✓ білім алушылардың білімін толықтыру



бет1/3
Дата03.09.2022
өлшемі55 Kb.
#38406
  1   2   3
Байланысты:
Түсінік хат 2023


Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру. 2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:


✓ білім алушылардың білімін толықтыру;
✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді. 2.Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 169 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17,5 сағатты;
2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет