Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет69/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АПАТ

АППЕ


49

сін көрмеген, атын естімеген бір пә- 

ле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жал- 

мауыз» дедім. Нобайы адамға ұқса- 

майды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. 

Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі 

бойы  –  қол  сұғымдай  шашы  бұр- 

қырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қор- 

қынышты жері – аузы. Ырсиып, от 

болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр 

екен.  Аузынан  кәдігідей  от  бүркіп 

тұр...  өзге  еш  жері  көрінбейді.  Қа- 

раңғы бұрышта қып-қызыл от болып 

жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған 

тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын 

десем, буынымды баса алатын емес- 

пін...  ақырып  келіп,  иығымнан  бас 

салды...».

Жын-шайтан,  пері,  албасты  дейтін 

ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт 

ішінде осындай «керемет» көріністерді 

туғызған  жауыннан  паналап  жүрген 

екінші бір адамның әлсін-әлі жағып 

жүрген  сіріңкесі  екен.  «Қорыққанға 

қос  көрінеді»  деген  мәтел  осындай 

адамдардың психологиясын өте жақ- 

сы көрсетеді.



АРАзДАСУ  –  мінез-құлықтағы  өш- 

тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты 

жағымсыз қылықтар. А. «араз», «араз- 

құраз», «дүрдараз», «дүрдей-дүрдию» 

дейтін мінез көріністерінен байқала- 

ды. А. өш, қас, тату еместікті білдіре- 

ді. А. – өштесу, қастасу, ренжіп ұры- 

су  әрекеттерінің  айғағы.  А-дың  ша- 

рықтау шегі өштесіп-қастасып ұрысу, 

кейде  тіпті  аяғы  төбелеспен  бітеді. 

Араздасқан  адамдардың  ұнамсыз 

әрекеттері сырт пішіндерінен, көзқа- 

растарынан, сөз саптауларынан бай- 

қалады.  Басараздық  –  жеке  адамдар 

арасындағы өшпенділік. Психология- 

да А-ды адамдардың өзара жете тү- 

сінбеу салдарынан туындайтын адам- 

гершілікке жат қылықтар деп санайды.



АРАЛЫҚ  МИ  –  барлық  омыртқа- 

лы жануарлар мен адам миының бір 

бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері- 

нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық 

ми  орта  мидың  алдында  тұрады. 

Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те- 

рі,  ет  және  сіңір  рецепторларының 

импульстер келіп, одан әрі мидың бас- 

қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор- 

ганизмдегі  су,  тұз,  көмірсу,  май  ал- 

масуын  және  дене  жылылығын  жә- 

не  т.б.  бірқатар  физиологиялық  құ- 

былыстарды  реттеп  тұратын  веге- 

тативтік жүйке орталықтары бар.



АРАМзАЛЫҚ  –  адам  мінезіндегі 

қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық- 

тан туындайды. А. мінездің көрініс- 

терін сұм, залым, ішмерез деп те атай 

береді. А. пен өтірікшілік егіз қозы- 

дай жаман қасиеттер. Халық даналы- 

ғының  «Арамзаның  құйрығы  бір-ақ 

тұтам» дейтін мәтел осыдан қалған. 

А.  арам  ниет,  арам  ой-пікір  арқылы 

көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз, 

жексұрын  сипаты  ретінде  адамның 

кісілік қасиеті мен азаматтық тұлға- 

сын  бағасыздандыратын  келеңсіз 

қасиеттер. Құдай тыйым салған қы- 

лық,  іс  мағынасында  араб  тіліндегі 

«haram»  сөзінен  сын  есім  жұрнағы 

арқылы  жасалған  жиренішті  мінез-

құлық атауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет