Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет32/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АЙМА

АЙМА


24

Ғылыми  терминдік  сөздерді  автор- 

дың таңдау тұрғысы да ерекше назар 

аудартады.  Себебі  белгілі  бір  ұғым- 

ның  баламасына  алынып  отырған 

термин сол ұғымның дәл мағынасын 

беруі, сондай-ақ оның келешекте қазақ 

тілінде алатын тұрақты орны қандай 

болмақ  деген  мәселе  осы  тұрғының 

негізгі мазмұнын белгілейді. Мәселен, 

автор еңбектерінде кездесетін әсер – 

впечетление, әуестік – любопытство, 

балалық – детство, тілек – желание, 

жан қуаттары – душевные силы, амал  – 

действие, қызмет – деятельность, қы- 

лық  –  поведение,  көңіл  күй  –  нас- 

троение, мағына – смысл, мақсат  – 

цель, мейірімділік – гуманность, ерік – 

воля, елігу – влечение, еліктеу  – под- 

ражание, ұғым – понятие, ниет  на- 

мерение, рух – дух, т.б. осы іспеттес 

психологиялық  ұғымдар  күні  бүгін- 

ге  дейін  төл  оқулықтарымызда  еш 

өзгеріске  түспей,  ұлттық  терминдер 

қорының төрінен орын алып келеді.

Ж.Аймауытовтың психологиялық қи- 

сындарының  негізгі  желісі  –  оның 

өзі  тұжырымдаған  мына  төмендегі 

қисындарға келіп саяды: «Тән қуаты 

болса, жан қуаты да ажарлы болады», 

«Нашар жаннан – осал мінездер туа- 

ды...», «Жалынды сөз, жалынды жү- 

ректен шығады...», «Баланы іспен емес, 

сөзбен,  үлгімен,  ақылмен  үйреткен 

адам  сорлы...  Адамның  денесі  қан- 

дай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, 

пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп, 

өркенделмек... Ерлік, қайрат үнемі ірі 

жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-

түйек  жұмыста  да  көрінуі  керек...», 

т.б. Аймауытов кітаптарының ерекше 

назар аударатын тағы бір басты ерек- 

шелігі – бұлар төл тіліміздегі тұңғыш 

психологиялық дүние болумен қатар 

бұрынғы Кеңес елін мекендеген түркі 

тектес  халықтар  тілдерінде  алғаш 

жарық көрген бірден-бір туындылар 

екендігінде. Өйткені, қырқыншы жыл- 

дарға  дейін  әзірбайжан,  өзбек,  түр- 

кімен, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт 

тілдерінде  ұлттық-психологиялық 

еңбектердің  жарық  көрмегенін  ес- 

керсек,  осы  басылымдардың  бағасы 

өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай 

өресі  биік  ғылыми  түйіндері  бар 

төл туындылардың сол кездегі отан- 

дық психологияның ғылыми сара жол- 

ға  түсе  қоймағанын,  тіпті  шет  ай- 

мақтағы Қазақстан түгіл, Орталықта- 

ғы  ғылым  ордаларында  да  (Мәскеу, 

Петроград,  т.б.)  белгілі  ғалым-пси- 

хологтар (К.Н.Корнилов, В.М.Бехте- 

ров, П.П.Блонский, т.б.) ескі түсінік- 

терден  арыла  алмағанын  ескерсек, 

сондай  қарбалас  кезеңде  жазылған 

Аймауытов кітаптарын қазіргі ұлттық 

игілікке айналдыру, тіпті оларды орыс 

не еуропа тілдерінің біріне айналды- 

ру – кезек күттірмейтін шұғыл еңбек- 

тердің бірі болмақ.



АЙТЫС – қазақтың ауыз әдебиетін- 

де  ежелден  қалыптасқан  поэзиялық 

жанр, топ алдында қолмақол суырып 

салып  айтылатын  сөз  сайысы,  жыр 

жарысы. Осынау халқымыздың ерек- 

шелігі психологиялық тұрғыдан ізде- 

се  таптырмайтын  деректердің  бірі. 

А.  психологиялық  сипатын  тұңғыш 

рет проф. М.Мұқанов өзінің «Ақыл-

ой  өрісі»  (Алматы,  1980)  кітабын- 

да талдауға алған. 2005 жылы проф. 

С.Бердібаева «Қазақ айтысының пси- 

хологиялық мәселелері» атты доктор- 

лық диссертация қорғады. Осы зерт- 

теушілердің айтуынша А. көшпелі ха- 

лықтардың, әсіресе қазақ халқының 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет