Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет35/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АКАЛ

АКМЕ


26

күй  адамның  жасымен  байланысты 

және  шамамен  30  жастан  50  жас 

аралығын қамтиды. Кейбір творчес- 

тволық  тұлғаларда  ол  әрі  қарай  да 

жалғасуы мүмкін. Математика сала- 

сында ең жоғарғы жетістіктер 30 жас- 

қа  келеді,  ал  көркем  әдебиетте  –  50 

жастан кейін және т.б. А. күйінен ке- 

йін  адамның  организмінде  инволю- 

циялық процестер пайда болады. Бұл 

олардың кейбір физиологиялық және 

психологиялық функцияларының әл- 

сіреуінде, еңбек қабілетінің төменде- 

уінде және т.б. көрініс табады. Адам 

жетілуінің  жоғарғы  шыңы  (акме)  – 

оның  өмірінің  ұзақ  уақытын  қамти- 

тын кезеңнен тұратын және әрқашан 

да оның қаншалықты азамат, белгілі 

бір іс-әрекет саласының маманы ре- 

тінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен 

қатар, акме ешқашан тұрақты болып 

табылмайды, ал ол аз немесе көп ва- 

риативтілікпен, өзгергіштікпен айрық- 

шаланады. Антикалық өмірбаяндар- 

да «акме» деп өмір мен шығармашы- 

лықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы 

кезеңін  атаған.  Қазіргі  заманғы  ак- 

меологияны – «гүлдену кезеңі» жөнін- 

дегі ғылымды – ең алдымен, әртүрлі 

мамандықтардағы адамдар қай жаста 

оған  жететіні  және  осы  деңгей  қан- 

ша уақыт тұра алатыны қызықтыра- 

ды. А. басты проблемасы болып та- 

былатын – ол өмірдің белгілі бір ке- 

сіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүл- 

дендіре  алатын  жасампаздың  өзінің 

рухының күйі.



АКМЕОЛОГИЯ  –  адамның  кемел- 

дену  кезеңінде,  әсіресе  оның  осы 

жастың едәуір жоғары жетістіктеріне 

жету жағдайындағы даму феномено- 

логиясын,  заңдылықтары  мен  меха- 

низмдерін  зерттейтін  жаратылыста- 

ну, қоғамдық және гуманитарлық пән- 

дердің түйісуіндегі ғылым саласы. А. 

ұғымын жетілген адамдардың дамуы 

жөніндегі  ғылым  ретінде  ең  алғаш 

1928  жылы  Н.А.Рыбников  ғылыми 

айналымға енгізді. А. маңызды проб- 

лемалардың  бірі  –  адамның  кемел- 

денген  жасында  өзін-өзі  жан-жақты 

көрсете  білудің  алғышарттарын  жа- 

сайтын оның жас кезінде қалыптасуы 

қажет  сипаттамаларды  айқындау. 

Адамның  50  жастан  кейін  де  тұлға- 

сының сақталып, шығармашылық қуа- 

тын  арттыруда  әртүрлі  психофизио- 

логиялық  жаттығуларды,  аутогенді 

жаттығуларды, сондай-ақ түрлі ойын- 

дарды, ақыл-ой еңбегін, музыканы қол- 

данудың  тиімділігін  дәлелдейтін 

зерттеулер де бар.

АКСЕЛЕРАЦИЯ  –  соңғы  100-150 

жылдар  ішінде  балалар  мен  жасөс- 

пірімдердің соматикалық дамуы мен 

физиологиялық жетілуінің тез жүруі. 

А. дененің салмағы мен көлемінің ар- 

туында, жыныстық жылдам жетілуде 

көрініс табады. Соңғы зерттеулердің 

статистикалық мәліметтеріне сүйен- 

сек, соңғы жүз жыл ішінде балалардың 

туғандағы бойының ұзындығы шама- 

мен 0,5-1 см-ге, ал салмағы 100-200 г 

өсті;  5-7  жастағы  балалардың  бойы 

әрбір  он  жылда  1,5  см,  ал  салмағы 

0,5  кг  өседі;  мектеп  жасындағы  ба- 

лалардың бойы 10-15 см өскен. Жы- 

ныстық  жетілу  орташа  алғанда  1-2 

жасқа ерте басталады. Кейбір дәстүр- 

лі қатынастардың, оқыту-тәрбие жағ- 

дайларының  сақталуы  жағдайында 

мұндай  жасөспірімдерде  психоло- 

гиялық  бөгеттер  мен  шиеленістер, 

мінез-құлықтың аффективті түрі кө- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет