Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет56/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АЛЫС

АЛЬТ


40

ныс А. – жағымсыз, жан жарақатын 

тудырған өткен тәжірибені ұмыту (са- 

надан ығыстыру) түріндегі естің бұзы- 

луы. Постгипноздық А. – гипноздық 

сеанс  жағдайында  оқиғаларды  еске 

түсіре алмауда көрінетін естің бұзы- 

луы. Ретроградтық А. – жарақат ал- 

дындағы (бірнеше сағат, бірнеше күн, 

ал кейде бірнеше жылдар бұрын бол- 

ған) оқиғаларды ұмыту түрінде көрі- 

ніс табатын естің бұзылуы. Мыс., атақ- 

ты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» 

атты  романын  науқастанып  жүрген 

кезінде жазған. Роман басылып шы- 

ғады. Ауруынан айыққан соң В.Скотт 

өз романының қай кезде жазылғанын 

еске түсіре алмапты. А. нақты психо- 

логиялық  немесе  клиникалық  әдіс- 

тердің көмегімен анықталады. Бірақ 

өшкен,  ұмытылған  байланыстар  бір 

кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін.

АМУзИЯ – музыка дыбысын түсін- 

беу (музыкалық қабілеттің жоғалуы). 

Әдетте, органикалық зақымдалу сал- 

дарынан музыканы қабылдауға ішін- 

ара не толық қабілетсіздікке қатысты 

(сенсорлық А.) немесе музыканы өзі 

білдіруге қабілетсіздікке қатысты (мо- 

торлық А.) қолданылады. А-ға ұшы- 

раған адамның миының самай бөлі- 

гіндегі (сол жағында) есту орталықта- 

ры зақымдалған болады. А. афазиялық 

аурулар түріне жатады.



АНАЛИз – талдау, айыру; талдаусыз 

топтау жоқ. А. деп ой операциясын, 

бүтінді (затты немесе құбылысты) бөл- 

шекке бөлудің әдісін атайды. Талдау ой 

арқылы әрбір объекті мен болмыстың 

ерекшеліктерін,  қасиеттерін,  белгі- 

лерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нә- 

тижесінде айқындалған белгілер мен 

қасиеттер біріктіру (синтез) деп ата- 

лады. талдаудың физиологиялық не- 

гізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу 

мен  тежелудің  өзара  байланысты 

қызметі. А. – құбылыстарды жеке бө- 

ліктерге  бөлу  процесінен  тұратын 

ойлау әрекетінің бір тәсілі. Талдау сияқ- 

ты ойлау операциясы танымның не- 

гізі болып табылады. Адамда А. ұғым- 

дармен әрекет ету деңгейінде дамы- 

ды. А. организм мен сыртқы ортаның 

практикалық  және  танымдық  өзара 

әрекеттесуінің барлық актілерін енгі- 

зеді  және  танымның  қажетті  дең- 

гейі болып табылады. Ол ойлау опе- 

рацияларының негізгісі болып табы- 

лады. А. синтезбен тығыз байланыс- 

ты. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы 

анализ бен синтездің жаңа мазмұнға 

ие болған түрі. А. дегеніміз ой арқы- 

лы түрлі заттар мен құбылыстардың 

мәнді  жақтарын  жеке  бөліктерге 

бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құ- 

былыстың барлық элементтері бірік- 

тіріледі. А. бен синтез – бірімен-бірі 

тығыз байланысты, бірінсіз бірі бол- 

майтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен 

бірі  ешқашан  ажырамайтын  ойлау 

процесінің  негізгі  компоненттерінің 

бірі. А. бен синтездің негізінде салыс- 

тыру  деп  аталатын  ойлау  операция- 

сы пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет