Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет294/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАНУ

ЖАНУ


207

туралы  айта  отырып,  олардың  да 

іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін 

еске түсіретіндігін немесе соған жа- 

қындайтындығын аңғарамызОсын- 

дай  іс-әрекеттерді  жануарлар  соқыр 

сезіммен орындайды (мәселен, май- 

мылдардың жаңғақты шағуы).

Соңғы  жылдары  жануарлардың  ой- 

лауы  туралы  мәселе  әртүрлі  май- 

мылға  жүргізілген  көптеген  экспе- 

рименталдық зерттеулер көрсекенін- 

дей, шимпанзе алғашқы абстракция- 

лық қабілеттерді меңгерген: маймыл- 

дар  қабылданатын  заттардың  түсін 

түрінен және көлемінен немесе түрін 

түсінен және көлемінен ажырата бі- 

леді.  Жоғары  сатыдағы  жануарлар- 

дың  (маймылдардың)  интеллектуал- 

дық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу 

белгілі  неміс  психологы  В.Келлер- 

ден  басталды.  Мінез-құлықтың  осы 

түрін  зерттеу  үшін  Келлер  белгілі 

мақсатқа жету мүмкін болмаған кез- 

де  маймылды  өте  қиын  жағдайда 

сынады, өзінің тамағын алуға маймыл 

айналып  баратын  жол  немесе  арна- 

йы құрал пайдаланды.

Мәселен,  маймылды  үлкен  темір 

торға орналастырады, қатарына оның 

қолы  жетпейтін  қашықтыққа  та- 

мағын қояды. Тек тордың артқы қа- 

бырғасында орналасқан есік арқылы 

айналып өтетін жолды пайдаланған- 

да ғана маймылдың оған қолы жете- 

ді.  Келлердің  жүргізген  зерттеулері 

төмендегі жағдайды бақылауға мүм- 

кіншілік  жасады.  Алдымен  маймыл 

тамақты  алу  үшін  сәтсіз  әрекеттер 

жасап көрді: аяғын созып та, секіріп 

те  көрді,  бірақ  ештеңе  шықпады, 

енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып, 

қозғалмай отырып, белгілі бір шешім 

алғанша тынышталды.

Жануарлар  міндеттерді  интеллек- 

туалдық тұрғыдан шешуге қалай кел- 

ді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әр- 

түрлі зерттеулер әралуан түсіндіреді. 

Кейбіреулер  маймылдың  мінез-құл- 

қын адам интеллектісімен жақында- 

ту  мүмкіншілігіне  тоқталады,  оны 

шығармашылық көрегендіктің белгі- 

сі ретінде қарастырады. Австрияның 

психологі  К.Вюлердің  түсіндіруін- 

ше, маймылдардың құралдарды пай- 

далануы  бұрынғы  тәжірибенің  ауы- 

суының  нәтижесі  ретінде  көрінеді. 

Қазіргі  зерттеушілердің  көзқарасы 

бойынша,  интеллектуалдық  мінез-

құлықтың  негізін  жеке  заттардың 

арасындағы  күрделі  қатынастардың 

бейнеленуі  құрайды.  И.П.Павлов 

маймылдардың  мінез-құлқына  жүр- 

гізген  бақылаулары  бойынша  олар- 

дың  интеллектуалдық  мінез-құлқын 

«қолмен ойлау» деп атады.

Сонымен,  жоғары  сатыдағы  сүт- 

қоректілерде және адам тәріздес май- 

мылдарда  интеллектуалдық  мінез-

құлық ерекше жоғары дамыған. Мә- 

селен,  алма  ағашының  басындағы 

алманы  көріп,  алып  жемек  болып 

ұмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы 

жетпейді,  содан  кейін  қасында  жат- 

қан  жәшіктерді  бірінің  үстіне  бірін 

қойып,  қолын  созып  көреді,  бірақ 

алмаға  жете  алмайды,  жерден  таяқ 

алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет 

жасап  көреді,  алманы  алып  жейді, 

осында маймылдың істеген әрекетте- 

рі адамның интеллектілік іс-әрекеті- 

не жуықтайды, оларда көргенін есте 

сақтау  қасиеттерінің  бар  екендігін 

аңғаруға болады.

Демек,  жануарлардың  өте  күрделі 

ортаға  бейімделуі  олардың  қарапа- 

йым  жүйке  жүйесі  мен  арнайы  се- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет