32
Ойдың ұшқырлығы қажетті жағдай-
да барлық ақыл күшін бір нүктеге
жұмылдыруға ойлаудың жоғарғы бел-
сенділігін тудыру қабілетіне байланыс-
ты. Ойдың ұшқырлығы сондай-ақ
мәселенің барлық жағын көруге мүм-
кіндік беретін ойдың кеңдігіне де,
тоқтамның дұрыс тәсілдеріне қайтадан
оралып, уақыттың зая болуынан сақ-
тайтын ақылдың икемділігіне де бай-
ланысты. Ол түрлі жорамалдарды тез
сынап, олардың жарамсыздарын алып
тастап отыруға мүмкіндік беретін ой-
дың сыншылдық қабілетінің жоғары
дамуын талап етеді.
Ойдың ұшқырлығына қарама-қар-
сы асығыстық ой жұмысының жалқау-
лығынан болады. Ол адамды сына-
лып біткен гипотезаларға сеніп, ауыр
ой жұмысынан құтылу үшін кез-
келген тоқтаммен, берілген мәселенің
тек бір бөлігіне ғана негізделген тоқ-
таммен келісуге итермелейді. Оның
асығыстығымен күресе білу – ақыл-
дың жақсы сапаларын дамытудың қа-
жетті шарты.
Достарыңызбен бөлісу: