136
хология мәселелері» (1910), «Продук-
тивтік ойлау» (1943).
ВЕСТИБУЛЯРЛЫҚ АППАРАТ –
лат. вестибулум деген сөзі, қаз. кі-
реберіс деген мағынада. Статикалық
түйсіктердің рецепторлары ішкі құ-
лақтағы вестибулярлық аппаратта
орналасқан. Кіреберіс аппараты – іш-
кі құлақта орналасқан, адамның ке-
ңістікте қандай күйде екенін, тепе-
теңдікті сақтайтын, яғни денені, бас-
тың түрлі жағдайдағы – шалқайған,
еңкейген және айналған кезін сезді-
ретін ағза.
ВИБРАЦИЯ – лат. сөзі, қаз.
діріл де-
ген мағынаны білдіреді. Вибрация-
лық түйсіктер қозғалған дененің ауа-
ны толқытуын бүкіл өн бойымызбен
сезінген кезде пайда болады. Негіз-
гі талдағыштары (түйсіну мүшелері)
сау адамда көбінесе өздерінде бұл
түйсіктердің болуын байқамайды.
Көзі, құлағы, тілінен бірдей айы-
рылған американдық Елена Келлер
мен орыстың ғылыми қызметкері
Ольга Скороходованың өмірі мен
шығармашылық әрекеті талдағыш-
тардың адам таң қаларлық жағдайда
бір-бірімен байланысатындықтарын,
әсіресе мұнда вибрациялық түйсік-
тердің маңыздылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: