1.4 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен арақатынасы
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы материалдық құқық салаларымен неғұрлым тығыз және жан-жақты байланысты: азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек, жер, инвестициялық, мұрагерлік және т.б. Материалдық құқық азаматтық-іс жүргізу сипатындағы нормалармен тығыз байланысты, мысалы, дәлелдеу мәнін, істің сотқа және т.б. ведомстволық бағыныстылығын айқындайтын нормаларды айтуға болады. Соңғылардың бұзылуы немесе оларды дұрыс қолданбау сот шешімінің күшін жоюға әкеп соғуы мүмкін.
Азаматтық процестің туындау шарттарының бірі - сотқа ведомстволық бағынысты материалдық-құқықтық даудың болуы (мысалы, талап-арыз өндірісінде). Басқаша айтқанда, материалдық құқық нормаларын бұзу, егер қорғау үшін сотқа жүгіну болса, азаматтық іс жүргізу құқығын қолданысқа келтіреді. Азаматтық іс жүргізу құқығының көмегімен адам бұзылған субъективті құқықтарды ғана емес, сонымен қатар заңдылықты қалпына келтіру үшін белгілі бір іс-әрекеттер жасауға немесе олардан тартынуға мәжбүр болады.
1.5 Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні:
- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
- шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субьектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. – жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |