықтың  алдына  келіп,  жүрелей 
отырды. – Былай. Он күннен кейін мен тағы бір срошный 
жұмыспен қайтып оралам. Осындағы қалқоздарды тағы 
бір  аралаймын.  Сол  кезде  саған  Көктеректен  жылы 
бәтіңке ала келем. Жарай ма?
Талайдан  бері  көкейде  бұлықсып  жатқан  арманын 
жаратқанның  өзі  бере  салғандай  кеудесін  қуаныш 
кернеп,  көңілі  алабұртқан  бала  Жұбандық  күлімдеп 
басын изеген.
–  Қарағым-ау,  бұнысын  не  ғылайын  демекшісің?  – 
деген аяғын сүйретіп жеткен әжесі бір қап теріні атының 
қанжығасына байлап жатқан уәкілге.
– Мына немереңе, апа, бір аяқ киім әкеп берейін деп 
отырмын. Он күннен кейін оралам, сол кезде ала келем!
–  Қой,  шырағым,  бала  шіркін  не  білсін.  Ол  тері 
өзімізге керек. Нетіп... тастап кете қой, жарығым. Сүйт, 
жарығым!..  –  деді  әжесі  жанын  қоярға  жер  таппай 
абдырап.
– Совет баласын киіндіру – біздің борыш, апа... Так 
што мазасызданбаңыз, – Аса маңызды уәкіл атына мініп, 
тебініп қалды, – Бұйыртса, он күннен соң оралам дедім 
ғой!..
– Қой, айналайын, керегі жоқ... Аяқ киімі құрысын. 
Тастап кет!
Аса  маңызды  уәкіл  желе  жортып  әудем  жерге  ұзай 
берген.
– Әй, Жүкө, тастап кет де ана кісіге! Естімей бара ма, 
немене?! – Әжесі айғай салған.
Жұбандық  сол  кезде  ғана  бірдеңе  сезсе  керек, 
салтаттыны қуа жөнелген.
–  Аға,  бәтіңкі  керек  жоқ.  Терімді  тастап  кет!  Аға, 
ағатай!..

171
ҚАРАӨЗЕК
Сорайған жағын түк басқан, адырақ көз, аса маңызды 
уәкіл  оқшырая  бір  қарап,  атын  қамшылап  жіберіп, 
шоқыта жөнелген.
– Тастап кет терімді! Ағатай!..
3.
Одан бері не заман өтті. Әке соғыста өлген. «Құлыным, 
жалғызым»  деп  ұлының  қазасына  көңілі  сенбей  өткен 
әже  де  көп  ұзамаған.  Шешесі  ұлын  жеткізіп,  келінін 
түсіріп, енді немере қызығын көрем бе дегенде, оқыстан 
жазылмас дертке ұшырап, ана бір жылы ол көз жұмды. 
Ерте  кетті.  Енді,  міне,  өзі  де  қырықтан  асыпты.  Үйлі-
баранды,  балалы-шағалы.  Ел  аман,  заман  тыныш.  Иә... 
Десе  де,  сол  салтатты  үлбіреген  бала  көңіліне  жара 
салып  кетіпті.  Ие...  Советханның  бүгінгі  қылығы  анау. 
Жұбандық  шырт  түкірді.  Сонан  соң  ен  далаға  көз 
тастаған. Қырдың бұлдыр көкжиекпен таласып, сіресіп 
жатқан  күміс  қары  күн  сәулесімен  шағылысып,  көздің 
жауын алып жарқ-жұрқ етеді.
Жұбандық аяқасты көңілденіп сала берген.
2000.
БӘТІҢКЕ

172
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
1.
тудентпін.  Совет  Одағының 
әлі  көбесі  де  сөгілмеген  кез. 
Жан  дүниеңді  тірілтіп,  бойыңа 
қуат,  ойыңа  серпін  әкелетін 
жазғытұрымғы уақыт еді. Алты 
ай  қыстан  арып  шыққан  үлкен 
қала  өңі  кіріп,  көгеріп  келе 
жатқан.  Құшырлана  жұтсаң, 
жансарайыңды  ашар  бір  керім 
хош  иіс  бар  ауада.  Тастөбеге 
ілінген  күннің  де  қабағы 
ашылып,  ерекше  иіп  тұр  еді 
жарықтық.
Кәсіподақ 
комитетінен 
жолдама  алып,  университет 
студенттеріне 
арналған 
санаторий-профилакторийде 
жатырмын. 
Жатақхананың 
шуылынан 
қашып, 
оңаша 
жатып,  курс  жұмысын  жазып 
тастау еді ойым.
Қасымда  Бөкен  деген  өзім 
құралпас  бір  жігіт  тұрды. 
ҚазПИ-дің студенті еді. Мінезі 
жұғымды,  көпшіл  жігіт  екен. 
Танысқаннан  бергі  бір  жетінің 
ішінде жақсы араласып кеттік. 
Көкшетаудан 
екен. 
«Жер 
АБЫЛАй

173
ҚАРАӨЗЕК
шоқтығы  –  Көкшетау,  тал-қарағай,  бақша-бау»  деп  ән 
айтатыны есімде қалыпты.
«Былай істейік, Асылбек, – деді бір күні түскі астан 
кейін Бөкен, – «кластасым тұрады жақын жерде. Қол бос 
қой әзірге, барып қайтайық бой жазып».
2.
Ленин  көшесінен  өткен  соң  Кеңсайға  шығатын  кең 
жолға  түсіп,  күншығысты  бетке  алып,  өрлеп  келеміз. 
Екі  бүйіріміз  –  көктебелі  үйлер.  Машинасы  ерсілі-
қарсылы  зуылдаған,  орталық,  шулы  көшелерден  өтіп, 
тауға  шығатын  біршама  тыныш  жолға  түскен  соң  көп 
жүргендікі  ме,  әлде  күннің  қызуы  өтті  ме,  ыстықтап, 
күртемізді шешіп, қолға ұстап алдық.
Бір уақытта қақпасы кісі бойындай, еңселі, екі қабатты, 
зор  үйге  келіп  тоқтадық.  Особняк.  Қақпаны  сықырлата 
ашып,  ішке  ендік.  Кең  аула.  Тірі  жан  көрінбейді.  Бір 
қапталын қалың қау басқан, тас төселген, жалғыз аяқ жол 
үйдің арғы бетіндегі жарма есікке алып келді. Кірдік. «Әй, 
қайсың барсың!», – деп қояды Бөкен. «Бұл шіркіндердің 
бәрі  жұмыста  ма,  келетін  уағы  болды  ғой  бірақ».  Үйдің 
төбесі биік болғанымен іші – қуыс-қолат, тар бөлмелер. 
Сыртқы әлпеті сияқты мұнда да жұпынылық байқалады. 
Қараусыз  қалған  сияқты.  Бөкен  бастап,  екінші  қабатқа 
тартылған  ағаш  басқышпен  еңкеңдей  басып,  шығып 
келеміз.  Төменге  –  подвалға  қарай  түсетін  тағы  бір 
басқыш барын аңдадым. «Қайсың бар, әй...» Сол жақтағы 
есікті  айқара  ашып,  кіріп  бардық.  Едәуір  кең  бөлме. 
Қаракөлеңке. Терістікке қараған терезеден, пердесі қара 
түсті болған соң ба, үйге жарытып жарық та түспей тұр. 
Ортада  емен  үстел,  үш  қабырғаға  тақай  қойылған  үш 
керует.  Төрде  –  терезенің  жақтауымен  бой  таластыра 
тұрған  екінші  бір  шағын  үстелге  теріс  қарап,  құнысып 
біреу отыр. Үстелде тұрған үлкен радионың үніне елтіп, 
бірдеңе  тыңдап  отыр.  «Әй,  Абылай...»  деді  Бөкен.  Әлгі 
жігіт басын көтеріп, еңсесін жазды. Сол мезет көрдім – 
үстінде қаракөк көйлек, орта бойлы, кең иықты, ақбурыл 
шашы өсіңкіреп кеткен қарасұр жігіттің жанары нұрсыз 
екен.  Біз  оған  емес,  ол  бізге  сәлем  берген:  «Ассалау-
мағалей-кү-үм...»  Бөкенмен  қол  алысты.  «Қасыңда  біреу 
АБЫЛАЙ

174
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
бар-ау  деймін,  Бөкен»  деді.  Әуелде  қалай  байқамағам. 
Қасы-кірпігі  орынында,  екі  көзді  бозғылт  шел  басқан. 
Соқыр екен!.. Бөкен ескертпеп еді, бір сәттік таңырқаудан 
кейін іле мен де амандасқам. Отырдық. Бөкен екеуі хал 
сұрасты.  «Сол  баяғы  «Свободаны»  тыңдап  отырсың». 
«Иә,  тыңдап  отырмыз  дүние  не  болып  жатыр  деп.  Не 
жаңалық өзінде?» «Орынша. Сабақ жаман емес». Әрнені 
айтып  біраз  отырды.  Абылай  Бөкеннің  кластасы  екен. 
«Қасыңдағы кім?» деді әлдебір уақытта ол. Мені іздеді-
ау  деймін,  –  емен  үстелге  тақау,  төменіректе  отырғам, 
–  жүзін  босаға  жаққа  бұрды.  Қыр  мұрынды,  келісті-ақ 
жігіт. «Бұл – Асылбек. Тарихта оқиды. Бірге тұрамыз» деді 
Бөкен.
«Ал  қонақ  келген  екен,  Бөкен,  жүгір,  өзің  шәй  қой 
енді,»  –  деген  Абылай,  –  «Асылбекпен  әңгімелесіп 
отыра  тұрайын  мен.  Ет  бар,  бірдеңе  қуырып  жібер. 
Асықпайсыңдар  ғой...  Е,  дұрыс.  Ішім  пысып  отыр  ед, 
жақсы болды келгендерің». «Жайғасып отыр, Асылбек», 
–  деген  Бөкен  ас  қамымен  кеткенде.  –  «Сезіп  тұрмын: 
қоңылтақсып отырған сияқтысың. Бізді бұрынан білетін 
кісі болмаса, бірінші көрген сүйтеді өзі. Түсінем. Соқырды 
көп арасынан көріп қалу – бір бөлек, ал қазіргідей бетпе-
бет кездесу – бір басқа. Солай емес пе?» Орнынан тұрып, 
терезені шалқайта ашып тастады. Үйге салқын, таза ауа 
кірді. Қайта келіп, ескі керуетті сықырлата баса отырды. 
«Осы, ана жолы бір ағайындары Мансұрдың амандығын 
білейік  деп  келіпті.  Алғашында  дабырласып,  шуласып, 
күліп кірген екі туысы бізді көргеннен кейін, топырлап 
бес соқыр тамақ ішіп отырғамыз, екпіні басылып қалды. 
Тамағынан ас та өтпеді-ау солардың, сезуімше...» Абылай 
өзімсініп,  әңгімеге  қанша  тартқанымен  екі  иыққа  жүк 
артып қойғандай, серпіле алмай отыр едім. «Бұл неғылған 
үй  деп  отырған  шығарсың»  деген  еңсесін  жазып  бір 
кезде. Жүзіне көз тастадым: қос қабақтың арасындағы 
ізі терең әжімі болмаса, қарасұр өңі әлі уыздай. Аз-маз 
қарлығыңқы, майда үнінен, байыпты жүзінен қайраттың 
лебі ескендей.
«Айтпаған  екен  ғой  Бөкен  бұл  үйдің  жай-жапсары 
жайында?.. Қалалық соқырлар қоғамы деген бар. Бұл үй 
соныкі. Заманында КГБ-ның бір төресі салдырыпты өзіне. 
Қазір енді, әлбетте, тозыңқырап тұр... Бізге жарайды». 

175
ҚАРАӨЗЕК
Жымиып  қойды.  «Біздің  тіршілік  осы,  Асылбек.  «Басқа 
түскен баспақшыл» деген... Жә. Тарихшымын дедің бе? 
Жақсы, жақсы. Е-е, бала кезімізде біз де біраз нәрсені 
армандадық...  Тарих  дегенің  –  көсіліп  жатқан  үлкен 
дүние ғой бір. Қызығам. Өзіміздің тарихқа әсіресе.» Бұл 
кезде Бөкен етектей күлеңкені жайып жіберіп, дастархан 
жасай  бастаған.  «Бауырларың  қашан  келуші  еді?»  деді 
кластасына қарап. «Жұмыс аяғы таяп қалды, кеп қалатын 
шығар сенің асың дайын болғанша».
Шай ішіп отырмыз.
«Біз мүгедек ретінде пенсие аламыз, – деген Абылай, 
–  «мұнда  тегін  тұрамыз.  Бұған  қоса  соқырлар  қоғамы 
жұмыс  тауып  берген.  Екі  кварталдай  жерде  кәнсерві 
заводы  бар,  сонда  кәнсерві  жабамыз.  Оған  көздің  не 
керегі бар, сипалап байқап, бұрағышпен жауып бересің. 
Соған  біраз  ақша  аламыз.  Тұмауратыңқырап  мен  бара 
алмадым бүгін.».
Бір  кезде  буы  бұрқыраған  ыстық  тамақпен  бірге 
жұмыстан шыққан төрт-бес жігіт кіріп келді. Жоқ. Біреуі 
ғана  су  қараңғы.  Қалғанының  көзі  зорға  көретіндіктен 
мүгедек, соқыр есебінде көрінеді.
3.
«Тоғызыншы  класта  оқитын  жылым»  деп  әңгіме 
бастады  Абылай  асқа  отырған  кезімізде.  «Қысқы 
каникулдамыз.  Қасымда  Мұса  бар,  хуторға  тойға 
бардық.  Кайда  барасың  деген  шешеме  бірер  сағатта 
ораламын  деп  кеткем.  Әкем,  қайда  кеткені  есімде 
қалмапты, сол күні үйде жоқ. Балаң мұрт тебіндеп келе 
жатқан,  солқылдаған  бозбаламыз.  Той-томалаққа  бара 
бастаған кезіміз.
Күн  шыңылтыр  аяз  еді.  Үскірігі  жоқ,  тымық  кеш 
болатын.  Мұсаның  торы  қасқасын  жегіп  алып,  ат-
шанамен соқтырып келеміз хуторға. Екі орта – жеті-сегіз 
шақырым жер. Хутор – қалың қақолдың бір замандағы 
салған  қаласы.  Жиегінде  қалың  тал  өскен,  жыланшық 
өзеннің жағасындағы кішкене ауыл.
Ел  орынға  отыра  торы  қасқаны  ақкөбік  қылып, 
вешірге  келдік.  Той  басталып  кетіпті.  Көлденеңнен  біз 
де кіріп кеттік. Не түрлі тағам мен мол қойылған арақ-
АБЫЛАЙ

176
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
шараптан үстелдің белі қайысады. Жастар жағы жырғап 
отырмыз.  Гитараны  сабалап  ән  салдық.  Еденді  ойып 
жіберетіндей дүрсілдете теуіп, еліріп би биледік. Үстел 
басында  кезекті-кезексіз  ішке  кеткен  ішімдіктің  күші 
қоя  ма,  әжептәуір  қызып  қалдық.  Кісі  көбейіп,  үйдің 
ауасы  тарыла  бастады  ма,  терлеп,  ыстықтап  кеттік... 
Танго  қойдырып,  қызбен  билеп  жүргем,  бір  кезде  сол 
бұрышта бір үйір болып тұрған жігіттер жағынан айғай-
шу шықты. Не болып қалды деп қарасам, көзі қып-қызыл 
біреу  Мұсаның  жағасынан  алып,  сілкілеп  жүр.  Мұса 
тыныш  бала  болатын,  бірақ  ішімдік  сайтан  ішіне  түсіп 
кеткен болу керек, өзінен әлдеқайда ірі, бір жуан қара 
жігітпен,  жасы  да  бізден  үлкенірек-ау  деймін,  ілінісіп, 
бой бермей жүр. Арашаға түстік. Жуан қара – Мұраттың 
алқымына  қос  шеңгелді  салып  жіберіп,  қылқындырып 
әкетіп  барады.  «Ей,  үйде  шу  шығармайық,  жүріңдер 
далаға»  деді  біреу.  Опыр-топыр  болып,  буымыз 
бұрқырап, сыртқа шықтық. Бұл кезде хуторға салбырап 
түн түсіпті. Қақаған аяз. Қақпадан шығып, шам жарығы 
себезгілеп  тұрған,  қары  тапталған,  кең  жолға  келдік. 
Он шақты баламыз. «Ал айтыңдар, кімсің өздерің» деп 
әлгі  зірк-зірк  етеді.  Хуторлықтардың  бәрін  білсем  де, 
дәл мұны танымайды екем, әскерден жаңа келген біреу 
болса  керек,  сірә.  Бұлардың  бетке  ұстары  осы  болды 
деп жорамалдап тұрмын. Әйтсе де, көңілімде қобалжу 
бар  еді.  Бөтен  ауыл.  Мұса  екеуіміз  ғана.  Іс  насырға 
шапса, таяқ жеп қалуымыз ықтимал. Бірақ сыр бермей, 
мән-жайды айтып түсіндіріп тұрмын. Өзгелер де әлгіге 
«бұлар көрші ауылдан келген қонақтар» деп жатыр. Сөз 
ұғатын жуан қара көрінбейді. Соңынан ерген бес-алтауы 
бар  сияқты.  Кенет  әлгінің  бұрыла  бергендей  болып, 
Мұсаны иектен ала қонжитқаны. Сылқ ете түскен байғұс 
жолдасым  аяғы  тайғанақтап,  тұра  алмай  жатыр.  Бұл 
кезде шыдам таусылған, әрі істің жуыр маңда түзелетін 
түрі көрінбейді: «жүрші былай» деп күшіне сенген пәлені 
ауаша  алып  шықтым.  Ол  да  сезіп  келеді.  Тіл  қатысқан 
жоқпыз. Сатыр-күтір ұрғыласып кеттік. Аздан соң айнала 
секіріп,  аңысын  аңдып  төбелесе  бастадық.  Қапылыста 
қабағыма жұдырық тиген болу керек, сыздап қоя берді. 
Жуан қараның қол қимылына көз ілеспейді. Анау-мынау 
боксшыңнан  кем  емес.  Өзіне-өзі  сенімді.  Ұрғыласып 

177
ҚАРАӨЗЕК
жеңіп  алатыныма  күмәндана  бастадым.  Дегенмен 
қалай да бетін қайтару керек. Әйтпесе таяқ жеп, жүнің 
жығылып,  ауылға  сүмірейіп  қайтуыңа  тура  келеді. 
Кішірек кезімде, ауыл-үй арасында күресіп жүргенде өз 
қатарымды түгел жығатынмын. Төбелеске кіріп кеткенде 
де  күрестің  әдісін  жасаушы  ем.  Бірақ  мынаның  аяқ-
қолы  бірдей  тыным  таппайды  екен.  Ішке  өткізбейді. 
Аңдысып,  алыстан  ұрып,  осылай  біршама  уақыт 
өткіздік.  Бусанып,  терлей  бастадық.  Балалар  айнала 
қоршап алған. Қайсымыз құласақ, соны жұлмалап, жеп 
қойғалы  тұрғандай.  Ақыры,  бір  оңтайы  келгенде  жуан 
қараның қойнына кіріп кетіп, оң жамбасқа салып, алып 
ұрдым. Жалтырап, мұзға айнала бастаған күресінге ыңқ 
етіп, оңбай құлады. Жұдырықпен қойғылап жатырмын. 
«Әй,  жібер,  жібер»  деп  біреулер  иығымнан  тартқылап 
тұрғызды. Көптің аты – көп, абайсызда аяғы тайып кетті, 
әйтті-бүйтті  деп  әлгіні  ақтап  жатыр.  Қайта  төбелестік. 
Тағы  жықтым.  Тағы  ұрып  жатырмын.  Дәл  осы  кезде 
біреудің бетімнен теуіп кеп жібергені. Сірі етіктің басы 
оңдырсын  ба,  көзім  жарқ  етті,  мұрыным  солқ  етіп,  ол 
ашып кетті. Жарылды-ау деймін, жып-жылы қан саулап 
қоя берді. Осы күнгі төбелесте әділдік жоқ емес пе, шама 
келмесе,  жабылып  кетеді.  Бұл  жолы  да  солай  болды. 
Орнымнан тұра бергенімше болған жоқ, екінші біреуі кеп 
жонарқамнан тепті. Айғайды салып, жанталаса сабалап, 
әл бермей, әйтеуір ортасын жарып шықтым. Шибөрілер 
анталап  келеді.  Жүгіріп  барып,  қашаның  таяғын  шеге-
мегесімен қоса суырып алдым. Ыңғайлы сойыл. Жынын 
шашқан бурадан кем болмасам керек, жамырай ұмтылған 
шибөрілер сасып қалды. Жақындауға батпай тұр. Кенет 
анадай жерде бүрісіп, не істерін білмей, аңқиып тұрған 
Мұсаға көзім түсіп кетті. Ақырып жіберіппін: «Әй, Мұса! 
Бар, шанадағы мылтықты әкел! Атып таста мыналарды!» 
Қайдағы  мылтық...  Аналарға  көрсеткен  доғым  еді. 
Бопса  әншейін.  Қатты  әсер  етті.  Тұрған  бетінде  үйме-
жүйме болды да қалды. Сол мезет Мұса да ат-шананы 
ішкі қорадан шығара бастаған. Таяқты жедік, мұрынды 
жардық,  ендігі  ой  –  қашу.  Басқа  амал  жоқ.  Ішімдіктің 
қызуымен жау қайдалап жүрген мыналардың аяйтын түрі 
көрінбейді. «Кел! Мін!» деді Мұса ат-шананы анадайдан 
көлденең  тарта  беріп.  Жанұшыра  жүгірдім.  Үстімдегі 
АБЫЛАЙ

178
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
киім ауыр болды ма, әлде тайғанақтап, өзім мандытып 
қаша алмадым ба – есімде жоқ, әйтеуір, біреуі артымнан 
қуып  жетіп,  тобықтан  қиғаштай  тепті.  Табаным  тайып, 
шатқаяқтай  бере,  жығылдым.  Оған  қарайтын  сәт  пе, 
денемнің ауырсынғанын да сезбеймін, жандәрмен тұра 
беріп ем... Көзімнің оты жарқ етті! Әлдебір қатты күш 
қарақұстан  солқ  еткізді.  Ат  тепкендей.  Ат-шанасымен 
қоса қызыл-жасыл болып, тұңғиыққа сіңіп бара жатқан 
Мұсаның  бұлдыр-бұлдыр  сүгіреті  көз  алдымда  қалып 
қойыпты...»
Әңгімесін  осы  жерде  кілт  үзіп,  үн-түнсіз  қалды. 
Сәулесі жоқ, мұнарлы көзіне қарауға дәт шыдамай, тым-
тырыс отырмыз.
«...Араққа тойып алған өңкей әулекі мәз болып кете 
барған.  Түйсігі  барлары  қолұшын  беруге  бата  алмады 
ма екен... Артына қарайламай Мұса, ол қашып кетіпті... 
Қойшы,  сонымен  әлгілер  сырықпен  қарақұстан  ұрып, 
талдырып кетіпті мені. Таңға дейін жатып қалған екем. 
Қысқы түн ұзақ. Таң қылаңытқанда қақырынып-түкірініп 
шықарға  шыққан  көрші  үйдің  шалы  есім  кіресілі-
шығасылы болып жатқан мені көреді. Ел-жұртты оятып, 
бәлніске  жеткізеді.  Есімді  сонда  жиыппын.  Ем-дом 
жасалады.  Екі  өкпесін  қолына  алып,  құстай  ұшып  әке-
шешем  жетеді.  Бассүйек  шытынаған,  мый  шайқалған. 
Ең  жаманы  –  басқа  суық  өтіп  кетіпті.  Ай  жатып 
шықтым.  Үйге  келгеннен  кейін  жап-жақсы  жүр  ем,  бір 
күні  басым  шаншып,  жүрегім  лоблып,  төсекке  келіп 
құладым.  Мыйдың  ішіне  құрт  түсіп,  шағып  жатқандай. 
Ауданды  қойып,  тура  облысқа  тарттық.  Анықтады 
сырқатты:  менингит.  Кешірек  келдіңіздер  десе  керек 
әкеме  дәрігерлер.  Менингиттен  әупірімдеп  жазылдық, 
бірақ  көз  шіркін  бұлдырап,  көруден  қала  бастадым. 
Ол  кезде  қазіргідей  су  қараңғы  емеспін.  Бір  құдайға 
сыйынып, Алматыға ұшып келдік. Небір профессордың 
алдынан  өттім.  Кеш.  Мұндағылар  да  кеш  деді,  қолдан 
келер  қайран  жоқ  деді.  Сүйтіп,  осылай  соқыр  болдық. 
Мүсәпір, бейшара халге түстік...».
Әңгіме  қатты  әсер  етсе  керек,  тұқиып  отырып 
қалыппын.  Өзгелері  шайын  ішіп,  күңкілдесіп,  сөйлесіп 
отыр. Маған айтылғанын сонда ұқтым, өзгесіне ежелден 
белгілі ғой.

179
ҚАРАӨЗЕК
Кетерімізде қол алысып, қоштасып тұрып Абылай: «ал 
тарихшы жолдас, келіп тұр, арғы-бергі тарихтан әңгіме 
айтып беріп кет» деген. Жылы қоштастық.
4.
Уақыт  таба  алмадым  ба,  мойын  жар  бермеді  ме, 
Абылайға  баруға  бұдан  кейін  жолым  түспеді.  Басқа 
вузда  оқитын  Бөкенді  де  сирек  көретін  болдым.  Бірер 
жылдан соң оқуымды бітіріп, ағайын-туысты қуантайын 
деп ауылға тартып кеттім.
Жеті  жылдың  да  жүзі  өтіпті-ау  бұдан  кейін.  Қазір 
заман  бөтен,  заң  басқа.  Балапан  басына,  тұрымтай 
тұсына дегендей, бір алақұйын заман туып кетті емес пе. 
Бұл кезде мен екі қолға бір жұмыс таба алмай, сандалып 
жүрген кезім. Жұма болатын. Төбесінде көк ту желбіреп, 
ой мен қырдан жиылған мен сияқты өңкей жұмыссыздар 
тұрақ  тепкен  жатақтар  үйінен  шығып,  көк  базардың 
түбіндегі  мешітке  бардым.  Садақа  берейін,  аруаққа 
дұға жасатайын деп. Күз еді. Күн қара суық. Бәлен жыл 
жыр  болып,  әрең  дегенде  іргесі  бекіп,  қаңқасы  ғана 
тұрғызылған аңсағай, зор мешіттің ығындағы баяғы ескі 
мешітке кіріп, құран оқытып шыққан едім. Бір серпіліп, 
енді садақа берейін деген ниетпен кең қораның аузына 
беттегем. Жолымды кес-кестеп алақан жайған сарттың 
балаларына  тиын-тебен  таратып,  үркердей  боп,  өздері 
бір шоғыр отырған қол-аяғы кем, ғаріп-қасерлерге азын-
аулақ теңгемді ұстата бергенде... көзіме түсті. Таныдым. 
Сол.  Сол  Абылай.  Анадай  жерде  шөке  түсіп  отырған 
ақбас жігіттің өңі аса жүдеу екен. Қарап тұра алмадым. 
Дегбірім  кетіп,  көңілім  алабұртып,  мешіт  ауласынан 
атып шыққанымда есімді бірақ жисам керек. Елмен бірге 
автобусқа таласа-тармаса мініп, кетіп бара жатқанымда 
да жылт еткен сәулесі жоқ соқыр көзі әлдеқайда қарап 
отырған Абылайдың күнге тотыққан жүзі көз алдымнан 
кетпей  қойды.  Неге  тілдеспедім  деген  ой  жылт  еткен. 
Бүгелек  көрген  жылқыдай  қипалақтап,  алды-артыма 
қарамай  қашқаным  еске  түсіп,  бетімнен  отым  шығып, 
соңда ғана ұялсам керек.
1996. 
АБЫЛАЙ

181
ҚАРАӨЗЕК
АБЫЛАЙ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет