Қ-71 Қуантаев Н



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
с.N.Diario Confedral Eiemlares
*
Франция.
Париж, 11-інші дуан.
Бельвиль көшесі, 41.
анархия-синдикалия комитеті.
Мекен-жайдың 
соңына 
Мадридте 
мөрленген 
кәртішкенікі сияқты жасыл марка жапсырылыпты. Матье 
қолын созды:
- Көп рақмет.
-  Байқа!  -  деді  мас  ашулы  үнмен.  -  Бұл  Мадрид 
маркасы ғой!
*  Испанша
МАДРИД МАРКАСЫ

220
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Матье көз салды: жігіт шынында да тебіреніп, ойын 
жеткізе алмай қинала бастады. Ақыры ештеңе шықпасын 
білді ме, тек:
- Мадридтен! - деді.
- Иә!
- Сол жаққа барғым келіп еді. Жол түспеді.
Түнеріп «тұра тұр» деді де, марканы бармағымен бір 
сипап қойды.
- Ал жарайды. Алғың келсе, ал.
- Рахмет.
Матьенің енді адымдап былай шыға бергені сол еді, 
әлгі мас:
- Әй! - деп шақырды.
-  Не?  -  деді  Матье.  Мас  анадай  жерден  оған  бес 
франктің бақырын көрсетті.
-  Маған  бір  жүргінші  бес  франк  тастап  кетті.  Жүр, 
ром алып берейін.
- Келесі жолы. Қазір болмайды.
Деді  де,  Матье  аздаған  өкінішпен  кете  барды. 
Өмірінде  кім  көрінгенмен  көше  мен  барларда  қаңғып 
жүрген,  көлденең  көк  аттымен  табақтас  болған 
бір  кезеңдер  болып  еді.  Қазір  оны  қойған,  мұндай 
қылжақтың сүйкімі де кеткен. Әй, дегенмен қызық жан! 
Испанияға барғысы келіпті. Матье «онымен не сөйлесуге 
болады, бәрібір әңгіме болмайды ғой» деп жан дүниесі 
төңкеріле  күрсініп,  тез-тез  жүріп  кетті.  Қалтасынан 
жасыл  кәртішкені  алды:  «Мадридтен  салыныпты,  тек 
мына  маскүнемге  емес.  Біреу  бұған  бере  салса  керек. 
Маған ұсынарынан бұрын қалай сипады десеңші. Анау- 
мынау емес, Мадридтен жіберілген ғой!».
Маркаға  қараған  маскүнемнің  қалай  қатты 
қобалжығаны көз алдына келді. Матье жүріп келе жатып 
маркаға үңілді. Содан соң жасыл кәртішкені қалтасына 
салған.  Пойыздың  боздаған  үні  естіледі.  «Қартайып 
қалыппын-ау» деп ойлады Матье.

221
ҚАРАӨЗЕК
БІР 
ШЫНЫАЯҚ
ШАй
*
 
*  Ағылшын жазушысы  Брайен Глэнвиллдің әңгімесі
уелі ол емес деп ойладым, енді, 
кездесудің аса сирек түрі ғой - 
қалай ол кенет Лоңдонда, оның 
үстіне  Риджент-стиртпен  келе 
жатыр маған қарсы? Содан соң, 
дегенмен  ол  емес  деп  өзімді 
сендіре  бастадым,  ал  ақыр 
соңында  көз  жеткізгенімде, 
мені  байқамайды  деп  үміт-
тенгем,  бірақ,  әрине,  байқап 
қалды, «Боб!» деп айқай салды, 
қолын бұлғап тез жүріп келеді, 
құдды  біз  баяғы,    сол  баяғы 
достар  секілдіміз,  ал  енді  бұл 
жағы күмәнділеу еді.
Ол:
- Қалайсың, Боб! Қай құдай 
сені  Лондонға  қуып  әкелген? 
-  дейді.  Қолымды  ұстап, 
дүниеде  менен  басқа  ешкімі 
жоқтай сілкілей бастады. Міне, 
осы кезде аяп кеттім, десе де, 
ол  туралы  оқыған  кезімде  бұл 
сезімге  ұқсас  ештеңе  сезгенім 
жоқ  еді.  Жағы  суалып,  жүдеп 
кетіпті. 
Қарай 
алмайсың, 
МАДРИД МАРКАСЫ

222
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
көзінің  асты  көлкілдеп,  түрі  -  бір  жұма  ұйықтамаған 
кісінің кейпі.
- Сен мұнда қайдасың? - дейді. - Қайдан жүрсің бұл 
жерде?
Соншалықты  достық  пейілмен  сұрайды,  тіпті 
ыңғайсыз.
- Жұмыспен. Ал сіз көктен түстіңіз бе?
Кенет  ол  бір  уыс  болып,  бүрісіп  қалды  -  бұл  тіпті 
өзінің мәнері емес еді - жан-жағына қарап алып, содан 
соң ғана:
-  Өз  адвокатымда  болдым.  Заңгерлермен  кеңестім. 
Сен  мені  бұл  оңбағандарға  әлдене  көрсетеді  деп 
ойламайсың ғой, а? - деді.
- Әлбетте, - дедім.
Одан басқа не айта алам?
- Бір шынаяқ шай ішетін уақытың бар шығар? Бір-бір 
аяқ ішуге тиіспіз, - дейді ол, шынтағымнан ұстап кафе 
есігіне  сүйрейді.  Менің  барғым  жоқ.  Құтылсам  деймін 
- осының бәрі тым жағымсыз еді. Бірақ бұл жерде оны 
тағы аяп, жетегіне ергенім.
Зал  үлкен,  оншақты  үстел,  әрі  бір-біріне  тақау  тұр. 
Отырып  екі  аяқ  шай  сұрадық.  Темекі  қорабын  алып, 
маған ұсынды.
- Не бұл, Джек, сіз темекі шегесіз бе? - деп өз көзіме 
сенбеймін. Ол үнемі жас ойыншыларға өзі сияқты темекі 
шекпеуді, ішімдік татпауды, тіпті бұл туралы ойламауды 
үйретуші еді, бірақ осы жерде саусақтарына қарадым, 
темекіден қатты сарғайып кеткені байқалады.
- Ә, иә! Сенің кезіңде шекпеуші ем ғой, - дейді ол. 
Ұялғандай тез-тез сөйлейді, ал мен:
- Жоқ, ешқашан шекпейтінсіз, - деймін.
Ол:
- Ал енді бұл туралы сен не ойлайсың, ә? - деді.
Менен не күтіп тұрғанын түсінген едім. «Бұл өрескел 
нәрсе,  Джек.  Кісі  сенбейді!»  Бірақ  өз  бойымды  жеңе 
алмадым. Мұншалықты екіжүзді емес едім.
- Сонша жыл өткен соң, солар үшін бәрін істеп берген 
соң, Боб. Мен өмірімді соларға арнадым емес пе, былай 
айтқанда, - дейді ол.

223
ҚАРАӨЗЕК
- Білем, Джек, - деймін. Ал ол:
- Әлі сол өзіңнің дене шынықтыратын нәрселеріңмен 
айналысасың ба? - деп сұрайды.
- Дене шынықтырумен бе? - деймін. - Иә. Сондықтан 
ғой  осында  жүргенім.  Дәл  осы  жөнінде  біреулермен 
әңгімелескен едім.
- Солай ма, - дейді ол, бірақ, бұл оған тіпті де қызық 
емес  екендігі  айқын  еді,  сол  жерде:  -  Чемпионатты 
екі  рет  ұттым.  Ассоциация  кубогын  үш  рет.  Ал  оларға 
қандай  ойыншылар  тауып  беріп  едім,  Боб,  қаншама 
ойыншы өсірдім!
- Білем ғой, Джек, - деймін, ал ол:
-  Мен  олардың  мыңын  үнемдедім  ғой.  Жүздеген 
мыңын. 
Басқа 
клубтарға 
сатқандардың 
өзін 
есептемегенде, - дейді.
- Иә, - деймін, ал ол:
- Тіпті сені алсақ та болады, - дейді.
«Иә»  дедім  тағы,  үнімнен  әлдене  байқалған  болуы 
керек,  кенет  маған  жалт  қарады.  Бірақ  мен  ештеңені 
астарлап  айтқым  келмеген  түр  көрсетіп  едім,  тағы  да 
сөйлеп кетті:
- Ал олар мұны қалай істеді десеңші! Білесің бе, ол 
жөнінде қайдан білдім? Газеттерден, Боб, газеттерден.
- Білем, - дедім. - Оқығам ол туралы.
- Ешқашан ұмытпаспын! - деді ол, сол сәт басынан 
қайта өткендей көзі бақырайып кетті. - Газетті ашамын, 
әнеки?  Бірінші  бетте  былай  деп  тұр:  «ЮНАйДЕТ» 
БРЕДЛАФТЫ ШЫҒАРЫП ЖІБЕРДІ». Өз көзіме сенбедім 
ғой,  Боб.  Қайта-қайта  оқимын,  әріптер  жыбырлап 
кетті.
- Иә, әрине, - дедім.
- Тап сол жерде телефонға жабыстым, - деді. - Әлгі 
сұмырай  төрағаға  хабарластым.  Не  болып  жатқанын 
түсінгім келді. Өйткені басқармадағы соңғы мәжілістен 
кейін  бір  жеті  де  өткен  жоқ  қой.  Онда  бір  ауыз  сөз 
айтылған жоқ еді. Бір ауыз сөз.
Тағы маған қарады: қалай да менің бірдеңе дегенімді 
қалап тұр еді, тағы да ештеңе дегім келмеді, әрі басыма 
соншалықты  көп  естеліктің  келгені  -  бұл  бір  жатқан 
БІР ШЫНЫАЯҚ ШАЙ

224
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
мысқыл еді. Бәрі пиғылыңа қарай, деп ішімнен қайталай 
бердім... Сөзін жалғап кетті:
-  Қоңырау  шалам,  ол  кісі  жоқ  деп  жауап  беріледі. 
Ә,  жоқ  па,  деймін.  Онда  қазір  барам  да,  ол  келгенше 
кабинетінің алдында күтіп отырам деп айтты деңіз. Не 
болды дейсің ғой?
- Не? - деймін.
-  Со  бойы  келмеді,  -  деді.  –  Бақандай  үш  сағат 
отырдым  әлгі  жерде,  со  бойы  келмеді.  Өз  кабинетіне! 
Клубқа  бардым  -  тағы  да  сол.  Ешкім  жоқ.  Басқарма 
мүшелерінің  ешқайсысы.  Телефон  шалам  —  тағы 
ешкім жоқ. Тек репортёрлер ғана. «Рас па бұл, Джек?», 
«Білмеймін» деймін. Бірақ сол кезде-ақ білдім ғой.
Екінші  сигаретін  тұтатты.  Саусақтары  дірілдеді. 
Аянышты дірілдеді:
- Не деп хабарлағанын білесің бе? Яғни ресми түрде? 
Джон  Уилкс,  хатшы  көмекшісі,  кіріп:  «Сізге  хат  келді, 
Джек» дейді. Мінеки. Хат. Біз сізбен контрактқа қайта 
отырмаймыз.  Жоқ,  оңай  ма  бұл  саған?  Ауызша  айтуға 
дәттері жетпеген.
- Иә, оңбағандық, — дедім. Бұл сөзді айта алатын ем.
- Сен ойнаған кезде командамыз жақсы еді, ә, Боб? - 
дейді. - Шабуылшы үштіктің қандай болғаны есіңде ме? 
Сен, Джо Уинтер мен Ронни Мосс?
- Иә, - деймін.
-  Хаддерсфилдтегі  кубок  кездесуі  ше,  сегізінші 
финал,  шамасы,  екі  доп  ұтылып  жатқанбыз,  сосын 
сен  екеу  салдың,  ал  Джо  қосымша  уақытта  үшінші, 
шешушісін!
- Он алтыншы, - деймін.
- Он алтыншы ма? - деп үндемей қалды. Менен қандай 
сөз  күтіп  тұрғанын  білдім,  өзімді  сонда  да  күштей 
алмадым.  Есіме  түсіп  еді:  кабинетінде  маған:  «Сені 
Лидске ауыстырамыз» дейді, «Менің ешқайда ауысқым 
келмейді  ғой,  шеф»  деймін,  ал  ол:  «Ақша  туралы  бәрі 
келісілді»  дейді,  «Бірақ  менің  ауысқым  келмейді  ғой» 
деймін.
Айғай-шу,  жұдырығымен  столды  қойып  қалады: 
«Ауысасың  дедім,  ауысасың.  «Юнайтедте»  ешқандай 

225
ҚАРАӨЗЕК
болашағың  жоқ».  Содан  соң  екі  жарым  ай  бойы  бір 
ойын ойнамайсың, тізімді қайта-қайта оқисың, жұмадан 
жұма  өтеді,  біреуінде  аты-жөнің  жоқ,  қосалқыда  да, 
тіпті  екінші  командада  да.  Кетіп  бара  жатырмын  деп 
айтсаң  да,  жалпы  ойнайсың  ба  өзі  сен  деген  ой  үнемі 
мазалайды.  Қай  клуб  сені  алады?  Әлі  он  тоғыздамын  - 
бұл  жаста  өзіңе  деген  сенімді  жоғалтып  алу  оп-оңай. 
Содан  соң  біреу  жарақат  алып,  мені  қосалқы  тізімге 
енгізді, ал маусым соңында тағы да бірінші командада 
ойнап жүрдім. Бірақ мұны ұмыта алмадым, екі жылдан 
соң «Ньюскал» маған қызығып қолқа салғанда, келісем 
дедім, ал бұл менен құтылғанына қуанды, оны аңғарып 
қалдым. Өкімін қалтқысыз орындайтын ойыншылар ғана 
оның көңілінен шығатын, қарсы келетіндер ұнамайтын.
Үнсіз  қалды,  мен  де  үнсізбін.  Кенет  маған  қарап 
тұрғанын  сездім,  көзіне  үңілдім  де  бәрін  түсінетінін 
ұқтым. 
- Мен ешкімге олай істегем жоқ, Боб, - деді.
- Иә, әрине, Джек, - дедім.
-  Мүмкін,  кей  кезде  қатты  кеткем  шығар,  -  деді,  - 
бірақ әшейін, мінезім сондай ғой. Мен үшін ойыншылар 
бірінші орында тұратын.
Басымды  изедім.  Сол  кезде  ол  маған  еңкейіп,  мені 
арбағысы келгендей, «оның не, Джек, баяғыда-ақ олай 
ойлауды  ұмытқам»  деп  айтқызғысы  келгендей  жүзіме 
жүзін  тақады  -  өйткені  жатсынғанымды  жазғыру  ма 
деп сезініп, шыдай алмады. Енді келіп бәрі оны жақтап 
шығуға  тиіс  екен.  «Қалай  бұған  жаманшылық  жасап 
кетті» деп айтуға тиіс еді бәрі. 
- Кей кезде жас жігіттердің есіне тәртіп туралы түсіру 
керек  болады  -  ылғи  бет-бетімен  кететін,  қазір  тіпті 
қиын.  Мұндайлар  ненің  жақсы  екенін  білетіндей  түр 
көрсетеді,  шындығында  түк  білмейді.  Менің  кезімде, 
соғыстың  алдында  менеджердің  сөзі  заң  еді.  Герберт 
Чэпмен, Фрэнк Бакли - олармен ешкім дауласпайтын! - 
деді.
- Уақыт өзгерді ғой, Джек, - дедім. 
-  Жаманшылыққа  қарай  өзгерді,  Боб.  Адалдық 
әлдеқашан  жоғалған.  Клуб  басқармасы  не,  ойыншылар 
БІР ШЫНЫАЯҚ ШАЙ

226
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
не.  Әй,  менің  ойыншыларым-ай!  -  деді.  -  Соңғы  сөзді 
айтар  кезде  айғай  сала  жаздады.  -  Олар  тым  құрыса 
бірнәрсе  істеді  деп  ойлайсың  ба?  Менің  кезім  болса, 
наразылық жасалар еді.
Жауап бермедім, «әрине» дей алмас ем, өйткені біздің 
тұста мұндай наразылыққа қол қоймаған болар едім. 
-  Сіз  білесіз  ғой  ойыншыларды,  Джек.  Оларға  атқа 
мінген менеджер ұнайды ғой, - дедім.
- Менің кезімде баскаша еді,- деді ол.
- Иә, қазір басқа уақыт, - дедім.
Содан соң ол маған қарап:
-  Мен  не  істесем  де,  жақсы  болсын  деп  істедім. 
Мұны  сен  білесің,  Боб.  Қандай  хаттар  алғанымды  ескі 
ойыншылардан, Джонни Гриннен хат алғанымды көрсең. 
Оның хатын көрсең, шіркін!
Бас  изедім  -  біреу  хат  жаза  қалса,  онда,  әрине, 
Джонни,  сол,  көгілдір  көзді,  момын  жігіт  шығар:  иә, 
Джек, жоқ, Джек, дегеніңіз болсын, Джек.
- Тамаша капитан ғой, ә, Боб? Жан-тәнімен берілген 
жігіт сол емес пе, - деді.
- Иә, ол аянып қалмайтын, - дедім.
Осы  жерде  маған  тағы  да  сақтана,  тіпті  жазғыра 
қарады маған. Менен «қайран Джек шалым-ай» деп айту, 
оны кешіргенімді, аяйтынымды білдіру талап етілгендей. 
Расында да оны кешіргем, расында да аяп едім. Болғаны 
осы ғана. «Міне, Джек, мұндай кезде кісінің не сезінетінін 
енді  сіз  де  білетін  боласыз»  деп  ойладым,  бірақ  мұны 
да айтқым келмеп еді. Ол бұрынғы ойыншыларды, ескі 
ойыншыларды санай бастады - анау немесе мынау матч, 
ана немесе мына жағдай менің есімде ме деп, бақытты бір 
шаңырақта ғұмыр кешкендей қылып ынта-шынтасымен 
аңызға  бергісіз  әңгіме  құрай  бастады.  Десе  де,  өзіне 
дәйім  солай  көрінген  болар:  берекелі  үйдің  қатал  иесі 
секілденді. Тындамасақ, жазалайды екен, бонысы біздің 
пайдамыз екен-мыс.
- Джек, жүретін уақытым болды менің, - дедім ақыр 
соңында, түрегеп едім, жеңімнен ұстап:
- Тағы да отырайық, — деді.

227
ҚАРАӨЗЕК
-  Амал  жоқ,  пойыздан  кешігіп  барам,  -  дедім, 
шындығында әлі жарты сағат бар еді.
-  Хат  жазып  тұр  маған,  Боб.  Қазір  мекенжайымды 
жазып берейін, – деді.
- Жарайды, Джек, тырысам. Жазуға шорқақпын өзі.
- Жоғалтып алмайық бір-бірімізді, - деді торыққаннан 
не ойлап табарын білмегендей.
- Лондонға қайта келгенімде осында боларсың...
- Мұнда сирек боламын, Джек, - дедім.
Осы  кезде  бұрыштағы  үстелден  бір  адам  түрегелді 
-  оның  біз  жаққа  ұрлана  қарап  отырғанын  алдында-ақ 
байқап қалған едім. Ол:
- Қателеспесем, мистер Бредлаф? Құрамада ойнаған 
кезіңізден-ақ есімдесіз, сэр. Мұның бәрі әшейін сұмдық 
сәттілік болды ғой, - деді.
Джек оның қолын сілкіледі - риза болғанын байқадым, 
бірақ  соның  өзінде  маған  көз  қиығымен  қарап  тұрған. 
Осы минутты пайдаланып, кетпек болдым.
- Ал жақсы, Джек, - деп қолын қыстым.
- Менің бұрынғы ойыншыларымның бірі, - деді ол, ал 
анау маған қарап:
- Иә, иә, атап айтқанда кім? - деді.
- Ал уақытым боп қалды, - деп есікке беттедім.
- Боб! - деп айғай салды.
Бұрылдым.  Маған  сол,  жалынышты  көзімен  қарап 
тұр  екен,  бірақ  мен  болсам,  әшейін,  жайбарақат  күтіп 
тұрдым. Ақыр соңында:
- Сонымен хат жазып тұр, Боб, жақсы ма? - деді.
Тағы да:
- Тырысам, Джек, - деп көшеге шықтым.
Терезеден  қарағанымда,  әлгі  кісі  оған  бірдеңе  деп 
жатыр екен, ол болса естімегендей боп отыр.
БІР ШЫНЫАЯҚ ШАЙ

228
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ТАң АЛДЫНДАҒЫ
КЕЗДЕСУ
*
 
*  Австрия жазушысы Хаймито фон Додерердің әңгімесі
ас  офицер  фон  Э.  мырза 
үш  жолдасымен  дүрілдетіп 
тұрып  жолаяқ  жасап  перронға 
шыққан  кезде  түнгі  үш  болып 
қалған  болар:  демалыс  бітіп,  
фон  Э.  майданға  қайтып  бара 
жатқан. 1916 жылдың қақаған 
қаңтары еді. 
Аздап  тойлаған  соң,  қою 
қара  кофе  ішкеннен  кейін 
біршама  жадыраған  кездері 
-  кісі  аяғы  үзілмейтін  сұр 
перронда 
шығарып 
салып 
тұрған  жолдас  та,  екінші 
класты  купеге  жайғасқан  бұл 
да  осы  терезенің  алдында 
тұрып  полктарының  резерві 
тұрған  кішкентай  қаланың 
тіршілігі  туралы,  жараланған 
соң толық жазылып шыққанша 
П.  қаласында  тұра  тұратын 
үш 
жолдасының 
әлі 
де 
басынан  өткізуге  тура  келетін, 
майданнан 
алыс, 
бейбіт 
өмірдің  іш  пыстырарлығы 
туралы  әнгімелесті.  Иә,  қала, 
әрине,  шетте  жатыр,  деді  үш 

229
ҚАРАӨЗЕК
достың біреуі жабық перронның түпкіріне - қараңғыға 
кіріп  кеткен  рельстер  мен  қабағы  түсіңкі  түнгі  аспан 
көрінген  сонау  жаққа  қадала  қарап.  Бұл  кезде  жүйрік 
пойыздың дыбысы ақырын шығып, кілт қозғалып кетті 
де,  шығарып  салушылар  артта  қалып,  қараңғы  басқан 
терезе  тұсынан  бірен-саран  электр  шамы  жылжып  өте 
шықты,  ал  көлік  шапшаң  жүре  бастаған  кезде  ащы 
кофе  ішкеніне  қарамастан  аяғында  нық  тұрмаған  фон 
Э. шатқаяқтап барып орындыққа сылқ ете қалды. Осы 
кезде ғана купеде бұған қарама-қарсы отырған тағы бір 
адамның  бар  екенін  аңдаған.  Кейінірек  фон  Э.  мырза 
қызыңқырап  тұрса  да,  алдындағының  саксондық, 
анау-мынау емес, өте ақкөңіл саксондық екенін бірден 
ұққанын  айтатын.  Мұндай  әсердің  қайдан  келгенін  өзі 
де түсінбеген. Әлгі кісі ұйқтамапты, екі бұтты талтайтып 
тастап терезенің алдына баптанып отыр.
– Қайырлы таң! - деп амандасты ол. 
–  Қайырлы  таң,  -  деді  фон  Э.  -  Сіз  де  П.-дан  келе 
жатқан боларсыз? 
–  Жоқ,  лейтенант  мырза,  жолда  келе  жатқаныма 
бірнеше  сағат  болды.  Берлиннен  отырғанмын.  Сіз 
демалысқа кетіп бара жатырсыз ба, әлде келе жатырсыз 
ба?  –  деп  сұрады  ол  багажға  арналған  торда  тұрған 
шамаданның көкала түсіне көз тастап. 
–  Демалыстан  келе  жатырмын,  қайта    майданға 
кіретін уақыт болды, – деді фон Э.
Ол өзі ойлады: «әй, мынау музыкант, шын музыкант. 
Күмән  жоқ.  Ұзын  қара  пәледе  -  жоғарыдағы  футлярда 
кернейі бар-ау. Немесе тромбон. Керней. Ха-ха. Қиямет-
қайымның  келе  жатқанын  кернейлетіп  естіртпек. 
Саксондық музыкант. Саксондық кернейші. Тура солай.
Десе де, біртүрлі. М-м». 
– Қандай аспапта ойнайсыз? - деді бұл иегін қағып, 
жоғарғы іргені нұсқап. Серігі де басының үстінде тұрған 
багаж торына еріксіз көз салды. 
– Жоқ, - деді ол, - бұл музыка аспабы емес. Рас, аздап 
скрипкада ойнаймын. Бірақ өзім үшін ғана. Мен тұратын 
Котбуста  ішекті  аспаптардың  квартетін  ұйымдастырып 
едік.  Тек  классикалық  музыканы  ойнадық:  Моцарт, 
Гайдн... 
ТАҢ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

230
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Екеуі Кёльннен жүз шақырымдай алыста еді, терезе-
нің арғы жағынан кішкентай вокзал жылт ете қалды.
-  Айтыңызшы,  -  деді  қайтадан  лейтенант,  -  анау  не 
зат сонда?
Тілі  бұрауға  келмей,  зорға  сөйлеп  отыр  еді.  Қарсы 
отырған  мырзаның  үстінде  шіркеу  қызметкерінікі 
секілді  бұрышсыз,  өрнексіз,  мойны  жіңішке,  түзу  етіп 
әдіптелген, тік жағалы киім еді. Оған қоса мойынсалғышы 
бар. «Саксондық музыкант» деп ойлады фон Э. Ойлары 
шатысып отыр еді.
-  Онда  жендеттің  балтасы  бар,  -  деді  ақыры 
«саксондық».
- Не?!!
- Жендет балтасы. Айтпақшы, мен үкімді орындауға 
бара жатырмын. Кёльнге.
-  Массаған!  Сіз  онда  әлгі...  не  деуші  еді...  жендет 
болдыңыз ғой? М-м. Енді өлім жазасы қашан?
- Таңғы жеті жарымда. Күн шыққан кезде. Оған дейін 
кей нәрсеге әзірлену керек.
- Әлгіге қарауға бола ма?
- Әлбетте.
Іші  қызыл  барқытпен  тысталған,  ұзыншақ  келген 
жәшікті  алып,  ашты.  Балта  ақ  түсті  жібек  матамен 
оралыпты  –  әдетте  қымбат  скрипкаларды  осылай 
сақтайтын.
- Рұқсат болса? - деп лейтенант балтаны суырып алды. 
Ғаламат ауыр екен, бір қарағандағы түрінен әлдеқайда 
ауыр.
- Шүйдесі сынаппен араластырылып құйылған, - деп 
түсіндірді өз ісінің шебері. - Салмақты болуы үшін.
- Өткір ме?
- Қарап көріңіз.
- Мәссаған... Мұнымен қалай енді біреудің... нетіп?..
- Өйтпегенде.
Кейін  лейтенант  фон  Э.  әлгі  сөздердің  күшті  әсер 
қалдырмағанын айтатын. «Жендеттен ондай кезде жан 
дүниесінін  не  болып  жататынын  сұрамадың  ба?  Не 
сезінеді дегендей». «Жоқ, - деп жауап беретін лейтенант 
(айтпақшы,  ол  қызулау  еді  ғой).  -  Ал  өлімге  кесілген 

231
ҚАРАӨЗЕК
жігіт  туралы  бостан-бос  сөйлей  беру  ол  кезде  маған 
орынсыздау көрініп еді...».
Міне,  пойыз  баяулады.  Артынша  үлкен  вокзалдың 
темір  жол  айырғыштарының  даусы  естілді  де,  купенің 
есігін  ашып  жолсерік  «Кё-ёльн...  Кё-ёльн...»  деп 
хабарлады.  Әлгі  зат  футлярдан  қайта  орын  тепкен 
еді.  Лейтенант  қорылдап  ұйқтап  жатқан.  Ал  иығына 
сөмкесін іліп, қолына футлярын ұстап, вагоннан сыпайы 
түрде, андаусыз түскен, мойынсалғышы бар, тік жағалы 
жендетті жарық, шулы перронда қалпақты екі шенеунік 
қарсы алды.
...Таң сыз берген; сұр қараңғылық пойыз келе жатқан 
ойға  құлап,  далаға  шөкті.  Бойда  әлі  тарқай  қоймаған 
қызулықпен бірге шыбын жанның бір бұрышына барып 
тұрып  қалыпты...  Ал  көк  ет  пен  жүректің  арасындағы 
жерде қуыс – белгісіз келешекті қарсы алуға әзір тұрған, 
үңірейген бір қуыс пайда болыпты. Арғы жағында Маас 
өзенінің даласына құлдайтын еңіс жататын, - одан өтсе, 
пойыз  майдан  жаққа  қарай  жеңіл  жүрер  еді,  -  өрге 
бар  қайратын  салған  парауыздың  екпінді  жұмысын 
лейтенант  жонарқасымен  сезіп  жатты.  Ұйқылы-ояу 
жатқан лейтенантты ояна келсе, – осы уақытқа дейін сол 
ұйқысының арқасында, қысқа мерзімге болса да, қуып 
тастап отырған, – анау, жоғарғы жақтағы, санадан тыс 
бірдеңе жанын азапқа салып жатыр еді, ол пәле осында-
тұғын, қатты ауыртып мый мен жүректің арасына кіруге 
дайын тұр...
Көзді  бақырайтып  атқан  таңға  қарап  жатты,  темір 
жолдың  арғы  жағынан  жылт  етіп  көрінген  сұрғылт 
қарды,  белгі  ағаш  пен  қорғанды  байқап  қалды.  Кенет 
қатты қобалжыды да, басына жәрдемші ой келе қалды. 
Мундирінің жеңін түріп сағатына қараған: жеті жарым.
«Міне,  қазір  балтасын  сілтеп  қалған  шығар!»  -  деді 
лейтенант фон Э. өзіне-өзі, бұл сөзді сыбырлап әлденеше 
қайталап  еді,  керемет  жеңілдік  сезініп,  орындықтың 
арқалығына  құлаған.  Пойыз  өрге  шығып,  еңіске,  Маас 
өзенінің даласына құлдилағанша біздің лейтенант қайта 
ұйқтап  кетті.  Алыстағы  соғысқа  кетіп  бара  жатып, 
жымиып қойып, жағымды, жеңіл бір түс көріп жатқан.
ТАҢ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

232
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ҚАШҚЫНДАР
*
 
апонбыз, - деді Вин, ал Сон:
–  Өйткені  әкем  солай 
дейді, - деді.
Маи  үндемеді.  Мен  кім 
екендерін,  тіпті  ештеңе  де 
сұраған жоқ едім.
Маи  төрт  жаста.  Аналар 
үлкенірек: 
Вин 
жетіде, 
Сон  беске  келіп  қалған. 
Біздің  көшеде  бәрі  оларды 
въетнамдықтар  деп  біледі, 
шындығы, 
білеміз 
деп 
ойлайды.  Нақтырағы,  воаt 
реорlе
**
,  бір  кездегі  атына 
көшсек, 
теңізбен 
жүзіп 
келген  қашқындар  (құтқару 
қайықтарынан 
алынған 
алғаш-қы 
въетнамдықтар 
туралы ағылшын сөзінен еркін 
аударсақ,  lle  de  Lumiere
***
), 
содан  кейін  ғана  өз  жерін 
тастап, өзге жерге үміт артып 
теңізбен қашқан, - ал олардың 
бәрі  өстіп  келетін,  -  сансыз 
кезбені осылай деп атайтын.
*  Испан жазушысы Висенте Сотоның әңгімесі
**  қайықтағы ел (ағылш.)
***  жарық аралы (франц.)

233
ҚАРАӨЗЕК
Біздің  көшеде  Вин,  Сон  және  Маи  жеті-сегіз 
ай  бұрын  пайда  болды.  Тура  өз  елінен  келген  бе? 
Білмеймін.  Бірақ  келгені  рас.  Олар  Лондонның  түрлі-
түсті мозайкаға айналған қалың жұртына сіңіп кетті, ал 
үйлерінің артындағы бақта гүл емес, жасыл саумалдық, 
капуста, брусель капустасы, картоп, салат өсіп тұрды. 
Осылай  болғаны  жөн  деп  ойлаймын  өз  басым.  Вин 
мен Сон осыны айтқан кезде, бәріміз менің кішкентай 
гаражымда тұр едік. Машинаны шығарайын деп есікті 
ашқанымда,  олар  жол  беріп  жатқан.  Аттарын  жақсы 
білетінмін,  өйткені  Вин  бір  кезде  жазып  та  берген. 
Көздері  қыли  (әлбетте),  ал  кекілдері  ескі  абажурдың 
салпыншағындай қозғалып тұрады.
- Жапонсыңдар, - дедім. - Әрине.
Қуғынның  неше  атасын  көрген,  -  ал  бұл  біздің 
заманда өлім аузына сүйрегенмен бірдей, - олар Батыста 
«въетнамдық» дегеннен гөрі «жапон» дегеннің әлдеқайда 
жылы естілетінін жақсы біледі.
- Әрине, мен ылғи солай деп ойлаймын. Жапонсыңдар.
Вин ақырын ғана жымиғандай көрінді маған.
Осы  кезде  олар  машинамды  жууға  рұқсат  сұрады. 
Ақшасына, әрине. Өйткені бір рет рұқсат еткен едім...
- Ертең, бүгін асығыспын.
Үйдің  артындағы  бақты  айнала  қоршаған  кішкене, 
тар көшеге шықтық.
Олар кетпеді. Гараждың жанындағы тоғайдан жабайы 
кептер  ұшып  шығып,  көрші  дуалға  қонды.  Қанатының 
қағысынан қолдың шапалақтағанындай дыбыс шығады.
- Саған құстар ұнай ма, - деп сұрады Маи.
Өзінің  дауысы  құстың  үніндей.  Шешесінің  әуеде 
жоғалып кеткен балапандарын іздеген құстай дауысын 
созылтып  бұларды  шақырғанда  үні  осылай  шығар  еді. 
Маи  тағы  да  құстар  ұнай  ма  деп  сұрады.  Неге  екенін 
білмеймін, түсінбегендей:
- Құстар? Қандай құстар? - деп қайта сұрадым.
Тоғайдан он шақты құс дабырлай ұшты, көзін төмен 
түсірген Вин ақырын ғана, бірақ жұлып алғандай:
- Үндеме, Маи, - деді.
Ал Маи менен:
ҚАШҚЫНДАР

234
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
- Сен де құс аулайсың ба? - деп сұрады.
Аспанға  қарадым  да,  алды-артына  қарамай  қашып 
бара жатқан уақытты көрдім.
Көкте әлі жұлдыз қалың еді, бүгін әкем мені өзімен 
ертіп  алды,  өйткені  есейіп  қалғам,  шаршамаймын.  Таң 
қараңғысында  шығып  ұзақ  жүрдік.  Алдымда  әкем, 
артында  мен,  ал  менің  соңымда  үлкен  тор  темірі  бар 
Винсент  ағай;  әкем  демалып  жатқандардың  ішіндегі 
ең  бойы  биігі,  ал  Винсент  ағай  Кастел-де-Кастелс 
азаматтарының ішіндегі ең ұзыны, бірақ бәрібір әкемнен 
биік емес, әрі өзі арық, бір көзіне ақ түскен, ал мен тіпті 
аласамын.  Құрақ  шыбығына  байланған  торды  жайып 
жатқанымызда біз тұрған сайдың қар суынан жұлдыздар 
көрінді.  Бірақ  бізге  жасырыну  керек  еді,  темір  торды 
жерге қойып үлкен жаңғақ ағашының түбінде отырдық. 
Әкем  де,  Винсент  ағай  да  темекі  тартты.  Қараңғыда 
сигарларының  ұшы  О  мен  S  әріптеріне  ұқсап  қызарып 
тұр.  Бірақ  таң  атып  қалған,  құстар  әндерін  үзбей  суға 
қонып  жатыр,  суды  шашқан  сары,  жасыл,  қаракөк 
түсті  құстар  қызыл  ала,  көк  ала  құраққа  оратылып 
қалып  жатыр,  жіп  ұстап  тұрған  Винсент  ағайдың  қолы 
дірілдейді.  Мен  де  тартып  қалғым  келеді.  Қолынан 
ұстай аламын, өйткені маған ән салатын құстарды ғана 
аулаймыз  деген,  ал  Винсент  қолы  жіпті  тартқан  кезде 
бұлардың бәрі шырылдай түседі де, мен жіпке жабыса 
беремін...
...маған  қарап  тұрған  бұлардың  ең  үлкені  Винге  көз 
салсам - әлде өзінің басы айналып, әлде менің басымды 
айналдырып, - оны үйлерінің артындағы бақтан көремін: 
ол  қашып  кеткісі  келеді,  өйткені  торға  түскен  құстар 
аласұрып  жатыр,  бірақ  әкелері  оны  ұстап  алыпты, 
кішкене  күтсе,  ас  үйдің  есігінің  алдында  топырлаған 
үйелмен есі кетіп таң қараңғысына қарай бермек. Мүмкін 
өздерінің  осы  бағының  түпкірінде,  картоп  пен  капуста 
өсіп тұрған жерде тор мен сарғалдақтың бұтағынан өріп 
жасалынған,  қытайдың  бір  айлалы  құралымен  аулаған 
шығар. Әкесі серпілтейін деп:
- Білесіңдер ғой, әнші құстарды жіберіп, жейтіндерін 
ғана қалдырамыз, -  дейді.

235
ҚАРАӨЗЕК
Маи:
- Олардың бәрі әндетпей ме, - дейді.
Әкесі:
- Енді, кейбіреуі аздап әндетеді, - дейді.
Кептер  қанатын  дабырлай  қағып,  мен  есімді  жинап 
алдым. Жанұшыра қағып жатыр.
Үшеуі  де  маған  таңдана  қарап  қалыпты.  Гаражға 
кіріп  машинама  міндім.  Мен,  соңымызда  жасырына 
мүлгіп жатқан үрейден қорғанып, уақыттан пана іздеген 
(жұрт  сияқты)  қашқын,  көктегі  бір  ғана  құстың  торға 
түскен жүз құстан артық екенін бұл өмірде баяғыда-ақ 
білгенмін.  Өйткені  олардың  ұшқанда  ғана  қадірі  бар, 
бар  ғұмыры  –  әуеде.  Бірақ  осы  күнге  дейін  мен  –  құс 
аулаған бала – жанталаса аласұрған құс көрсем, дірілдеп 
кетем.
Бұларға  үлгі  айтуым  керек  сияқты  көрінді.  Құстар 
мен гүлдерге деген бір іңкәрлік туралы. Қарттарға ше? 
Әрине қарттарға да, неге болмасын. Мыйымнан шықпай 
қойды  осы.  Машинаны  оталдырып,  гараждан  шығып, 
тоқтадым. Әлі маған қарап тұр. Машинамен ақырын таяп 
келдім,  олар  ептеп  шегінді.  Не  айтсам  екен?  Құстарды 
жақсы көру керек, тор құрмау керек деп пе... Машинадан 
басымды шығардым. Ештеңе айтпаймын, тек:
- Бәріміз boat people! Мен де! Сендермен бір boat! - 
деп айғайлаймын.
Газ басқанымда, үшеуі сақылдап күліп жіберді. Жан-
жаққа қаша жөнелген.
ҚАШҚЫНДАР

236
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
*
 
*  Испан жазушысы  Фернандес де ла Регераның әңгімесі.
ейде осы туралы әңгімелейтін. 
Алғашқы  кезде  жылаушы  еді. 
Содан  соң  қойды.  Айналаң 
-  қиянат  пен  қайғы,  несіне 
шағынып, қақсай бересің?
- Өмір осы.
Жастық  шақ,  үміт  пен 
арман артта қалған. Қазіргісі - 
үсік  пен  қайыршылық,  аштық 
пен  ауру,  қор  болу  мен  жек 
көрушілік,  жан  азабы.  Қыз 
енді  жыламайды.  Бойында 
салқындық 
пен 
қаталдық 
қалды. Қалғанының бәрі жым-
жылас.  Қайтесің  енді,  өмір 
осы.
Әуелі 
қара 
жұмысшы, 
қызметші,  содан  соң  ұры,  ең 
аяғы  жезөкше  болды.  Одан 
ары?  Аш,  ауру  сүлдері  ғана 
қалыпты.  Азғындық,  әскер 
қазармаларының 
жанында, 
ашық аспан астында жұқтырып 
алған  аурулары.  Содан  соң 
тамақ 
қалдығына 
кезекке 
түру,  тіленшілік  өмір,  жуынды 
төгетін жерлерді аңду. Қаланың 

237
ҚАРАӨЗЕК
шетіндегі тау етегінде үй ретінде қазылған інде тұрды.
Шешесі кейде:
- Сенің байлығың - денең, - дейтін.
- Иә. 
Ал кемпірлер қолтыққа су бүркеді. 
- Ақымақ болма. 
- Жоқ. Оған бармаймын. 
- Денең – сенің... 
- Ол еркек саған жаңа көйлек сатып әпереді. 
-  Ол  саған  кәмпит,  тағы  не  жақсы  көресің  -  бәрін 
әпереді. 
- Көп ақшаң болады. Байғұс шешең... 
- Сен айтқанға жүріп, асты-үстіне түсіп, жылы қабақ 
танытуың керек, естисің бе? 
Он үш жаста еді, арқасында ауыр бұрым. 
- Сені бір рет көріпті, қатты ұнатып қалыпты. 
- Сенің байлығың - денең... 
- Ол өте мейірімді. 
- Ол – нағыз сері. 
- Жоқ. Жоқ. 
- Ол бай. 
Арқасында тоқпақтай бұрымы бар. Жамау көйлек. 
Шешесі  соңғы  күш-қайратын  жұмсап  әлденені  еске 
түсіруге тырысты. 
-  Жоқ.  Ештеңе  есімде  жоқ.  Бәрін  ұмыттым.  Шарап 
беріңдерші. 
Көше. Жартылай қараңғы кафе. 
-  Қалған  тамақтан  бірдеңе  және  ветчина  мен  екі 
бутерброд  әкеліңіз.  Мүмкін  басқа  бірдеңемен  жегің 
келетін шығар? 
- Жоқ, жоқ. 
- Қызыл шарап әкеліңіз. Бірдеңе жейсің бе? 
- Жоқ, жоқ. 
-  Бәріне  сеньор  төлейді.  Сен  өзіңді  дұрыс  ұстасаң, 
болды,  бәрі  жөнімен  болады.  Ол  кісі  мейірімді,  оның 
үстіне  сен  оған  ұнайсың.  Онымен  жылы-жылы  сөйлес. 
Жаңа көйлек, түрлі кәмпит. Нағыз қуыршақ еді... және 
тағы бір еркек. 
- Қалайсың, қарғам? 
ЖАЛҒЫЗДЫҚ

238
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
- Жақсы. 
-  «Құдайға  шүкір,  сеньор,  жақсы.  Ал  сіз  қалайсыз?» 
деп айту керек. 
- Болды енді, қойыңызшы.
- Ал сен отыр, отыр. 
- Қыз қалай? Жаман емес, ә? 
- Сүйкімді. 
- Ол қыз мейірімді, жайлы, рас қой? 
- Иә, сеньор. 
- Атың кім? 
- Исабель. 
- «Исабель, айтқаныңызға құлдық, сеньор» деп жауап 
беру керек. 
- Бірдеңе ішкің келе ме? 
- Жоқ, сеньор. 
Ол  қыздың  иегінен  ұстады.  Қыз  өзіне  оның  саны 
тигенін сезіп жатыр. Қорқыныштан селк еткен. 
- Қорықпа, мен сенен ештеңе аямаймын. 
- Міне, көрдің бе, ашушаң қыз. Айтпадым ба саған? 
Ақылды бол. 
Қатын бұларға бір қарап, арсыздана күлді. 
- Тыңдаңызшы, сіздің жасыңыз келіп қалса да, әлі сол 
баяғы... 
- Енді, айналайын, жас ұлғайған сайын дәмдірек қой 
шіркін... 
- Барыңыз, барыңыз, жабысып қоймады ғой тіпті. 
Он үш жаста еді, арқасында тоқпақтай бұрымы бар. 
Шала жуылған құлақ, мойын, кір-кір қолдар.

239
ҚАРАӨЗЕК
ПРОГРЕСС
*
 
*  Түрік жазушысы Сейфеддин Омердің әңгімесі
аз.  Рамазан.  Шыжыған  ыстық. 
Түсірілген  перделердің  артын-
да 
лапылдаған, 
қайнаған, 
қапырық,  бірақ  тып-тыныш 
тозақ  тұр-ау  деп  ойлауға 
болады.
Бөлме.  Жасыл  тұсқағазды 
қабырғалар. Екі таныс – Ниязи 
мен  Нешет  кең  креслоларға 
жантайып  алып,  темекілерін 
бұрқыратып, әңгімелесіп отыр.
- Иә... 
- Тіпті сену қиын... 
- Осынша  қысқа  мерзім-
де!.. 
- Осындай прогресс!..
- Осындай өзгерістер!.. 
- Өз көзіңе сене алмайсың!.. 
-  Он  жыл  бұрын  көшелер-
дің  қандай  болғанын  есіңе 
түсірші...  Үйлерді,  фаэтон-
дарды, трамвайларды, киімдер-
ді есіңе түсірші. Ал кемелер!.. 
- Телефон да болған жоқ... 
- Электр болды ма өзі? 
- Ал кино? 
- Автомобиль ше? 
ЖАЛҒЫЗДЫҚ

240
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
- Ал граммофон?
- Міне, граммофон болды... 
- Болды, бірақ қандай?.. 
- Иә, міне, қандай?..
  - Он бес жыл бұрын мен қырық пара беріп, құлағыма 
резеңке тұрбаны төсеп, қырылдаған дыбысты тыңдаушы 
едім. 
- Аэроплан туралы не айтасың? 
-  Тіпті  сене  алмайсың-ау!  Кісілер  құс  сияқты  әуеде 
ұшып  жүреді  дегенге  бұрын  кім  сенер  еді?  Түріктер 
ұшады деп біреуге айтып көр!..
- Ал цепеллин?.. 
- Ө, шайтан! Зор мәшине - ол әуеде ұшады! Қалай, ә?..
- Иә, бұл рас!.. 
- Жақсы, бірақ қымбатшылық туралы не айтасың?
-  Әрине,  өзге  дүние  секілді  ақшаның  да  сатып  алу 
қасиеті барлығы секілді өзгерді ғой. Ақша көбейіп кетті. 
- Тауар бағасы да өсті... Ақшаның азаймай, көбейгені 
рас па? Ойпырмай, ә, неге аз, көп емес? 
- Ант етейін, білмеймін... 
- Мен де білмеймін.
- Білмейтініміз туралы айтып не керек? 
- Жөн, бірақ... 
- Не бірақ?.. 
- Оның бәрі бізге байланысты емес. 
-  Тікенексіз  раушан  гүлі  болмайтынын  мойындау 
керек. 
- Иә, әлбетте...
- Прогрестің де бір көлеңкелі жағы болуы керек қой.
- Атап айтқанда не? 
- Мысалы... 
Ниязи  мысал  айтуға  үлгермеді.  Көшеден  бөлмеге 
өткір,  қою,  нәзік,  жағымды  әрі  қобалжыңқы  сазды 
дауыс кіріп келеді:
«...Дүние қалай өзгерген!  Баяғы күн өтті. Енді мейі-
рімділік, қайырымдылық, адамгершілік жоқ! Әркім тек 
сауық-сайран мен ермек табуды ғана ойлайды! Жақынын 
ешкім керек қылмайды. Не болып кетті бұл?..»
Достар  бір-біріне  қарап,  қанға  сіңген  әдетпен 

241
ҚАРАӨЗЕК
түтіндеген  шылымдарын  бір  мезгілде  күлсалғышқа  
басып өшіреді. 
- Не бұл?.. 
- Білмеймін... 
Көшеден  шыққан  жағымды  үн  сол  күшімен,  сол 
жұғымдылығымен,  сол  ұлылығымен,  сол  шешендігімен 
сөзін жалғайды:
  «...Мына  дүние  -  өлексе!  Оған  ұмтылған  иттер 
қайғы қабады. Ояныңдар, ел-жұртым! Ғаламға көз тігіп, 
даналықты игеріңдер. Өткінші нәрсеге алданбаңдар!..»
  Нешет бір қолымен басын, екіншісімен сары пижама 
қусырып тұрған бөксесін қасыды. Ниязи астыңғы ернін 
тістеді, креслодан баяу түрегеледі.
- Бұл не?.. 
- Не сандырақ! 
- Бірақ қалай әдемі сөйлейді! 
- Әрі қандай ерекше үн! 
- Рухтанған шешеннің нақ өзі. 
- Дәл солай.
Көшеден шыққан дауыс:
«...Бүгін  біз  тіріміз,  ертең  —  жоқпыз!  Күнді  түн 
ауыстырады.  Жарықты  қараңғы  ауыстырады.  От 
күлге  айналады.  Өмірден  соң  өлім  келеді.  Кім  ажалға 
сенбейді?  Алтынға  көміліп,  темір  мен  болат  қамалға 
тығылсақ  та,  ажал  оғы  тауып  алады!  Ерте  ме,  кеш  пе, 
ол бізге қадалады. Қамшы сабындай тіршілікте бейқам 
жүріп, өзі туралы ғана ойлап, ертеңгі күнін ұмытса, оны 
қалай адам деп айтамыз?.. 
- Жоқ... Бұл — хайуан!..
- Айтыңызшы, өзін ғана сүйіп, ләззаттан басқа ештеңе 
іздемейтіндердің хайуаннан айырмасы қандай?..»
Нешет түрегеліп:
- Мынау философ қой! 
- Оның үстіне тұңғиық екен... 
- Иә, керемет терең философ! 
- Жоқ, не айтқанын тыңда сен!..
Көшедегі  дауыс  одан  да  зор  ынтамен,  қобалжыңқы 
әрі айбынды шықты.
«...Ешкім  рақымдылық  пен  мейрімділік  туралы 
ПРОГРЕСС

242
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ойламайды!  Ешкім  адам  туралы  ойламайды.  «Садақа» 
сөзі  ұмытылды.  Жеңдер,  ішіңдер,  ойнаңдар,  күліңдер, 
билеңдер!.. Тамаша үйлеріңде, таза, жылы төсектеріңде 
түстен  кейінгі  ұйқымен  рахаттаныңдар!..  Е,  ізгілік 
істеуші, қайдасың сен?!..»
- Мынауың әрі социалист қой! -  Креслоның арқасына 
шалқайған Ниязи таң қалады.
- Онысы несі? 
- Тал түсте, көшенің қақ ортасында жалғыз өзі осылай 
деу!
- Мүмкін ол жалғыз емес шығар? 
Ниязи  креслодан  түрып  терезеге  барады,  пердені 
ысырып, кенет қарқылдап қатты күліп жібереді.
- Міне, қызық... 
- Не ол жақта? 
- Кел, қара! 
Көруге  ынтыққан  Нешет  терезеге  жүгіріп  келіп, 
пердеден  көшеге  сығалайды.  Тротуарда  алба-жұлба 
киімді кісі ары-бері жүр екен. Иығында дорба, қолында 
таяқ. Көзін ана терезеден мына терезеге жүгіртіп, иіліп 
садақа сұрап жүр:
- Алла үшін бір үзім нан! 
Ниязи  мен  Нешет  жүргіншіге  біраз  уақыт  үңіліп, 
содан соң түсінбегендей бір-біріне қарайды. 
- Ал не айтасың? 
- Көзіме сенбей тұрмын! 
- Қайыршы... 
- Иә, қайыршы философ! 
- Жоқ, қайыршылықтың философы! 
- Оның үстіне тумысынан шешен екен. 
- Шешен ғана емес... 
Ниязи тағы да пердені ысырып, танысына бұрылады:
  -  Біздің  драмалық  театрда  осындай  қоңыр  үнді 
бірде-бір әртіс жоқ.
- Алла атымен ант етейін, жоқ. 
Екі таныс күледі.
- Ал қандай мәнер! 
- Соны айтам...
Екі  досқа  өмір  үнемі  өзгеріп,  бүгінгі  күн  кешегіге 

243
ҚАРАӨЗЕК
мүлде ұқсамайтыны туралы өздерінің ойларын бітімімен, 
уағызымен бекіткендей көрінген «қазіргі» қайыршының 
үні көшеден әлі естіліп тұр:
«...Күліңдер, күліңдер!.. Күлкі көз жасымен аяқталады. 
Кездесудің  соңы  айырылысу  болады.  Жаздан  соң  күз 
келеді. Прогрестен соң құлдырау келеді. Өмір өліммен 
аяқталады. Уа, қарасаңдаршы мына дүниеге даналықтың 
көзімен!..»
Дауыс бірте-бірте қашықтайды. Енді жөн ғана естіліп 
тұр. Тек алыс бір жерде дұға оқып жатқандай көрінеді...
Нешет пен Ниязи тағы да креслоға жантайып шылым 
шегеді.
- Он жыл бұрын Стамбулда осылай шешен сөйлейтін, 
жарқыраған  дарыны  мен  ғажайып  даналығы  бар  тым 
құрығанда бір профессор болды ма?..
- Ал қазір...
- Қайыршының осынша шешендігі!
- Дәлірегі, осынша бейбастағы!
- Иә, кісі сенбейді.
- Ант етемін, кісі сенбейді! Прогресс...
ПРОГРЕСС

244
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
КЕК
*
 
*  Сирия жазушысы Үлфат әл-Идлибидің әңгімесі
ниверситетті 
бітіргеннен 
кейін  Мунир  досымды  көрмеп 
ем. 
Үйді-үйімізге 
тарап 
кеткенімізге  бес  жыл  өтіпті. 
Жолым  болмай,  әжептәуір 
дайындалған 
адвокаттық 
қызметімді  тастап,  саудамен 
қызу 
айналысып 
кеттім. 
Коммерсант 
әріптестерімнің 
ішінен жаңа достар таптым.
Университетегі  жолдаста-
рыммен, 
тіпті 
Мунирмен 
байланысты үзіп алып едім.
Бірақ  тағдыр  оны  тағы 
кездестіруге  жазыпты.  Бұл 
тіпті  кездейсоқ,  қыстың  бір 
кешінде,  сауда  ісімен  барған 
қалада  болып  еді.  Іңір  кезі-
тін.  Немен  айналысарымды 
білмей, 
үлкен 
трактирге 
атбасын тірегенше көшелерді, 
базарларды аралап келдім. Бұл 
орындарға  баруды  суқаным 
сүймейтін,  тек  сол  бір  кеште 
неге  өйткенімді  әлі  күнге 
түсіне  алмаймын.  Үстеліме 
жақын жерде ұрты салбыраған 

245
ҚАРАӨЗЕК
бір ер адам отырды. Ол бокалдан соң бокал толтырып, 
онысын  сол  мезет  «төңкеріп  тастайды  екен».  Содан 
соң түрегеліп, аяғынан зорға тұрып, жас қыз бен жігіт 
отырған үстелдің қасына барды. Олардын сөзін бөліп, 
әлгі қызды қылжақ қылып, өз үстеліне сүйремек болып 
еді, қыз жұлқынып шығып кетті. Әлгі кісі оның жеңінен 
қатты  тартып  қалды.  Жас  жігіт  бұлардың  тынышын 
кетірмеуін  айтып,  масты  жақсылықпен  көндірмек  еді, 
бірақ  балағат  сөздің  неше  атасы  мен  соңғы  оспадар 
қылық  оның  төзімін  тақа  тауысты.  Жақын  тұрған 
үстелден  тостағанды  жұлып  алып  кісінің  басынан 
бірақ  ұрды.  Шекеге  түскен  жырықтан  қан  бұрқ  етті. 
Кісі  еденге  құлап,  есінен  танып  қалды.  Трактир  іші 
абыр-сабыр  болып  кетті.  Қызметшілер  жүгіріп  келіп 
жаралыны  еденнен  көтеріп  алды.  Менің  қасымнан 
әкетіп  бара  жатқан  кезде,  міне,  оның  Мунир  досым 
екенін таныдым. Иә, бұл сол еді!
- Бұл мырза осында ойын қойып, екі кештің бірінде 
қарық  қылып  жүр  бізді!  -  деді  қызметшілердің 
біреуі.
Мен Мунирді ауруханаға апаруды борышым санап, 
оның есі кірмей тұрған кезде сол жерге қалдырдым. 
Қонақ үйге қайтып келген соң ұйқтамақ болдым, бірақ 
досымнын  өмірі  туралы  әр  түрлі  ойлар  келіп,  кірпік 
қақпай  шықтым.  Студенттік  жылдарды  еске  алып, 
мінезі сабырлы, ақылды, қуатты, жастық шақтың көп 
күнәсі мен теріс қылығынан таза, салмақты жас жігітті 
көз алдыма ойша келтірдім. Содан соң өткен кештің 
суреті - ойран салғыш маскүнем, жастығына қарамай 
алжа-алжасы  шыққан  кісі,  трактирдегі  жаманшылық 
көрінісі  келе  қалды;  қыдырманың  күнде  салатын 
ойранын еске алып, «құдай сақтасын!..» деппін.
Түні  бойы  ұйқтай  алмай,  таң  атысымен  ауруханаға 
елден  бұрын  жетіп  бардым.  Мені  көріп  Мунир  айран-
асыр болды, - оны кеше палатаға жеткізіп салғанымды 
білмейтін.  Осы  жөнінде  айтқанымда  біздің  кездейсоқ 
кездескенімізге өкінетінін айтты.
- Сені, әрине, мына жағдайым таң қалдыратын шығар? 
- деп үстемеледі біраздан соң.
КЕК

246
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
-  Әрине!  Мені,  әлбетте,  жараң  қызықтырмайды,  ол 
ештеңе етпейді ғой.
-  Сенем,  достым,  дегенмен  емі  жоқ  жара  бар  ғой 
менде.  Тән  жарасы  тез  бітеді,  жан  жарасының  емін 
кайдан табам?
- Үмітсіз - шайтан, бәрін емдеуге болады емес пе!
-  Сенің,  сірә,  басымнан  өткенді  оқиғаларды  білгің 
келіп  тұр  ғой.  Есіркеп-мүсіркеп,  ақыл-кеңес  бергіштеп 
жатпасаң, айтып берем.
- Бұл міндетті шарт па?
- Иә, бәрін білгің келсе!
-  Қайттік  енді,  күштеп  көндіру  ердің  қылығы  емес! 
Келістім!
- Онда тыңда, - Мунир күлді. - Мен кек алып жүрмін!
- Кек алып жүрмін? - Қайран қалғаным сонша, даусым 
шығып кетті.
- Иә, өмірімнің осылай болғанын қалаған өз әкемнен 
кек алып жүрмін.
Ызалана күліп Мунир төсегіне түзеліп, тік отырды.
-  Менің  Эльгамға  -  шешемнің  немере  қарындасына, 
менің  нағашы  қарындасыма  деген  махаббатым  есіңде 
ме.  Университетте  оқып  жүрген  кезімізде  ол  туралы 
саған айтқанмын. Бұл махаббатты құмарлық, жындылық 
немесе  есалаңдық  -  қалай  атасаң,  өзің  біл,  бірақ  бар 
ойым мен сезімімді сол жаулап алып, бүтін әлемде тек 
бір  қызды  -  Эльгамды  ғана  көретінмін!  Университетте 
үш жылымды өткіздім, осы уақытта шын бақытты едім - 
сүйгеніме ұзыннан ұзақ хат жазып, болашағыма зор үміт 
артып,  арман  теңізіне  батып  кететінмін.  Тамаша  қосақ 
болатынымызға  сенімді  едік.  Мен,  өзің  білесің,  әке-
шешемнің  жалғыз  ұлымын  ғой,  мол  байлық  келешекте 
мұрагерсіз қалмасын деп әкем менің үйленгенімді күтіп 
жүретін.  Университетпен  қош  айтысып,  үйге  қайтып 
келіп,  бірден  Эльгам  туралы  әңгіме  бастадым.  Әке-
шешем, қалай болса да, әсіресе жаңалықты шын қуана 
тыңдаған  шешем  үйленуге  карсы  болмады.  Әкем,  рас, 
біршама тымырсық, тіпті суықтық танытты, онысы мені 
аң-таң қылды.
Келесі  күні  барлық  жайтты  Эльгамға,  оның  үйіне 

247
ҚАРАӨЗЕК
хабарлау  керек  деп  шешілді.  Құда  түсетініміз  туралы 
хабар қызметші жұрттың арасына тарап кетіп еді.
Кенет бір кәрі қызметші әйел шешеме жүгіріп келіп, 
сес көрсете айғай салды:
-  Аспан  айналып  жерге  түссін!  Мунирдің  Эльгамға 
үйленетіні  рас  па?!.  Ағасы  қарындасына  үйленді  деген 
не сұмдық! Олар ағалы-қарындас емес пе - екеуін мен 
өзім  мына  омырауыммен  емізіп  едім  ғой!  Бәйбіше,  сіз 
не, мұны ұмыттыңыз ба?
Шешем таңданыс білдірді:
- Ештеңе есімде жоқ, білгем жоқ!
Қызметші  әйел  айтқанынан  қайтпай  мені  мен 
Эльгамды қатар емізгемін деп сұмдық қарғанды...
Бұл  әшкере  сөз  төбемнен  жай  түсірді,  көктегі  күн 
жалп етіп өшіп қалғандай еді. Шешем менің қайғымды 
мейірімділікпен, аяушылықпен жеңілдетуге, кез болған 
сордан  серпілтуге  тырысты.  Әкем  де  мұңға  батқандай 
еді. Ойлана келе, бұл жаңа жағдайға керемет бір маңыз 
бермейінші деп шештім: өйткені менде Эльгамға деген аға 
мен қарындасқа тән сезім жоқ еді. Осы шешімім туралы 
естігенде әкем қарсылық білдірді, жаратқанның қаһары 
туралы айта бастады, иманнан кетесің, құдайсызсың деп 
айыптады: бұл реттегі діни заңдар ап-айқын ғой. Ақыр 
соңында  көнуден  басқа  амал  қалмады.  Бәрі  бытысып 
кетті: сүйтіп, Эльгамды сүйіктім деп емес, қарындасым 
деп тануым керек болды.
Шамам  жеткенше  одан  қашқалақтай  бастадым... 
Қайран қыз қатты тұйықталып кетті. Махаббатыма күдік 
келтіріп,  әсіресе  қызметшінің  әлгі  сөзі  өз  міндетінен 
құтылу үшін менің ойлап тапқан қулығым деп ойлағаны 
маған ауыр тиіп, жүрегімді жаралады.
Эльгамды үміт үзер сұмдық бір торығу жаулап алды, 
жастық  дәурені  тез  сола  бастады  -  нәзік  өркен  қатал 
соққыны көтере алмайды. Эльгам қайтыс болды.
Қатты  қайғырдым.  Шешем  шамасы  келгенше 
жұбатты.  Уақыт  бірте-бірте  жарамды  емдей  бастады. 
Тіпті қанша әділетсіз, қатал болса да, әдетте тағдырдың 
жазғанына көнетініміз рас қой?
Бір  жыл  өткен  соң  әкем  сәтті  жағдайды  таңдап  бір 
КЕК

248
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ағайымның  қызына  үйлен  деп  маған  ұсыныс  жасады. 
Бұл  кезде  ағайым  өлген,  оның  жалғыз  қызы  әкемнің 
қамқорлығында қалған еді, ол бай туысын тәрбиелі қыз 
деп,  келешек  нағыз  келін  деп  танитын.  Басты  нәрсе, 
әрине, басқа еді: некеміз қиыла қалса, біздің байлыққа 
жаңа дәулет келіп құйылар еді...
Маған келсек, ол қызға деген ешқандай сезімім жоқ 
еді, оның үстіне үйленуді болмай қоймайтын шара деп 
қабылдадым. Өзіме ұнайтын қыз таба аламын, ал менің 
жүрегімді жаулап алады деген үміт менде тіпті жоқ еді: 
Эльгаммен өткен күндерім басымнан шықпайтын.
Тойдан  кейінгі  өмір  сүреңсіз,  сұрғылт  қалыпта 
өтіп  жатты.  Күнделікті  аралас  -  әйелім  екеуіміздің 
арамызды жақындатты, әсіресе шешем көз жұмған соң. 
Қосағымнан  мейірімділік  пен  аяушылық  таптым.  Ол  – 
алла куә, жылы жүректі, көркем мінезді, әңгіме тыңдап, 
тіл табыса алатын әйел.
Содан, бір күні өміріміздің қалыпты ағысын бұзған 
кез келді. Мені мен Эльгамды емізгемін деген, қарғыс 
атқыр қызметші әйел терезе жуу үшін сатымен шығып 
келе жатқан. Кенет саты құлап, қызметші еденге гүрс 
ете түсіп, оң қолын сындырып алды. Жақынырақ тұр 
едім, жақтырмай жүрсем де, көмектесуге ұмтылдым.
- Құдай жазамды берді, е, мырзам! Қолымды қиратып 
алдым! - деп зар иледі қызметші. Қатты ауырғандықтан 
өзіне  тән  сабырды  жоғалтып  алып:  -  Мен  өтірік  ант 
ішіп, сені мен Эльгамды айырып жіберіп едім! Бірақ ол 
менің күнәм емес! Әкең ақшаға қызықтырып, өзінің бай 
ағайынының қызына сені үйлендіру үшін осы қылмысқа 
шырмап қойып еді...
Осы  мойындаудан  кейін,  достым,  өз  әкеме  деген 
менің  сезімімнің  қандай  болғанын  баяндап  жатпай-ақ 
қояйын. Оның жексұрын қылығына арландым. Масқара 
ғой!  Жек  көріп  кеттім  әкемді.  Онымен  бір  үйде  тұру 
жиренішті  бола  бастады,  жалпы,  мына  дүниеде  өмір 
сүру  жиренішті  болып  кетті!  Өзімді  өзім  өлтірейін 
деп  шештім,  әйткенмен  баяу  өлімді  таңдап,  шарапқа 
салындым.  Көріп  отырсың,  ойланбай,  ақылға  салмай, 
әзәзілдің  жолында  басымды  жоғалтып  ішіп  келемін 

249
ҚАРАӨЗЕК
-  міне,  соның  ақыры!  Әкемнің  жүзінен  мұң  көрген 
сайын алынған кегімнің шаттығын сеземін. Ол ешқашан 
сыртынан ұрпағына қарап сүйсіне алмайды! Иә, достым, 
жақсылық  пен  мейірім  күткен  адамым  бақытсыздық 
әкелді.
Мунир әңгіменің майын тамызатын. Ол ептеп басқа 
тақырыпқа  көшіп,  мұңды  оқиғаға  қатысы  жоқ  басқа 
нәрселерді айтып кетті.
Қайтатын  уақыт  келгенде  соңғы  кездесуіміз  осы 
екенін  сезгендей  қимай  қоштастым.  Көзімнен  жылт 
еткен жасты көріп Мунир мысқылдай жымиған.
КЕК

250
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
АКИКО
*
 
*  Жапон аңызы. Жапонның ескі аңыз, әпсаналары - көп томға жүк болған асыл мұра. 
Солардың  бір  түрі  -  «қайдан»  деген  жанрда  жазылған  көне  әңгімелер.  Бұлардың 
тақырыбы - елес иелері мен тылсым дүние.
стананың  түбінде,  Сёца-нийи 
ғибадат  үйінің  жанындағы 
зираттың 
арғы 
жағында 
Такахама деген карт кісі тұратын 
кішкене  ғана  жалғыз  үй  бар 
еді.  «Ақыл-есі  аздап  ауысқан» 
деп  есептегенімен,  достық 
пейілдегі  бір  қалыпты  мінезі 
үшін көрші-қолаңның бәрі оны 
жақсы  көретін.  Бұдда  рәсімін 
ұстанатын  адамның  шаңырақ 
көтеріп,  ұрпақ  жалғастыруы 
тиіс екені белгілі, бірақ ол бұл 
үйде,  міне,  жиырма  жылдан 
асты,  бір  өзі  ғана  тіршілік 
кешіп  жатыр.  Үйіңе  бір  әйел 
кіргізіп  ал  деп  бірде-бір  жан 
Такахаманы  көндіре  алмапты. 
Және  оның  біреумен  көңілдес 
болғанын да ешкім көрмеген.
Бір күні жаз айында жағдайы 
нашарлап, Такахама өзінің дәм-
тұзы таусылғанын сезді. Жесір 
қалған  жалғыз  қарындасына 
және  одан  туған,  өзі  керемет 
жақсы  көретін  жиеніне,  – 

251
ҚАРАӨЗЕК
жиырма жастағы жас жігітке, – біреуді жүгіртіп жіберді. 
Алып-ұшып  жеткен  екеуі  «шалдың  бұл  өмірден  кетер 
сәтін  жеңілдетіп  қалайық»  деп  қолдан  келгеннің  бәрін 
істеп жатты.
Шыжыған  тал  түс  еді.  Жесір  әйел  ұлы  екеуі  жан 
тапсырғалы жатқан шалдың қасында отырған. Такахама 
ұйқтап  кетті.  Осы  кезде  үйге  бір  үлкен  көбелек  ұшып 
кіріп,  сырқаттың  жастығына  қонды.  Жиен  жігіт  оны 
желпуішпен  қуып  еді,  көбелек  қайта  сол  жерге  ұшып 
келді. Тағы қуып еді, тағы қайтып келді. Жиен ашуланып, 
оны  бақшаға  қуып  шықты.  Бірақ  көбелек  ұшып  кеткісі 
келмеді,  сонда  жас  жігіт    желпуішін  сермеп,  қанаты 
құлпырған,  әдемі  жәндікті  бақшаның  ішімен  қуалап, 
ғибадат үйінің жанындағы зираттың ашық есігіне қуып 
тықты. Ал көбелек одан ары өз бетімен ұша алмайтындай 
қалып танытып, оның алдында бір түрлі көлбең-көлбең 
етіп  тұрып  алды.  Жігіт  оны  бір  сәтке  әдемі  жәндікке 
айналған Ма
*
*
 екен бе деп сескеніп қалды. Қуалай-қуалай 
бейіттердің  ең  түбіне  жетіп  қалғанын  да  байқамады. 
Осынау қалың шөп басқан жерге келгенде көбелек бір 
бейіттің  құлпытасына  қонып  жоқ  болып  кетті.  Қалай 
іздесе де, жігіт оны таба алмаған. Сонда ол құлпытасқа 
көз тастады. Онда өзіне бейтаныс бір әулеттің есімімен 
қатар  «Акико»  деген  бір  ауыз  сөз  жазылыпты,  ал 
соңындағы сөйлем Акиконың он сегіз жасында қайтыс 
болғанын хабарлап тұр еді. Иероглифтің терең іздеріне 
мүк  шығып,  құлпытастың  жиырма  жылдан  бұрын 
қойылғанын айғақтап тұр еді. Бірақ оның жақсы күтімде 
болғаны таңғалдырады: алдында таяуда ғана үзілген бір 
шоқ гүл мен таза су құйылған ыдыс тұр еді. Үйге қайтып 
келген  жігіт  нағашысының  қайтыс  болғанын  естіді. 
«Ажал  шіркін  ұйқыдағы  жанға  ақырын  келген  кезде 
өлі  жүз  жымиды»  дейді.  Жиен  жігіт  шешесіне  қайда 
болғанын және бейіт басынан не көргенін әңгімеледі.
-  Е-е!  -  деп  даусы  шығып  кетті  әйелдің.  -  Бұл  сол 
Акико ғой!
- Кім ол Акико деген, апа?! - деп сұрады жігіт.
-  Сенің  мейірімді  нағашыңа  жас  кезінде  көршінің 
**  Зұлым рух (миф.).
АКИКО

252
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Акико  деген  тамаша  қызын  айттырып  қойған  едік. 
Бірақ  қыз  той  белгіленген  күннің  қарсаңында  көкірек 
ауруынан  қайтыс  болып  кетті  де,  жас  күйеу  үлкен 
қайғыға  батты.  Қызды  жерлеген  ағаң:  «енді  ешқашан 
үйленбеймін, әйелдерге қарамаймын» деп өзіне-өзі сөз 
берді. Содан соң қалыңдығының бейітін көріп тұру үшін 
осы зираттың жанынан кішкентай үй тұрғызады. Осының 
бәрі  жиырма  жыл  бұрын  болған  еді.  Осы  ұзақ  уақыт 
ішінде, жаз болсын, қыс болсын, бәрібір сенің ағаң күн 
сайын зиратқа келіп, қызының басында дұға оқитын. Өзі 
бұл туралы біреудің еске салғанын ұнатпайтын, ешқашан 
ешкімге әңгімелемейтін... - деді жесір әйел.
Бірақ әйтеуір Акико оны алып кетуге келіпті. Үлкен ақ 
көбелек соның жаны еді.
Бір күні мен солып қалған гүлдің өз бұтағына қайтып  
оралғанын  көрдім.  Бірақ,  өкініштісі,  бұл  –  үркіп  ұшқан 
көбелек еді...

253
ҚАРАӨЗЕК
УЛАНУ - 
ҚИЫН НӘРСЕ
*
 
ешкі  астан  кейін  кітап  оқып, 
қарсаңында 
ғана 
ауланған 
бұзаубас  шабақтармен  әпікті 
басып, 
анда-санда 
сакэ
**
 
жұтып  қойып,  жалғыздықтың 
құшағында 
отырғам. 
Кенет 
сёдзи
***
  сырғып,  «Киёкава» 
мекемесіндегі Эйко кіріп келді.   
– 
Сэнсэй
****

сёдзидегі 
көлеңкеңізді  байқап  қалып, 
бас  сұғып  шығайын  деп  едім. 
Жұмысыңыз 
жаман 
жүріп 
жатқан  жоқ  сияқты.  Сыйлап 
берерсіз? – деді ол мен жасырып 
үлгермеген, сакэсі бар шөлмекті 
көрсетіп.  
Сакэні маған Такасина әкеліп 
еді.  Ол  өзі  ішпейді,  біреуден 
сыйлыққа  үш  шөлмек  алыпты: 
екеуін үйіне жиі жиналып, ошақ 
басында шүйіркелесіп отыратын 
қонақтарына  қалдырып,  біреуін 
маған  берген.  Ол  кезде  мен 
сакэнің  дәмін  енді  түсіне 
бастағам  және  бір  отырғанда
*  Жапон жазушысы Сюгоро Ямомотоның әңгімесі.
**  Сакэ - жапон арағы.
***  Сёдзи – жапондардың үйндегі қағаз жапсырылған, жылжымалы далда.
****  Сэнсэй – ұстаз деген мағынада.
АКИКО

254
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
  екі  годан
*
  артық  ішпейтінмін.  Ақшаның  жағдайы 
да  қиын  еді,  сондықтан  ішкім  келгенде  бір  го  ғана 
алатынмын.  Осындай  байлыққа  кенеліп,  бақыттан 
басымның қалай айналғанын көзге елестетуге болатын 
шығар. Ал ерегескенде осы жерде Эйко пайда болды. 
Эйко шағын, арзанқол асханада жалға жұмыс істейтін, 
онда  келіп-кетушілерге  сүйкімді  әрі  пысық  малай 
қыздар  ерекше  қызмет  көрсетеді.  Сондай  қыздардың 
бірі – осы Эйко.
Аузы сөзден босамай, Эйко үйге кірді, шай ыдысына 
арналған  кішкене,  арзан  асадалды  ашып,  көзді  ашып-
жұмғанша  дастархан  жайып  жіберді.  Оның  жүргеніне 
көндігуге тура келетінімді түсініп, үй иесіне ұқсап арғы 
бетіне  Эйко  жайғасып  үлгерген,  жазылған,  жинамалы 
үстелге  қарадым.  Бірден  тарамаса  да,  суық  сакэнің 
күштірек  әсері  бар  екенін  асығыс  түсіндіріп,  Эйко 
өзіне  деп  шайдың  бір  шынаяғын  шөлмектен  толтырып 
құйды.  Мен  тым  құрығанда  жылытылған  сакэсі  бар  өз 
шөлмегімді  тезірек  құтқарып  алу  керегін  ұғынып,  қыр 
көрсеткендей тура алдыма қойдым.
Эйко  жарты  айдан  бері  жұмыстары  онша  жүрмей 
жатқанын айтып, оның бәрі түкке тұрмайтын жігіттердің 
көбейіп кеткенінен деп шағымданды.  
– Мен, астанада туған қыз, бұған қалай шыдамақпын? 
– деп ол айқын білінетін, әлде ямагата, әлде фукусима 
акцентімен  сөзін  тұжырды.  Расында,  мен  «Киёкава» 
мекемесіндегі тек өзге екі қыздың сөзіне қарап, акценті 
нақ  Ямагата  немесе  Фукусима  тұрғындарына  тән  деп 
шеше алатын болып едім. Олардың қателесуі де мүмкін. 
Әйтсе де, Эйконың Токиода туып-өспегені, оның үстіне, 
өзі  сендіргісі  келгендей,  астананың  дәл  ортасындағы 
Канда ауданынан емес екені даусыз еді.
–  Білесіз  бе,  сэнсэй,  бір  күні  біз  бір  жігіт  екеуіміз 
өзімізді-өзіміз өлтірмек болдық. Тағы құйып қойыңызшы! 
– Эйко әжептәуір қызыңқырап та қалып еді.
Мен одан бірдеңе сұрадым. Ол шынаяқтың ернеуін 
жалап – тілі жуан, бір қарыстай ұзын еді – былай деді: 
–  Құдай  ақы,  өтірік  айтпаймын!  «Қарағай  үйшігінің» 
*  Го – 0,18 литрге тең сыйымдылық өлшемі.

255
ҚАРАӨЗЕК
қожайын  әйелінен  сұраңыз.  Мен  дәл  сол  кезде  соның 
қызметінде жүргем. Қалай болғанын айтып берейін бе? 
Тек алдымен «Нэтогав» ресторанына бірдеңе тапсырған 
жөн еді. Аямаңыз, сэнсэй, сізге ақша түскен сияқты ғой.
Ақша  туралы  айтып  едім,  Эйко  есіркеп  таңдайын 
қақты. Содан соң астыңғы ерінін шығарып тағы сакэ құя 
бастады өзіне. 
–  Кімнен  сұрасаңыз  да,  жұмыстары  ілгері  баспай 
жатыр.  Тіпті  жиренішті.  Осылай  кете  берсе,  қарғыс 
атқан өмірмен қош айтысуға тура келер, - деп міңгірледі 
Эйко.  -  Міне,  Киси  Ганмен  де  жол  болмаушылықтың 
шарықтап тұрған шағында уланып өлейік деп шешіп ек. 
Айтып берейін бе, сэнсэй?
Әдепкіде  мұндай  кезде  селқос  бола  қалатынмын. 
Өйткені осы тектес қыздардың шімірікпей өтірік соғатын 
әдеті болады, өз өмірі туралы әңгімелерінің тоқсан тоғыз 
пайызы  ойдан  шығарылады  -  арзанқол  романдарды 
оқу  мен  экраннан  көргеннің  қойыртпасы.  Мұның  бәрі 
саған  тіпті  қызық  емес  екенін,  әдеп  үшін  ғана  тыңдап 
отырғаныңды түріңмен байқатсаң, шындықтың пайызы 
шамамен үштен екіге өсе бастайды.
–  Мен  сондаймын:  шала,  дүмбілез  болғанды 
ұнатпаймын,  –  деп  бастады  Эйко.  –  Қуырылған  болса, 
тісте  шықырлайтындай,  тұздалған  болса,  тұла  бойды 
шымырлататындай  болсын.  Ал  былай,  қайдағы  жоқ 
былжырақты  жек  көрем.  Сосын  мен  бірге  өлеміз  деп 
бірден шештім! 
Сабыр сақтауға тырысып, оған сұрақ қойдым.
– Е, сіз сол туралы ма? – Эйко біртүрлі мырс етті. – 
Егер мен шынында онымен бірге өлгім келсе, алдыңызда 
өстіп отырмайтын едім. Таңғалмаңыз, сэнсэй!
Жым болдым, одан әрі таңғалмадым. 
Эйконың айтқаны мынау еді.
Бес    жыл  бұрын,  қазанда  болыпты  бұл.  Эйконың 
досының  лақап  аты  Киси  Ган  екен,  жаман  аурулардың 
дәрілерін сататын фирмада коммувояжёр болып істепті. 
Кейін  Эйкодан  оның  шын  атын  білетін  бе  едің  деп 
сұрағанымда, өкінішпен иығын қиқаң еткізіп:
– Біз өлеміз деп шештік қой, оның есімі секілді ұсақ-
УЛАНУ – ҚИЫН НӘРСЕ

256
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
түйекке қызыққаннан пайда жоқ еді маған, – деп жауап 
берген.
Киси  Ганмен  алты  ай  әуреленіпті.  Ол  жасым  бар-
жоғы  жиырма  сегізде  деп  сендірген.  Бірақ,  Эйконың 
пікірінше, жасы отыз екіден кем емес еді. Киси Ган өткір, 
суық  өңді,  күнге  тотыққан,  ірі  жігіт  еді.  Осындай  дос 
тапқанын  біліп  Уракасу  мекемесінің  қыздарының  бәрі 
Эйконы  қатты  күндейтін.  Киси  Ган  фирмасының  аты 
ақ  иероглифпен  жазылған,  қызыл  түсті  мотоциклмен 
келуші еді.
– Мотоцикл ылғи әдемі жел жіберетін, – деп қиялдай 
сөйледі Эйко.
Қыстығып  күліп  жібере  жаздадым,  бірақ  сол 
мезетінде-ақ  сакэге  шашалып  қалған  болып  түр 
көрсеттім.
Уракасуға  келген  соң  Киси  Ган  жұмыстарын  бітіріп, 
сакэ ішейін деп одэнъяға
*
 бара жатып, Эйкоға шабарман 
жөнелтті. Арзан асханадан «Қарағай үйшігіне» дейін бес 
минутте  жаяу  жетуге  болатын,  бірақ,  «Қарағай  үйшігі» 
сияқты  мекемелердің  салты  бойынша,  егер  қызметші 
қызды  басқа  жерге  шақырса,  қожайын  әйел  кейбір 
соманы төлеуге тиіс еді – қыздар күнбе-күнгі жалақыда 
жүретін.  Шақыртылған  қыз  бірден  танымал  болар  еді, 
сондықтан қыздардың өзі «айып» төлеуге дайын тұратын.
Жарты жыл өтті. Бір күні кешке «Қарағайлы үйшікке» 
сопа басын сүйретіп Киси Ган келді. Үстіне тозған кимоно, 
жалаң  аяғына  ескі  сандал  киген.  Эйкоға  автобуспен 
келдім деді, түрі іш өткізетін дәріні қатарынан бір жеті 
ішкен жанға ұқсайтын еді. 
Бұлар  сакэнің  бірінші  шөлмегін  әлі  босатып 
үлгермеген, кенет Киси Ганның Эйконың мұнымен өлгісі 
келе ме деп сұрағаны. 
– Мен оны көре сала лезде «бұл жерде бірдеңе бар» 
деп шештім! Ал бірге өлейік деп ұсыныс жасағанда, е-е, 
достым,  қайда  бұрып  бара  жатырсың  деп  ойладым!  – 
деді Эйко үнін әуездете созып.
Киси Ган фирманың ақшасынан бес жүз иена жұмсап 
*  Одэнъя  –  қайнатылған,  тәтті  картоптан  жасалған  тағам  –  одэнмен  және  түрлі 
дәмдеуішпен дәмделген соя пастасын беретін арзанқол асхана.

257
ҚАРАӨЗЕК
жіберіпті.  Үйелмені  –  әйелі,  үш  баласы  бар  еді.  Ал 
Эйкомен танысқалы бері ақша тіпті жетпейтін. Ол қолын 
ақырындап  фирма  кассасына  сумаңдататын  болды  - 
әуелі  қалтаға  бес-он  иенадан  сүңгітіп  жіберіп,  Эйкоға 
деген  махаббаты  лапылдай  түскен  сайын  батылданып 
он бес иенадан, тіпті нағыз жігіт осылай істеу керек деп 
санап, әр алғанда жиырма иенадан жымқыратын болды.
Жаратқан  сома  бес  жүз  иенаға  жеткенде  әшкере 
болып, қожайыны ақшаны тез қайтаруын талап етті.
–  Қайтармасаң,  сотқа  берем,  –  деп  қалың  қара 
қастарын қорқыта қозғап, шыңылтыр үнмен ескертті.
Қожайын  жетпістен  асып  кетсе  де,  әжептәуір  жас 
көрінетін.
Киси  Ган  таныстарын  жағалап  шарқ  ұрды,  бірақ 
ұзамай-ақ  екі  жүз  иенадан  артық  жинай  алмайтынын 
түсінген,  ал  қожайын  соманы  түгел  қайтаруын  талап 
етті. Киси Ган әйеліне бәрін мойындауға батпай, Эйконы 
тастай алмаймын деп сендіріпті. Міне, содан соң басқа 
жол жоқ-мыс деп, оған бірге өлейік деп ұсыныс жасаған.
–  Лас  неме,  байқаймын  қайда  бұрып  бара 
жатқаныңды, деп ұға қойдым мен. Түсіндіңіз бе, сэнсэй? 
–  Эйко  қызына  айғайлап  жіберді.  –  Шынымен  сізге 
түсініксіз бе? Жетпеген ақшаны тәнін сатып тауып берсе 
екен деп тіледі. Өлгім келмес, бірақ өтім жарылып кетсе 
де, үш жүз иенаны оған тауып берейін деп шештім. Тек 
мені оңай деп жүр екен!
Ол  кезде  Эйконың  өзінің  жұмысы  онша  жүрмей 
жатқан.  Ол  Киси  Ганға  тиын-тебені  ғана  бар  екенін, 
галантерея  дүкеншесі  мен  қоғамдық  моншаларға 
біршама  қарыз  екенін  айтып  шағынып,  Киси  Ганмен 
бірге өзін-өзі өлтіруге дайын екенін айтты, оның үстіне 
бұл  дос  қыздарының  арасында  екеуара  махаббаттың 
биік  көрінісі  деп  саналатынын,  олардың  әрқайсысы 
өмірінде  тым  болмаса,  бір  рет  осы  секілді  бірдеңені 
бастан өткізгісі келетін. Сонда Киси Ган бірдеңеге қатты 
бекінгендей,  әсері  аса  күшті  ұйқы  дәрісін  әкеліп,  оны 
ішіп  алғасын  екеуі  де  мәңгі  ұйқыға  кететінін  айтты. 
«Бүрсігүні  кешке  келем,  байқа,  айнып  қалма»,  –  деп 
ескертті ол. Эйко өзінде немістің ұйқы дәрісі бар екенін, 
УЛАНУ – ҚИЫН НӘРСЕ

258
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
өзіңнің  үлесіңді  әкелсең,  болды  деп  жауап  берді.  «Ол 
қайдан жүр сенде?» – деп сұрады Киси Ган. Эйко дәрінің 
жақында  уланған  құрбысынан  қалғанын,  атауы  есінде 
жоқ  екенін,  бірақ  өлу  үшін  бір  шымшым  да  жететінін 
айтып берді. Осымен олар тарқасын.
–  Келмейтін  шығар  деп  шештім  мен,  бірақ  бір 
керегі  болар  деп  ұйқы  дәрісін  даярлап  қойдым,  – 
Эйко  әңгімесін  жалғады.  –  Қожайын  әйеліміз  басы 
ауырғанда  әдетте  норпон  деген  бірдеңені  ішетін. 
Норпон  –  сынған  әйнекше  жалтыраған  аппақ  нәрсе, 
ал  оған  аздап  ұн  қоссаңыз,  ұйқы  дәрісіне  ұқсайтын. 
Осылай істедім де.
Қысқасын  айтқанда,  Эйко  өзін-өзі  өтірік  өлтірмек 
болады.  Рас,  Киси  Ганның  келетініне  сенімді  емес  еді, 
бірақ  ол  уәделескендей  дәл  келді.  Мақтадан  тігілген, 
іштен  киетін  ақ  кимононы,  осы  секілді  дамбалды 
көрсетті:  киім  қызымен  бірге  о  дүниеге  кетпек  болған 
ғашық  үшін  жасалған  екен-мыс.  Мұндай  кимоно  мен 
дамбалды  кез-келген  дүкеншеден  бір  жарым  иенаға 
алуға болатынын Эйко кейін білді.
–  Кешкі  тоғыз  шамасында  келді  ол.  Жұмысым 
бұрынғыдай  онша  жүрмей  жатқан  кез,  үстелге  қоятын 
бір го басы артық сакэ де жоқ еді, – деп жалғастырды 
Эйко.  – Киси Ганға осылай деп едім, бүгін соңғы түніміз 
деп бір иенадан үш қағазды суырып алды. Мынаны қара, 
деп ойладым мен, шынында жомарттың қолын жоқ кесе 
алмайды екен.
Эйко сол жерде ішімдік пен тіскебасарға кетеді. Бір 
иена, жиырма сэнаға
*
 сакэнің екі литрлі шөлмегін, отыз 
сэнаға күнге кепкен балық пен цукудани
**
 сатып алдым. 
Қалғанын мекеменің қожайын әйеліне бере салдым. Ол 
болса,  молшылық  құдайы,  құтқарушы  деп  Киси  Ганға 
алғысын жаудырып жатты. 
–  Содан  соң  біз  іше  бастадық,  бірақ  басында 
қызбағанымыз  түсініксіз  еді:  осы  түнде  өлуге 
жиналғандықтан  шығар,  –  деп  ықылық  ата  сөзін 
*  Сэна  –  Жапонияда  соғысқа  дейін  иенаның  жүзден  біріне  тұратын  бақыр  тиын, 
қазір қолданылмайды.
**  Цукудани – қант қосылған соямен қайнатылған ұсақ шабақ.

259
ҚАРАӨЗЕК
жалғастырды  Эйко.  –  Бір-бірімізге  туыстарымыз, 
жақындарымыз туралы әңгімеледік, туғаннан жолымыз 
болмай келе жатқанына назаландық. Ақыры мүлдем мас 
болып, құшақтасып жыладық.
Он бірде мекеме жабылды. Қонақтар кетті, қожайын 
әйелімен  ұйқтауға  жатты,  қыздардың  да  бәрі  ұйқтап 
қалды.  Сол  кезде  Киси  Ган  «Жетті  мезгілі!»  деді.  Эйко 
топанша  аққан  тәтті  жасын  тыя  алмады,  тыйғысы  да 
келмеді, бірақ Киси Ган ер-азаматқа тән мінез көрсетіп, 
өзімен бірге әкелген ұйқы дәрісін суырып алды. Эйкоға 
сөмкесінен өзінікін алудан басқа жол қалмады. Бұл сәтте 
ол  кенет  Киси  Ган  дәріңді  көрсет  деп  талап  етсе,  бұл 
тарапта жөн біледі ғой, сүйтіп, өтірігім ашылып қалар ма 
екен деп үрейленген. Бірақ Киси Ган үндемей шынаяққа 
су  құйып,  дәріні  жұтып,  ішіп  жіберді.  «Мен  де  қорқақ 
емеспін» деп ойлап, Эйко сол шынаяққа су толтырып, өз 
дәрісін жұтты.
–  Содан  соң  біз  төсекке  жатып,  қатты  құшақтасып, 
егіліп жыладық, – деп жалғастырды Эйко. – Ары қарай 
не болғанын айтпаса да, болады. Өздеріңіз түсінесіздер: 
өлмек  болған  ғашықтар  ажал  алдында  көңіл  көтеруге 
тырысады ғой. Біз де сүйттік.
Қашан ұйқтап кеткеніміз есімде жоқ. Тек түннің бір 
уағында  біртүрлі  дыбыстар  оятып  жіберді.  Киси  Ган 
төсекте  аяғын  талтайтып  жіберіп,  үздіксіз  ықылықтап 
жатыр  екен.  Төсектен  атып  тұрып,  жалаңаяқ  күйімде 
полиция бөлімшесіне жүгірдім.
Эйконың  шатасыңқы  әңгімесін  тыңдап  алып,  жас 
полицей  әбігер  болды,  әріптесін  оятып,  бөлімге  тез 
телефон  шалып,  дәрігерге  жүгіріп  кетті.  Бөлімшеге 
дәрігер  келгенде  Эйко  төсін  тырналап,  ауырсынып 
бүрісіп  қалды.  Оған  бір  лайлы,  ақ  сұйықты  қоярда-
қоймай ішкізіп, асқазанын жуып жатты. Міне, міне, өліп 
қаламын  деген  үрейден  Эйко  тіпті  дәрігердің  қолын 
тістеп алды.
Бұл  уақытта  басқа  полицей  «Қарағайлы  үйшікке» 
бара  жатқан.  Оның  не  болып  жатқаннан  еш  хабарсыз 
тұрғындары  тыныш  ұйқтап  жатыр  еді.  Полицейлер 
аяғынан  тік  тұрғызған  қожайын  әйел  мен  қыздардың 
УЛАНУ – ҚИЫН НӘРСЕ

260
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
үрейі  ғаламат  ұшып,  Киси  Ган  жатқан  бөлмеге  ұшып 
барды.  Көздеріне  бос  төсек  түседі.  Киси  Ган  жоғалып 
кеткен.  Ауырсынып,  шыдамай  сыртқа  секіріп  кетті  деп 
шешті  бәрі.  Өрт  сөндірушілерді  оятып,  шам  жағып, 
іздеу  басталды.  Ұзамай  көпірге  жақын  жағадан  Киси 
Ганның  сандалы  табылады.  Суға  бірнеше  жайпақ  түп 
қайық түсіріледі, бірақ Киси Ганның денесі сол күйінше 
табылмайды.
Осының бәрі туралы Эйко кейін естиді, өйткені оны 
полиция  бөлімшесінен  бірден  ауруханаға  алып  кеткен 
еді.
Полиция  Киси  Ган  қызмет  атқарған  фирмаға 
телефондаса, ол, әлденеше күн болды, жұмыс істемейді 
деп  жауап  береді.  Бұрынғы  тұратын  жерінен  жақында 
көшіп кеткен, қайда екені белгісіз деген хабар келеді.
Полиция тергеуі кезінде Эйко «мені өзін-өзі өлтіруге 
мәжбүр етті» депті.
–  Көрдіңіз бе, сэнсэй, қандай ақыл жасадым, – деп 
мақтанды  Эйко.  –  Күдіктенбей  мен  де  у  іштім,  Киси 
Ганның өліміне күнәмнің жоғы рас.
  Алдын-ала  тергеу  камерасында  Эйконы  екі  жеті 
ұстап,  шығарыпты.  Бұл  оқиға  бәріне  селқос  қарайтын 
провинцияда  болып  еді.  Дәрігердің,  әрине,  Эйконың 
асқазынан  айдап  шыққанды  сараптамаға  беруге  қолы 
тимеген.  Киси  Ганның  сүйегі  сол  беті  табылмады  – 
сонымен іс бітеді. «Қарағайлы үйшіктегі» «өзін өлтірген 
екеу» туралы естелік қана қалды, осының шапағатымен 
Эйконың да Уракасуда ерекше танымал болып кеткенін 
айта  кету  керек.  Бірақ,  өкінішке  қарай,  танымалдылық 
басқа да дүниелер секілді өткінші ғой, екі ай өткен соң 
«Қарағайлы  үйшікте»  болған  оқиға  туралы  ойлауды  да 
ұмытып кеткен бәрі.
–  Бұл  ештеңе  емес,  бірақ,  сэнсэй,  ары  қарай  не 
болғанын тыңдаңызшы, – деп жалғастырды Эйко.
Мен сакэден бір сіміріп қойдым.
–  Тек  осылай  немқұрайлы  жүз  көрсетпеңізші.  – 
Шынаяғынан Эйко біршама жұтып қойып, жөтелді, үш 
рет  түшкірді,  көзіне  ытып  шыққан  көз  жасын  туалет 
қағазының  бір  жапырағымен  сүртіп  қойып  айғайлай 

261
ҚАРАӨЗЕК
жөнелді:  –  Албасты  басқыр!  Жаныма  қатты  баты  ғой! 
Білесіз бе, сэнсэй, әлгі Киси Ган тіпті де өлмепті!
Мен  өзім  де  Киси  Ган  тірі  қалған  шығар  деп  ойлай 
бастағам,  бірақ  ұсынысымды,  өздеріңіз  білесіздер, 
сыртқа шығарғам жоқ.
Шамамен  жыл  өткен  соң  «Қарағайлы  үйшігіне» 
жақын  тұрған  арзанқол  асханаға  бір  жігіт  кіріп,  ішетін 
бірдеңе сұрады. Үстінде әбден тозығы жеткен костюм, 
қолында  көксоқтаның  көкесін  көрген,  шағын  шабадан. 
Іңір  кезі  еді,  үстелде  бірнеше  балықшы  мен  қайық 
иелері отырған, бірақ ешқайсысы енді кірген жігітке мән 
бермеді. Бұл жерде, олжа түсіріп қалатын кез болмаса, 
басқа  бөтендерге  көз  тастау  деген  әдет  жоқ  еді.  Әлгі 
жігіт  бәрінен  жүзін  жасырғысы  келгендей  кепкісінің 
күнқағарын  көзіне  түсіріп  отыр  еді.  Бірсыпыра  ішіп 
алған соң ол қарсы алдында отырған қайықшыға қарап:
– Тыңдашы, былтыр осы жерде біреу өзін-өзі өлтіріпті 
дейді ғой.
Ол  секілді  бірдеңе  болған  да  шығар,  ұмытып 
қалыппын дегендей басын шайқады қайықшы.
–  Қалай  сен  білмейсің?  «Қарағайлы  үйшіктен»  бір 
әйел болды. Оэй деп пе, Эйко деп пе, шақыратын. Ол 
дәрі  сатушымен  бірге  өзін-өзі  өлтірген  еді  ғой,  –  деп 
қоймады бейтаныс.
Балықшылардың  бірі  әңгімеге  құлай  қойып,  сөйлеп 
жатқанға  ептеп  қарай  бастады.  Содан  соң  таң  қалған 
дыбыс шығара, онысын зорға басып, білдіртпей сыртқа 
атып  шығып,  жанұшыра  полиция  бөлімшесіне  шауып 
кетті. Полицей бірден асханаға ұшты.
– Мойында, сен Киси Гансың! Өтірік алдаймын деп те 
ойлама, міне, куә! – деді полицей иығынан қағып қалып.
– Дұрыс, – басын салбыратып сыбыр етті әлгі жігіт. – 
Мен сол Киси Ганмын.
Киси Ганды полицияға жеткізіп тастайды, бұл кезде 
«Киёкава» мекемесіне өткен Эйконы да шақырады. Киси 
Ганды көріп Эйко мәңгіріп қалыпты.
– Ә, сен тірі екесің ғой?! – деп айғай салсын.
– Сен де өлі емес секілдісің, – деп мырс етті Киси Ган.
Бірінші  тергеуде-ақ  Киси  Ган  бәрін  мойындады. 
УЛАНУ – ҚИЫН НӘРСЕ

262
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Қатысып  отырған  Эйконы  ыза  буып,  қаны  басына 
шапты. Жігітке кенеше жабысып, бетін тырнап, тепкілей 
бастады.  Тіпті  оны  Киси  Ганнан  жұлып  алайын  деген 
полицейді тістеп те алды.
– Сіздің көзіңізше айтылмау керек еді, сэнсэй, – деп 
жалғастырды  Эйко.  –  Бірақ  еркектің  бәрі  -  меніңше, 
жаны ашымас хайуан, сужұқпас алаяқ. Полицей де сол, 
сондықтан ғой тістеп алғаным.
Шынында  сені  немене  сонша  жындандырған  деп 
сұрадым Эйкодан.
– Түсінбейтін не бар мұнда? – Эйко қайран қалды.– 
Киси Ган менде күшті ұйқы дәрісі бар деп сендіріп еді, 
ал  өзі  кәдімгі  ас  содасын  ішіпті!  Мені  қалай  ақымақ 
қылғанын көрдіңіз бе! – Эйконың еңіреп жылап жібергені 
сонша, осының бәрі былтыр емес, кеше ғана болғандай.
– Ол оп-оңай мазақ етті ғой. Қалай ыза болмаймын, 
мен сорлы!
Езуімді зорға жиып, сұрақ қойдым.
–  Қалай  сөйтіп  салыстыра  аласыз?!  –  деп  қатты 
ашуланды  Эйко.  –  Шынында  да  у  ішкен  мен  болып 
шықтым ғой. Дәрігер маған алғашқы көмегін көрсетіп, 
түтігін  аузыма  салды.  Бұл  өтірік  болса,  мені  алаяқ  деп 
айыптар  еді.  Ал  мына  сұмырай  Киси  Ган  бөлімшеден 
бөлімге,  одан  полиция  басқармасына  жөнелтіліпті. 
Түрмеге отырғызып, оған қоса айыппұл төлетеді деген. 
Адал адамдарды алдағанды білетін болады енді.
Босаған шөлмекке мөлие бір қараған Эйко орнынан 
тұрып, өзіне риза қалыппен мұрнының астынан ыңылдай 
үйден шығып кетті.

263
ҚАРАӨЗЕК
ТӘНІНЕН КӨШІП
КЕТКЕН ЖАН
*
 
яньшоудың» билік құрған үшінші 
жылында  Цинхэден  шыққан 
Чжан  И  Хэнчжоуда  шенеунік 
болып,  сонда  тұрақтап  қалды. 
Мейірімді кісі еді, бірнеше досы 
болды.  Ұлы  жоқ  еді,  екі  қызы 
болды. Үлкені баяғы бала күнінде 
қайтыс болып кетті де, Цяньянь 
деген  кішісі  елге  ардақты,  сұлу 
қыз болып бой жетті.
Чжан  Идің  шаңырағында  – 
Таюаньнан  шыққан  Ван  Чжоу 
–  әпекесінің  ұлы,  ажарлы, 
қабілетті  бозбала  тұрды.  Чжан 
И өзінің жиенін сыйлайтын және 
«уақыты  келгенде  Цяньяньды 
саған  ұзатамын»  деп  жиі 
айтатын.
Чжоу мен Цяньянь бірін-бірі 
қатты  жақсы  көрді,  бірақ  қыз-
*  Қытайдың Таң дәуіріндегі (VII - X ғғ.) жазушысы Чэнь Сюаньюдің әңгімесі
ТӘНІНЕН КӨШІП КЕТКЕН ЖАН

264
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
дың әке-шешесі бұл туралы тіпті сезбейтін де еді. Алайда 
кейін әкесі бір шенеуніктің ұлына қызымды беремін деп 
уәде беріп қояды. Мұны естіген қыз мұңға батып, жас 
жігіт  те  қайғыға  салынады.  Ол  қалаға  барып  емтихан 
тапсырайын  деп  нағашысынан  рұқсат  сұрайды.  Чжан 
И  жиенінің  меселін  қайтара  алмай,  сән-салтанатпен 
шығарып салады.
Жүрегіне тылсым шер байлап кеткен Чжоу шығарып 
салушылармен  қоштасып,  қайыққа  отырады.  Кеш 
батқанша  ұзақ  жүзіп,  дөңесті  жағаға  келіп  тоқтайды. 
Дәл түн ауа, – ұйқтай алмай жатқан, – тез жүріп келе 
жатқан аяқ дыбысы естіледі: біреу қайыққа таяп келді. 
Жолаушыға  дауыс  берсе,  ол  Цяньянь  болып  шығады. 
Күтпеген  бақыттан  Чжоудың  есі  ауып  қала  жаздайды. 
Қыздың қолын ұстап, неге келгенін сұрады.
– Сені түсімде де ұмыта алмаймын, – деді қыз жылап 
отырып. – Ал мені басқа біреуге ұзатамыз деп әлек. Сенің 
ғұмыр бойы мені ғана сүйіп өтетініңді білем. Сондықтан 
өзімді саған арнап, әке-шешемді тастап кеттім.
Бақыт пен қуаныштан жігіттің тілі байланып қалғандай 
болды.  Содан  соң  ол  қызды  қайыққа  жасырып,  екеуі 
күндіз-түні тынбай жүзіп, бірнеше айдан соң Сычуаньға 
жетеді.  Бес  жыл  ішінде  Цяньянь  екі  ұл  тапты.  Әке-
шешесімен хат алыспады, десе де, оларды бір сәт есінен 
шығармайтын.
Бір күні ол көзіне жас алып:
–  Ғұрпымыз  бен  салтымызды  бұзып  саған  келіп  ем. 
Міне,  бес  жыл  болды,  әке-шешемнен  хабарсыз  кеттім. 
Мендей қайырымсыз қызға жер үстінде орын жоқ қой.
– Қайғырма, алып барам сені ол кісілерге, – деді оның 
сөзіне  қатты  ұйыған  күйеуі.  Сүйтіп,  екеуі  Хэнчжоуға 
сапар шегеді.
Чжоу Чжан Идің үйін бірінші болып аттайды; күнәсін 
мойнына  ала  отырып,  ол  бастан  өткеннің  бәрін  айтып 
береді.
–  Түсінбедім,  не  деп  отырсың,  –  деп  қайран  қалды 
Чжан  И.  –  Цяньяньді  ауыр  дерт  шалған,  осы  жылдар 
ішінде көкірегіне шер байланып ол өз бөлмесінде жатыр.
– Өй, ол қайықта емес пе! – деп шар ете қалды Чжоу.

265
ҚАРАӨЗЕК
Чжан И одан сайын таңғалып, қызметшілерін жағаға 
қарай  жұмсайды.  Шынында  да,  қайықта  жайнап, 
жарқырап Цяньянь отыр еді. Қызметшілерді көріп ол:
– Әкем мен шешем аман ба? – деп сұрады. Ауыздарын 
ашып  қалған  қызметшілер  кері  қарай  шауып  келіп, 
көргендерін  қожайынына  айтып  береді.  Бөлмесінде 
жатқан  ауру  қыз  не  болғанын  естіген  соң  төсегінен 
тұрып, үстін ретке келтіріп, киімін ауыстырды. Жымиған 
күйі,  бір  сөз  айтпай,  басқа  Цяньяньды  қарсы  алуға 
шығады.  Содан  соң  елдің  алдында  екі  қыз  бірігіп,  екі 
түрлі киім киген, бір ғана адамға айналады.
Бұл таңғажайып оқиғаны Чжан И шаңырағы құпияда 
ұстайды.  Бұл  туралы  тек  жақын  туыстары  ғана  білсе 
керек.
Қырық жыл өткен соң ерлі-зайыптылар көз жұмды. 
Екі ұлы да емтихан беріп, қазының көмекшісі болады.
Мен, Сюанью, жас күнімде осы оқиғаны көп естідім. 
Кейбіреулер басқаша айтады, өзге біреулер мұны ойдан 
шығарылған нәрсе дейді. “Дали” билігінің соңғы тұсында 
маған  Лайу  қазысы  Чжан  Чжунсянмен  кездесудің  сәті 
түсті,  одан  осы  бір  таңғажайып  оқиғаны  естідім.  Бұл 
қазы  Чжан  Идің  немере  інісі  еді,  кісі  сенгісіз  оқиғаны 
бүге-шігесіне шейін білетін.
ТӘНІНЕН КӨШІП КЕТКЕН ЖАН

266
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ЖАҚСЫЛЫҚ
*
 
*  Корей  жазушысы  Ким  Анноның  әңгімесі.  Корейдің  ерте  орта  ғасырдағы 
классикалық  новеллалары  қытай  прозасынан  бастау  алса  да,  уақыт  өте  келе,  өз 
алдына бөлек арна тапқан. Мысалы, XII-XVI ғасырларда пхэсоль деген жанр болған. 
Тура аудармасы «бос сөз» деген мағына береді. Пхэсоль миниатюралардан, сюжетті 
шағын әнгімелерден тұратын жинақ түрінде болып келеді. Кәрістер әңгімелеріне ат 
қоймаған, олар бірінен соң бірі тақырыпсыз жалғаса береді. Мәселен, «Ёнчхонның 
оңашада жазған әңгімелері» (Ёнчхон - Ким Анноның бүркеншік есімі; 1481 - 1553) 
деген жинақта шығармалар аты кездеспейді. Десе де, осы автордың бір әңгімесіне 
тақырып қойып, оқушы назарына ұсынып отырмыз.
хунчхондо аймағында иесіз бір 
ғибадат үйі бар еді. Уақыт өте 
келе  ол  мүжіліп  құлап  қалды. 
Мінезі қызық, кәрі сопы бірде 
ғибадат үйін жөндемек болып, 
қанша күш, қанша жарақ керек 
екенін 
байқап, 
айналасын 
қарағыштап,  сонда  күнұзақ 
жүрді.
Бұл жер оқшау, шет еді. Іңір 
түсіп  кетіп,  сопыға  қаңыраған 
ғибадатханада  түнеп  шығуға 
тура келеді. Түн ортасы ауа тау 
іші  тыншып,  ай  жарық  болып, 
жұлдыздар 
тұнып 
тұрды. 
Кенет  аузына  бірдеңе  тістеген 
бір  сабалақ  аң  қоршаудан 
секіріп түсті де, жүгін қораның 
ортасына 
қойды. 
Аздап 
шегіншектей,  әкелген  затына 
көзінің қиығымен қарап қойып, 
құнысып  отырды.  Содан  соң 

267
ҚАРАӨЗЕК
құйрығын соза көтеріп, оған жақындады да, иіскеледі. 
Кенет  атып  тұрды  да,  біресе  ары-бері  жүгіріп,  біресе 
әлгі  затты  еріне  айналсоқтап,  біресе  үстінен  секіріп 
өтіп, тыным таппады. Ойыны - тышқанға төнген қарақұс 
секілді!
Терезенің  саңылауынан  қарап  тұрған  сопы  оның 
адам  баласын  ұрлап  әкелген  жолбарыс  екенін 
біле  қойды.  Іле  терезенің  жақтауын  жұлып  алып, 
жолбарысқа  жіберіп  қалды.  Тау  қойнауының  қүлаққа 
ұрған  танадай  тыныштығында  күн  күркірегендей 
гүрсіл естілді.
Жолбарыс  қорыққанынан  ыршып  түсіп,  жоғалды. 
Айнала  тып-тыныш  еді.  Сопы  қораға  түсіп,  алдында 
жатқан адамды қарағыштап, ұстап көре бастады. Сүйтсе, 
он алты жасар жап-жас қыз. Бұл кезде бойжеткен тыныс 
алмай  жатқан,  бірақ  денесінде  жара  жоқ  еді.  Қызды 
құтқарып  алуға  болар,  деп  ойлады  сопы.  Оны  жайына 
әкеліп,  еденге  жайғастырды.  Содан  соң  өзінің  және 
қыздың  үстіндегі  киімдерді  шешіп,  тіршілік  белгісін 
білдіремін деп төсіне төс тигізіп, жылыта бастады. Таң 
қылаңытқаннан  тал  түске  дейін  екеуі  осылай  жатты. 
Бойжеткеннің  денесіне  бірте-бірте  жылу  қайтып 
келді  де,  кеш  бата  дем  жұта  бастаған.  Сопы  бұған 
қатты  қуанды.  Қызға  күріш  суын  ішкізіп,  өзінше  дәрі-
дәрмегімен емдеуге кірісті.
Бірнеше  күннен  кейін  қыз  өз-өзіне  келді,  сопыға 
қайдан, кімнің баласы екенін айтты. Сүйтсе, үйі Чолладо 
аймағында  –  ғибадат  үйінен  жүз  лиден
**
  астам  жерде 
екен. Жолбарыс оны кешке, тура ұзату тойының үстінен 
алып қашыпты, ал мұнда түн ауа жеткен. Қалай жылдам 
жүгіргенін елестете беріңіз!
Сопы  бойжеткенді  туған  қыстағына  әкеліп,  шетінде 
қалдыра  тұрды  да,  өзі  тіленші  кейпінде  келіп,  қыздың 
үйін  қақты.  Ал  ондағылардың  өліп  қалдыға  саналған 
қызының  жанын  шақыруға  бақсы  қатынды  алдырып 
отырған кездері еді. Бақсы өлген қыздың жаны осында 
келіп,  өзінің  тәнін  іздегендей  аласұрып  жүр  деп, 
*  ли - 0,5 шақырымға тең өлшем.
ЖАҚСЫЛЫҚ

268
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
мұңайған кейіпте мыңқ-мыңқ етті. Яғни, деп жариялады 
ол,  қызды  жолбарыс  жеп  қойған!  Қыздың  әке-шешесі 
мен туыс-туғаны ойбайлап үйді басына көтерді.
Ал  бұл  кезде  бойжеткен  қақпадан  ақырын  кіріп 
келе жатқан еді. Әке-шешесі әуелі оны танымай қалды. 
Артынша  көздеріне  жас  алып,  бас  салды  да,  құшақтап 
аймалай  бастады.  Тек  содан  кейін  ғана  одан  барлық 
жайтқа қаныққан. Қызын құтқарғаны үшін сопыға мың 
да бір алғыстарын айтты. Бойжеткен жақсы отбасынан 
болып шықты. Өзі үй шаруасымен айналысып көрмепті. 
Былайша айтқанда, құдық пен қауғаға уақыт кетірмегенге 
ұқсайды. Ел-жұрт оның  сұлулығына, өнегелі тәрбиесіне 
сүйсініп жүреді екен.
Сопы  -  жаны  таза,  мейірімді  кісі  еді,  қызды  барын 
салып емдегені де содан. Оның жалаңаш төсін баурына 
басқанына  қысылған  жоқ.  Мұндай  сопының  шын 
мәнінде  қайырымды,  дүние  құмарлығынан  ада,  Бұдда 
өсиетін  қасиеттеп  орындап  жүрген  жан  екені  айтылуы 
керек-ақ.

269
ҚАРАӨЗЕК
ЖҰМБАҚ ЖАН
*
 
*  Орыс жазушысы Антон Чеховтың әңгімесі
ірінші класты купе.
Алқызыл 
барқытпен 
қапталған  диванда  келісті 
келіншек  шынтақтап  жатыр. 
Шашақты,  қымбат  желпуіш 
дірілдеген  қолында  шырт-
шырт 
етеді, 
pince-nez 
сүйкімді  мұрнынан  түсейін 
деп  тұрғандай,  кеудесіндегі 
түйреуіш  толқынмен  таласқан 
қайық  сияқты  бір  көтеріліп, 
бір  түседі.  Өзі  қобалжулы... 
Оған  қарсы,  кішкене  диванда 
губернатордын ерекше тапсыр-
малар  жөніндегі  шенеунігі, 
мәртебелі ақсүйектер өмірінен 
жазған  шағын  әңгімелерін 
немесе, 
өзі 
айтқандай, 
«новеллаларын»  губерниялық 
хабаршыларда 
бастыратын 
жаңа  талап,  жас  жазушы 
отыр.  Ол  келіншектің  жүзіне 
білгіш кейіпте қадала қарайды. 
Осынау,  біртүрлі,  жұмбақ 
жанды 
бақылап, 
зерттеп, 
сезініп, түсініп, ұғынып отыр... 
ЖҰМБАҚ ЖАН

270
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Оның  жан-дүниесі,  бар  психологиясы  алақанына 
салынғандай.

О,  мен  тереңіңізге  бойлап  барамын!  -  дейді 
ерекше  тапсырмалар  жөніндегі  шенеунік  келіншек 
қолының  білезік  тағылған  жерінен  сүйіп.  -  Сіздің 
ықыласты,  кішіпейіл  жаныңыз  лабиринттен  шығуға 
талпынады... Иә! Үрейлі, жан түршігерлік күрес, бірақ... 
жабықпаңыз! Сіз жеңіп шығасыз! Иә!
-  Мені  жазыңызшы,  Вольдемар!  -  дейді  келіншек 
мұңая жымиып. - Өмірім сондай мол, сондай түрлі-түрлі, 
сондай  ала-құла...  Бірақ  бастысы  -  мен  бақытсызбын! 
Мен  Достоевскийдің  талғамындағы  мұңлықпын... 
Көрсетіңізші менің жанымды мына дүниеге, Вольдемар, 
көрсетіңізші осы бейшара жанымды! Сіз - психологсыз. 
Купеде  отырып  әңгімелескенімізге  бір  сағат  та  өткен 
жоқ, ал сіз менің тереңіме бойлап кеттіңіз!
- Айта беріңіз, өтінем, айта беріңізші!
-  Тыңдаңыз!  Мен  кедей  шенеуніктің  шаңырағында 
дүниеге келдім. Әкем - мейірімді азамат, ақылды, тек... 
заман мен ортаның жайы... vous comprenez
*
 мен байғұс 
әкемді  кінәламаймын.  Ол  ішіп,  қарта  ойнады...  пара 
алды...  Ал  шешем...  Несін  айтасыз!  Жоқшылық,  бір 
үзім нан деп жанталасу, мүсәпірлікті сезіну... Ах, есіме 
түсіртпеңізші!  Өзіме  өзім  жол  салуым  керек  болды... 
Институттың  теріс  тәрбиесі,  надан  романдарды  оқу, 
жастық  шақтың  қателіктері,  алғашқы  ұяң  махаббат... 
Ортамен  күрес  ше?  Сұмдық!  Ал  күдік  ше?  Ал  өмірге, 
өзіне деген енді пайда бола бастаған сенімсіздік?.. Ах! 
Сіз  жазушысыз,  бізді,  әйелдерді  білесіз.  Түсінесіз... 
Сорыма қарай, мен кең пейіл жанмын... Бақытты тосып 
ем,  шіркін-ай,  қандай  десеңізші!  Адам  болуға  сондай 
құмартып  ем!  Иә!  Адам  болу  -  өз  бақытымды  осыдан 
көргем!
-  Қарғам-ай!  -  деп  былдырлайды  жазушы  білезікке 
таяу  жерден  сүйіп.  -  Сізді  емес,  ғажабым,  адамзаттың 
тауқыметін сүйіп тұрмын! Раскольников есіңізде ме? Ол 
осылай сүйген.
- О, Вольдемар! Маған даңқ керек еді... әрбір өзгеше 
*  Сіз түсінесіз (фран.).

271
ҚАРАӨЗЕК
жанның  -  несіне  мәймөңкелейміз?  -  көкейіндегідей, 
дабыра,  шу,  жалтыл.  Мен  таңғажайыпты...  әйелге 
тән  емес  әлденені  аңсадым!  Енді,  міне...  Енді,  міне, 
жолымда бай генерал-шал кесе көлденеңдеді... Түсініңіз 
мені,  Вольдемар!  Өйткені  бұл  өзімді  құрбанға  шалу, 
өзімнен бас тарту болды, түсініңіз мені! Басқаша істей 
алмадым. Мен шаңырағымды байыттым, саяхатқа шыға, 
жақсылық  жасай  бастадым...  Ал  қалай  қасірет  шектім, 
ал сол генералдың құшағы қандай жан төзгісіз, оспадар 
еді, әйткенмен әділін айту керек, заманында ол ерлікпен 
шайқасқан. Минуттар... сұмдық минуттар болды! Бірақ 
шал бүгін болмаса, ертең өледі, қалаған өмірімді сүрем, 
сүйген  адамыма  берілем,  бақытты  болам  деген  ой 
уайымымды  сейілтетін...  Ал  менің  ондай  адамым  бар, 
Вольдемар! Құдай куә, бар! 
Келіншек 
желпуішін 
қатты 
желпиді. 
Жүзі 
жылармандай болып кетті.  
–  Енді,  міне,  шал  өлді...  Маған  бірдеңе  қалдырды, 
мен  көктегі  құстан  да  еркінмін.  Бақытты  өмір  сүруім 
қалды...  Солай  емес  пе,  Вольдемар?  Бақыт  тереземді 
қағып  тұр.  Оны  ішке  кіргізу  ғана  қалып  тұр,  бірақ... 
жоқ.  Вольдемар,  тыңдаңыз,  жалбарынам!  Енді  сүйген 
адамыма  берілуіме  болады,  оның  досы,  көмекшісі, 
идеалдарының  жеткізушісі,  бақытты  болуға...  демімді 
алуға болады... Бірақ мына дүниеде бәрі қалай дөрекі, 
сұмпайы,  қисынсыз!  Қалай  бәрі  арам,  Вольдемар!  Мен 
бақытсызбын,  бақытсызбын,  бақытсызбын!  Жолыма 
тағы  да  бөгет  тұрып  алды!  Бақытымның  тым  алысқа 
кеткенін  тағы  да  сеземін!  Ах,  қаншама  азап,  білсеңіз! 
Қаншама азап!
-  Енді  не?  Жолыңызға  не  бөгет?  Жалбарынамын, 
айтыңызшы! Енді не?
- Тағы бір бай шал...
Сынық  желпуіш  сүйкімді  жүзін  жасырады.  Жазушы 
терең  ойларға  толы  басын  жұдырығымен  үйкелеп, 
күрсінеді, білгір-психологтың кейпінде ойланып кетеді. 
Локомотив ысқырады, ышылдайды, терезенің перделері 
батып бара жатқан күннің сәулесімен қызарақтайды...
ЖҰМБАҚ ЖАН

273
ПОЭЗИЯ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет