Қ азақ елінің тарихындағы Кеңестік кезең жұмбағы



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі199,54 Kb.
#170

Қ

азақ елінің тарихындағы Кеңестік кезең жұмбағы, 

сыры, ақтаңдағы мол уақыт. Коммунизм елесінің 

жетегінде өткен жетпіс жылда  Қазақстан Ресейдің тәжірибе 

жүргізетін басыбайлы сынақ алаңы  қызметін атқарды. 

Қ

азақ халқын бағындыру үшін патша одан қалды, 

Кеңес Үкіметі аға  ұлт өкілдерін мақсатты түрде 

қ

оныстандырды.  Қолдан жасалған аштық, 

ұ

жымдастыру, екі рет ұйымдастырылған 

қ

ызыл террор, алаш жұртын жер бетінен жою үшін 

бағытталды. Жерге ие болу  құқығынан айрылған 

қ

азақтың жері- атом сынағының аймағына айналды. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан 

кейін 1945 жылдың тамыз айында 

алпауыт екі державаның бі-

рі - АҚШ Хиросимаға атом бом-

басын тастады. 1946 жылы Кеңес 

Үкіметі биологиялық, химиялық жә-

не экологиялық бомбаларды да-

йындап, әскери  қарудың тың тү-

рімен жарақтануға білек сыбана 

кірісті. Сынақ алаңы ретінде  Қа-

зақстан таңдап алынды. Алғашқы 

сынақ 1949 жылы 29 тамызда 

Семейде жарылған болатын. 

Ғалым М. Тәтімовтің пікірінше, 

«бұл КСРО-дағы екінші ядролық 

полигон. Алғашқысы  Қазақстан-

ның батысында Нарын  құмында 

болған. Ол шамамен соғыстың соң-

ғы жылдарында пайда болса керек. 

Бірнеше жылдан соң әлдебір се-

бептермен ол полигонды ядролық 

жер ретінде жауып тастаған. Егер 

қ

ателеспесем сол сынақ полигоны 



Азғыр деп аталады. Оның да жер 

көлемі 12 мың шаршы шақырым. 

Азғырдың атом полигоны ретінде 

«жарамауының» бір себебі оның 

орыстың өзі  қалың орналасқан 

жерге жақын болуынан» (М. Тәті-



мов. «Семей полигонының зардап-

тары». «Атамекен» газеті). 

Жер планетасы жалпы саны 

2053 атом сынағын бастан кешір-

се, соның басым бөлігі әлемде 

үстемдік құрғысы келген екі держа-

ваның үлесіне тиеді екен. АҚШ 

қ

атерлі  қаруға 1040 рет сынақ жа-



саса, Ресей 726 мәрте атом тажа-

лына тәжірибе жүргізген. Ресейдің 

бастамасымен болған сынақтар-

дың көпшілігі  Қазақстанның шал-

ғай аудандарында жүзеге асы-

рылды. 


- 1953 жылы Абыралы ауда-

нында таңғы сағат жетіде күштілі-гі 

500-1000 килотоннаны  құрайтын 

әлемдегі ең алғаш сутегі бомба-

сына сынақ жасалды. 1959 жылы 

Арал  қаласының солтүстік шығы-

сында атом зарядының жер беті 

сынағы болды. 1949-1963 ж.ж. 

Семей полигонында 200-дей әуе 

және жерасты сынақтары жүр-

гізілді. 1964-1989 ж.ж. Семейде 

340 атом сынағы жасалды. 1966 

жылы Атырау облысының Азғыр 

ауданынан 20 километр  қашық-

тықта атом сынағының «халықша-

руашылық» деп аталатын түрі 10 

рет жасалды. 1972 жылы Шығыс 

Қ

азақстан облысы жеті жа-



рылысты бастан кешірді. Маңғыс-

тау үш рет, Оңтүстік  Қазақстан 

облысы 2 рет, Торғай,  Қостанай, 

Ақтөбе бір-бір реттен атом сына-

ғының куәсі болды. Жалпы, 1949-

1963 ж. ж. аралығында  Қазақстан-

да 98 рет әуе ядролық жарылыс-

тары, 1949-1989 ж.ж. аралығында 

344 рет жер асты ядролық жары-

лыстары, 1949-1963 ж.ж. аралы-

ғында 26 рет жер үсті ядролық 

жарылыстары жасалды. (А. Сери-



мова. «Тажал». «Түркістан» га-

зеті. 29 маусым, 2001 жыл). 

Кеңес Одағы тұсында атом бом-

басына сынақ стратегиялық бағ-

дарламасы  қарқынды түрде жүр-

гізілген. Дәлел ретінде, әлемге әй-

гілі академик А. Сахаровтың мәлі-

метіне назар аударалық, 1965-

1982 ж. ж. атом сынағының зарда-

бынан дүниежүзі бойынша 6,2 млн. 

адам көз жұмса,  Қазақстанда 

3206,4 мың жан өмірмен ерте  қош-

тасқан. Бұған  қоса дүниеге келген 

сәбилердің 3374 мыңы өмірге кем-

тар болып туылған. 

Қ

азақстандағы ядролық по-



лигон орталығы Семей жерінде ор-

наласты. Оны құру үшін 1947 жылы 

21 тамызда КСРО Министрлерінің 

кеңесінде арнайы  қаулы  қабыл-

данды. 1948 жылы шілдеде алғаш-

қ

ы  құрылысшылар келіп,  құрылыс-



ты бастады. Полигон Семей, 

Павлодар,  Қарағанды облыста-

рында орналасты. Алып жатқан 

жер көлемі 18,5 мың шаршы шақы-

рым. 1949-1991 жылдар аралығын-

да полигонда 470 рет сынақ өткізіл-

ді. Ғалымдардың пікірінше ядро-

лық полигонның демографияға ти-

гізетін зияны мен болашақта ге-

нетикалық зардабы орасан зор. 

Демограф-ғалым М. Тәтімовтың 

пікірінше, ядролық полигонның 

экологиялық зардабын төрт ра-

диуске бөліп  қараған жөн. Бірінші 

шеңбер радиусы 150 шақырым ай-

мақты  қамтиды. Бұнда 200 мың 

халық тұрады. Оған полигонды 

қ

оршай жатқан бес-алты аудан 



енеді. Екінші шеңбер радиусы 300 

шақырым жерді қамтып, онда 1 млн 

халық тұрады. Бұл аймаққа Семей, 

Ақмола, Павлодар, Шығыс  Қазақ-

стан облысының кейбір аудандары 

жатады. Үшінші шеңбердің радиусы 

500 шақырым. Бұл территорияда 5 

млн. халық  қоныстанған. Бұған 

Павлодар, Өскемен, Ақмола секілді 

қ

алалар енеді. Ал төртінші шең-



бердің радиусы 775 шақырымға 

дейін жетіп, Алматы, Омбы, Но-

восибирск секілді миллиондаған 

тұрғыны бар аса ірі  қалаларды, 

сондай-ақ, шығысында Моңғолия 

мен  Қытайдың территориясын да 

қ

амтыды. Бұл шеңберде 20 млн. 



адам тұрады. 

1989 жылдың ақпанында ақын 

КСРО-ның халық депутаты Олжас 

Сүлейменов  Қазақстан халқына 

теледидар арқылы ядролық жары-

лыстарға қарсылық білдірген үндеу 

жолдады. Келесі күні  Қазақстан 

Жазушылар одағы ғимаратының 

алдында митинг өтіп, онда «Не-

вада-Семей» антиядролық  қозға-

лысын  құру туралы шешім  қабыл-

данды. Наурыз айында  қозғалыс-

тың ауқымы өсіп, оны  қолдаушы-

лар саны 4 млн.-ға жетті. 1989 жылы 

жазда Олжас Сүлейменов КСРО 

депутаттарының I съезінде  қозға-

лыстың мақсаты мен талаптарын 

хабарлады. Күзде  Қазақстанның 

барлық облыстарында  қозғалыс-

тың бөлімдері құрылды. 1990 жылы 

мамырда Алматыда «Әлем сай-

лаушылары ядролық қаруға 

қ

арсы» атты тақырыпта ха-



лықаралық конгресс өтті. Қа-

зақ КСР Жоғарғы Кеңесінде 

О. Сүлейменовтің бастама-

сымен Семей полигонында 

ядролық сынақ өткізуді 

тоқтату жөнінде шешім 

қ

абылданды. 



1991 жылы  қаңтарда 

БҰҰ-ның конференциясын-

да О. Сүлейменов «Невада-

Семей-Моруроа-Лоб-Нор-

Жаңа Жер» антиядролық альянс-

тың құрылғанын хабарлады. Бұған 

бірнеше халықаралық  ұйымдар 

қ

осылды. Тамыз айында «Невада-



Семей»  қозғалысы Европарла-

менттің ядролық  қарусызданды-

руға арналған халықаралық кон-

ференциясына  қатысты.  Қозға-

лыстың тарихи маңызын ақын, 

қ

оғам  қайраткері Мұхтар Шаханов 



«Дүниежүзінде біздің «Невада-

Семей»  қозғалысындай үлкен 

бедел-абыройға ие болған дүмпулі 

шеруді мен білмеймін Өз маңайы-

на еліміздің ең  қанатты азаматта-

рын топтастырған Олжас Сүлейме-

нов жетекшілік ететін бұл қозғалыс 

қ

азақ халқын әлемдік аренаға кө-



терді» деген бағасы арқылы айқын 

аңғаруға болады. 1991 жылы 29 

тамызда Қазақстан Республикасы-

ның тұңғыш Президенті Н. На-

зарбаевтың Семей ядролық по-

лигонын біржола жабу туралы 

Жарлығы шықты.  Қазіргі уақытта 

Семей полигоны мәңгіге жабылып, 

қ

азақтардың үлгісімен Америка, 



Ресей, Франция полигондарының 

көмейіне  қорғасын  құйылды. Бұл 

«Невада-Семей»  қозғалысының 

әлемдік кеңістіктегі ірі жеңісі. 1993 

жылы ақын О. Сүлейменов жетек-

шілік ететін «Невада-Семей» 

қ

озғалысының көмегімен  Қазақ-



стан 11 миллиард сомға шетелден 

балалар тағамы мен дәрі-дәр-

мектер тиелген 67 контейнер гу-

манитарлық көмек жеткізілді. 1998 

жылы БҰҰ Семей полигоны туралы 

БҰҰ-ның Бас хатшысының баян-

дамасын тыңдап, полигоннан зар-

дап шеккен аймаққа халықаралық 

көмек беру мәселесі көтерілді. 

Көмекке бұл ұйым 50 млн. доллар 

бөлді. 

Ядролық сынақтан кейін ерте 



ме, кеш пе жергілікті халықтың ра-

диацияның әсеріне  ұшырайтыны 

анықталып отыр. Ғалымдар тара-

пынан 2010-2020 ж.ж. гендегі өзге-

рістер өз шыңына жетіп, «генети-

калық апат» қалыптасады, дүниеге 

келген әрбір екінші бала гендік ано-

малияға ұшырайды, біртіндеп өмір-

ге мүгедек,  құбыжық, жарымжан 

болып келу 10 есеге артады деген 

болжам айтылған. Атом сынағы-

ның зардабы 734,4 мың жыл бойы 

сақталады екен. Осы 734,4 мың 

жыл бойы Кеңес одағы артқан 

ауыр азапты арқалап өтуге мың 

өліп, мың тірілген қазақтың ғұмыры 

жетер ме екен?!. 

Ғабдол ӘУЕЗОВ, 

№5 орта мектептің 

тарих пәнінің 

мұғалімі. 

Қ

АРАЛЫ ҒАСЫРДЫҢ 

Қ

АСІРЕТІ 

(Невада-Семей  қозғалысына -

20 жыл) 

Сарыарқа. - 2009. - 13 ақпан (№ 16). - 7 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет