• Үгілу( тозу ) процесі



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі230,21 Kb.
#14705
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 сөж Геология Есқазин Руслан

Үгілу және үгіліске ұшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының және шөгуінің жинақтық процестерін денудация (лат. denudatio – ашылу) деп атайды. Басқаша айтқанда денудация – үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеті) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды.

  • Үгілу және үгіліске ұшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының және шөгуінің жинақтық процестерін денудация (лат. denudatio – ашылу) деп атайды. Басқаша айтқанда денудация – үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеті) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды.
  • Үгілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдық массалар өзгеріп орнынан ауысып тұрса, екінші жағынан шайылу әрекетінен төменде жатқан түпкі тау жыныстары үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі тереңдей түседі.
  • Аккумуляциялық процестердің нәтижесінде алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерінің ойыс немесе шұңғыл аудандарында (ӛзен аңғарларында, кӛлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шӛгінді қабаттар түзіледі.
  • Диагенез – борпылдақ шӛгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы құмнан – құмтас, жұмырланған малта тастан – конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан – қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан – торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет