Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет48/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

Есеп 11. «№ 1 сыра зауыты» АҚ сыра қайнататын компанияға иелік етеді. 2012 жылы 11 наурызда ол «Стеклотара» АҚ-нан сыйымдылығы 0,33 л. болатын 10 000 дана көлемінде бөтелкелерге тапсырыс береді, шарттың жағдайлары бойынша тауар таза және пайдалануға дайын күйінде жеткізілуі тиіс. Шарттың құны - 12 млн. теңге.
Шарт жасасу барысынды тек қана Бас директор Б. өкілдік етті.
«Стеклотара» АҚ-ның Жарғысында егер мәміленің құны ең төменгі жарғылық қордың үш еселенген құнынан аспайтын болса, Бас директор үш құрылтайшысының келісімінсіз мәміле жасай алады деп бекітілген.
Тауар жеткізілген соң, 2012 жылы 15 наурызда тапсырыспен алынған бөтелкелердің жартысы шұғыл тапсырыс бойынша «№ 1 сыра зауыты» АҚ иесінің атасы шығарған ескіден және құпия рецептісі бойынша дайындалған сыраны сүйіп бағалаушылардың «Октоберфест» атты сырасымен толтырылады. Бөтелкелердің келесі бөлігінің кемшіліктері тексеріледі. Нәтижесінде, бөтелкелердің көп бөлігі тазалық бойынша қойылған талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан, «№ 1 сыра зауыты» АҚ-ның иесі хатшы А.-ға кемшіліктер туралы талапты жазбаша нысанда толтырып, «Стеклотара» АҚ-на жіберуді нұсқайды, хатшы сол күні нұсқауды орындайды.
Сыра құйылған бөтелкелердегі әдеттегі ашық түсті сыра қарайып кеткен, бөтелкенің түбінде шөгінділер жиналған, кейін сараптамамен анықталғандай, бөтелкені тиісінше тазаламаудың салдарынан болған. «№ 1 сыра зауыты» АҚ сыра бұзылған және тапсырыс берушіге жеткізуге жатпайтынын түсінеді. Соның нәтижесінде оған 2 млн. теңге мөлшерінде шығын келтірілді, осы шығынды «Стеклотара» АҚ-ның өтеуін сұрайды.
Шығынды өтеу туралы бірнеше рет хат жазған соң «№ 1 сыра зауыты» АҚ 2012 жылы 21 сәуірде сотқа шығынды өндіру туралы талап қойып жолданады. Талабын 2012 жылғы 15 наурыздағы бөтелкелердің лас күйінде жеткізілуі жөнінде талап ету туралы хатына сілтеме жасайды. «Стеклотара» АҚ-ның атынан Б. қарсылық білдіріп, бұндай хатты АҚ алған жоқ деп түсіндіреді.
Талап қанағаттандыруға жатады ма? Сот қандай шешім шығаруы тиіс?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет