Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі177,5 Kb.
#137449
түріСабақ
  1   2

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Инновациялық технологияларды сабақта қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылығын дамыту





Алматы, 2020
Инновациялық технологияларды сабақта қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылығын дамыту


Жоспары:
1.Заманауи технологияларды пайдалану – заман талабы
2.Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану арқылы білім алушыларды шығармашылыққа жетелеу
3.Инновациялық технологияның мүмкіндіктері


Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп көрсетілген. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес инновациялық технологияларды пайдаланып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет. Яғни, қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық көзқарастағы ұстаздарды қалыптастыруды талап етуде.
Инновациялық технологияларды қолдану – білім берудің ерекше түрі. «Инновация» (латынша inb-novus- жанашылдық) көптеген ғалымдар мен педагогтердің пікірінше «жаналық еңгізу» болып табылады. Жаңашылдық - бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістер еңгізетін нағыз құрал, ал инновация - осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық табысқа жетуге кепіл болуы тиіс.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, кеңінен тарала бастады. «Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Э.Раджерстің түсіндіруінше «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. Әдетте, инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді». Масырова Р., Линчевская Т. «Жаңару» дегеніміз белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея деп тұжырымдайды.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
— дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
— қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
— оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
— саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
— ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
— иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
— ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала – субъект», «бала - объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, яғни: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы. Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне, білім алушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай туғызады.
Қазіргі таңда оқытушылар оқытудың инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Сабақта инновациялық технологияны қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылыған дамыту үшін әрбір педагог ең алдымен инновация туралы білімін жетілдіруі; оны жан-жақты меңгеруі; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстарын білуі; инновацияны практикада дұрыс қолдана алуы шарт.
Оқыту технологиясы мен əдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Əдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нəтижелі оқытуға болады?» деген мəселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың əр түрлі əдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу үдерісінде оқытудың қалыптасқан негізгі əдістерімен қатар оқытудың жаңа əдістері, яғни инновациялық əдістері де жиі қолданылады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни оқытушы мен білім алушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, білім алушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар білім алушыларда шығармашылық қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және білім алушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп отыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Қазіргі кезде оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, əрбір пəнді оқытуда инновациялық технологияның бірін таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы білім алушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда білім алушының əрекетіне, технологияны қабылдауына, ынтасына, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Жаңа технология білім алушының өзіндік жұмыс атқаруына, білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
Сонымен, жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды сабақта қолдану арқылы оқытушы мынадай нәтижелерге қол жеткізеді.

  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа

инновациялық технологияның сан алуан түрлерінен тиімдісін таңдап, қолдана білу;

  • әрбір білім алушының іздену, оқу, даму, басқа да іс-әрекеттерін

мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыруда әр түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім алушылардың шығармашылығын дамытып және білім сапасын жақсарта алады. Жаңа инновациялық технологияларды сабақта жүйелі әрі мақсатты түрде пайдаланғанда ғана жетістікке жетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет