Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы , Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і
|
21 9
өтсе де олардың тұрмыс тіршілігі, кәсібі, өмір сүру дағдысы көп өзгеріске
түспегендігін байқаймыз. Орналасқан жердің жағдайына байланысты Моңғолия
қазақтарына Батыстың да, Шығыстың да әсері болды. Соған қарамастан, Байөлке
қазақтары қаймағы бұзылмаған ұлттық орта ретінде сақталды.
Жеке аймақ
болып өмір сүрген қазақтар әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілі мен дінін сақтай
отырып, өздерінің рухани мұраларын да дамытты. Халық әдебиеті негізінде
біртіндеп жазба әдебиеті туып, дамыды. Өйткені тілі мен ділі бұзылмаған ұлт бар
жерде әдеби үдерістің болуы заңды. «Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті
1940 жылдардан бастап бойы көрсетіп, бұл күндері
шығармашылық тұрғыдан
қалыптасып, толысқан әдебиетке айналды» [6.85].
Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму үдерісіне зерделей
қарағанда халықтың тұрмыс-тіршілігін, тағдырын, арман-аңсарын, заман
шындығын
арқау-желі еткен, өзіндік дәстүрімен ерекшеленетін әдеби мектеп
қалыптасқандығына көз жеткізуімізге болады. Монғолиядағы қазақ әдебиеті
елуінші жылдардың екінші жартысынан бастап дамудың жаңа жолына түсті.
Д.Қалаубайұлы, К.Қамарұлы, А.Алақанұлы, ИүБайбатырұлы, К.Жаңжұқұлы,
К.Ілиясов, Т.Құрманмолдин, Қ.Жұмаханов, Р.Зұрғанбайлы, З.Мәулітұлы,
Ш.Қатшанұлы, Я.Ілиясов т.б. ақындар алды жеті, сегіз, соңы бір, екі кітап
шығарып, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосқан сөз өнерінің иелері.
Осы әдеби ортада қалыптасып,
шыңдалған, шығармаларының мазмұндық,
идеялық тереңдігі, стильдік-көркемдік деңгейімен дараланатын ақынның бірі –
Кәкей Жаңжұқұлы. Еркегүл Арыққарақызының «Моңғол қазақтарының
поэзиясы және Кәкей Жаңжұқұлының шығармашылығы» тақырыбындағы
филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертациялық жұмысы осындай өзекті тақырыпты зерттеуге арналған.
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары 2012-2014
жылдары жүзеге асырған «Шетелдердегі қазақ әдебиеті» гранттық жобасы осы
бағытта жасалған сүбелі еңбектің бірі. Жоба аясында негізінен Қытай, Моңғолия
мемлекеттеріндегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына талдау
жасалынған. Жобаға аталған мемлекеттердегі қазақ ақын-жазушыларының
шығармашылығын зерттеу нысаны етіп алудың да өзіндік себептері бар. Бірінші
себеп, қазақ диаспоралық әдебиеті негізінен қазақтар тығыз орналасқан Қытай,
Моңғолия
елдерінде қалыптасып, дамыды. Әлемдік ғаламдану жағдайында да
қазақ диаспоралық әдебиеті тоқырауға ұшығана жоқ. Басқа мемлекетте, бөтен
ортада болғандығына қарамастан өзге мәдениеттер ықпалында кетпей, ұлттық
өркениет құндылықтары ауқымында дамып, жаңа заман ағысымен, жаңа ұлттық
сипатта өркендеп келеді. Қытайдағы, Моңғолиядағы
қазіргі қазақ әдебиеті қай
жанрда болсын, көркемдік қуаты мол, өзекті әдеби тақырыпты көтере алған
шығармаларымен ерекшеленеді. Екіншіден, бұрынғы Кеңестер Одағында болған
Өзбекстан, Түркменстан, Ресей сияқты ұлт республикаларында қазақтар көп
қоныстанғанымен дәл Қытай мен Моңғолиядағыдай диаспоралық әдебиет