549
мұндай қылықтар өз кезегінде еш-
қандай тіке, объективті анықталатын
себептерсіз жасалады. Тынышсыздық
(үрейлілік); 1. мазасыздану, мазасыз-
дануға бейімділік; 2. қауіп тудыра-
тын, қайғыру, алаңдау, әбігерлену,
тынышсыздану, үрейлену, қауіпте-
нушілік.
ТІЛЕК – ықылас, ниет. Ниет – қа-
жеттілікті қанағаттандыру үшін әре-
кеттенуге және оған іштей ұмтылу.
Ниеттің жүзеге асуы материалдан-
ған сипатта болады. Т. – адамның бір
іс-әрекеті, ой-пікірді іске асыруға
ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы
алға қойған мақсатын іске асыруға
жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар
алады. Тілек – іс-әрекеттің бастау бұ-
лағы, Ол адамды қарекетке, ойға ал-
ған, алға қойған жоспарын іске асы-
руға бағыттаушы саналы әрекеттің
ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-
әрекет объектісі санасынан орын
алып қана коймайды, оны іске асы-
рудың мүмкіндік жолдары да айқын-
дала түседі.
Достарыңызбен бөлісу: