ҮЙРЕНШІКТІ зЕЙІН – зейіннің
ерекше түрі; қажетті әрі құңды бо-
лып саналатын объектіге адам сана-
сының шоғырлануы. Ол қызығу не-
гізінде қалыптасады. Ү.з. ырықты зе-
йіннен дамып қалыптасады. Бірақ
бұл нәрсенің қасиетіне емес, адам-
ның тіршілік мақсатына, мүдделі
әрекетіне байланысты. Зейіннің қай
түрі болсын, іс-әрекеттен нәтиже
шығаруға бағытталады. Егер адам
жұмысты өздігінен беріліп істесе,
ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ
жұмысты тікелей қызығып істей бе-
ру де оңай емес. Мұндай жағдайда
ырықты зейінге орын беріледі. Адам-
дар жұмыс істегенде зейіннің ырық-
ты және ырықсыз түрлерін қарасты-
ра отырып, үйреншікті зейін жұмыл-
дыруды әдетке айналдыруы қажет.
ҮЛКЕН ТОП – қандай да бір абст-
ракцияланған әлеуметтік-демогра-
фиялық белгіге (жынысы, жасы, ұл-
ты, кәсіптік бағдарлығы, әлеуметтік
немесе экономикалық жағдайларына
және т.б.) негізделе және сандық
құрамы үлкен адамдардың әлеуметтік
бірлестігі. Психология ғылымында
топтың, адамдардың санына байла-
нысты түрі ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |