ТҮЙСІКТІҢ АБСОЛЮТТІ ТА-
БАЛДЫРЫҒЫ – кез келген модаль-
дықтағы тітіркеңдіргіштің сәл ғана
сезгіштікті тудыратын, минимальды
шамасын (сәулелік, дыбыстық т.б.)
білдіреді. Тітіркендіргіштердің бай-
қалар, байқалмас түйсік туғызатын
ең аз мөлшерін түйсіктің абсолюттік
табалдырығы деп атайды. Бейнелеп
айтқанда, анализаторлар – бұл адам
миының «ашық тұрған есігі», бұл
арқылы оған қозулар барады. Бірақ
өте әлсіз тітіркендіргіштер түйсік ту-
ғызбайды. Түйсіктер табалдырығы
неғұрлым төмен болса, қандай да бір
ағзаның сезгіштігі соғұрлым жоғары
болады. Адамның анализаторлары-
ның сезгіштігі өте жоғары және бұ-
дан да әрі дами алады. Егер ауада
көруді төмеңдететін су буы, тозаң жә-
не басқа қоспалар болмаса, біз жа-
нып тұрған шамды (әдеттегі мөлшер-
дегі) 25 километр жерден көрер едік.
Адамның ми түйсігінің соншалықты
сезінгіш екенін 1 л ауаға 0,000 000
005 г мускусты (ерекше күшті иісі
бар, хош иісті зат) ерітсе адамның
оның иісін түйсінетінін білуге бола-
ды. Түйсіктің абсолюттік табалды-
рығынан басқа, айыру табалдырығы
да болады. Тітіркендіргіштің түйсік
мөлшерін байқалар-байқилмас етіп
өзгертетін ең аз өзгеруін айыру та-
балдырығы деп атайды. Жарық сәу-
лесі үшін бұл табалдырық бастапқы
тітіркеңдіргіштің 1/100-не тең; ды-
быс үшін – 1/10; қысым үшін – 1/30.
Біздің көруіміздің тітіркендіргіштер-
дің айырмашылығын сезінуі өте зор.
Адамның көзі түстердің жарты мил-
лионға жуық реңкін айыра алады.
Кейбір мамандықтар үшін айыру та-
балдырығының төмен болуы маңыз-
ды. Мысалы, әртүрлі тамақ өнімдері-
нің дәмдік сапасын белгілейтін ма-
ман (дегустатор – лат. degustare дә-
мін тату деген сөзінен) түйсігінің жо-
ғары сезімталдығының арқасында
шайдың, шараптың, кофенің сан алуан
сорттарын айыра біледі және дәміне
қарай олардың қай жерде өскенін жә-
не қашан даярланғанын біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |