АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ (1841-
1889) – педагог, ағартушы. Ы.Алтын-
сарин арнаулы психологиялық еңбек-
тер жазып қалдырмаған, әйтсе де оның
сан алуан ойға толы шығармалары-
нан (оқу құралдары, хаттары мен жаз-
балары, т.б.) қоғамдық және педаго-
гикалық психология мәселелеріне
орайлас айтылған көптеген қызықты
деректер табылады. Бұл пікірлер оның
өзі айналысқан практикалык істері-
нен туындаған сияқты. Ой қозғаған
осындай түйіндерге: бала және оны
тәрбиелеу жолдары, оқыту процесі-
нің психологиялық, педагогикалық не-
гіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары,
қоғамдық психология мәселелері, т.б.
жатқызуға болады.
Ы.Алтынсарин өз «Хрестоматиясын-
да» жас өспірімдердің жан дүниесін,
ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы
көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың
ортақ міндеті деп есептеді. Көшпелі
қазақ баласының айналасын дұрыс
қабылдай алуы, осыған орай оның
байқағыштық қасиеттерін арттыру,
жетілдіру мақсатын көздеп, «Хресто-
матияға» үнді ертегісінен мынадай бір
тамаша үзінді берген: «Біреу ағаш-
қа іліп қойған етін ұрлатып алып, ай-
наласына жар салады. «Аласа бой-
лы, қолында қысқа мылтығы бар, со-
ңында тарақ құйрық кішкентай иті
бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?» деп.
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен
барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс.
Ауылдас адамдары үндіден «ұрының
түсі-түгін қайдан білдіңіз?» – деп сұ-
рапты. Сонда үнді айтыпты дейді: –
Ұрының, аласа бойлы екенін білгенім,
менің қолыммен ілген етімді, ол ағаш-
тың астына тас қойып, соның үсті-
не шығып алыпты. Қарт екенін біл-
генім, жүргендегі ізінен байқадым –
адымының арасы тым жақын екен.
Мылтығының қысқа екенін: етімді
ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп
қойған екен, сонда мылтықтың аузы
ағаштың кішкене қабығын жырып
кетіпті, жер мен сол жырылған қабық-
тың арасынан шамаладым. Ұрының
қасында иті бар екенін және ол иттің
әрі кішкентай, құйрығы тарақ құйрық
екенін білгенім етімді ұрлап жатқан-
да, ит анадай бір құмайттырақ жерде
отырған екен, соның құмға түсіп қал-
ған ізінен және бұлғаңдатқан құйры-
ғының табынан байқадым депті – міс».
Ы.Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш
болудың адам өмірінде, оның дүние
тануында қаншама маңыз алатынын,
тіпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ
өмір тәжірибесі мол адамдардың ба-
сында да біртіндеп қалыптасатынын
сөз етеді де, шәкірттерді, өмірді жан-
жақты зерттеп білуге, түймедейден
түйедейді таба білетін ізденімпаз, зер-
делі болуға меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |