АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІН ЖОСПАР-
ЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯ-
СЫ – ғалым-психолог П.Я.Гальпе-
рин жасаған және оның шәкірттері
дамытқан тұжырымдама. Бұл ақыл-
ойдың алдын ала белгілі жоспар бо-
йынша біртіндеп, сатылап берілген бі-
лімді, икемділікті және дағдыны да-
мытудың жалпы психологиялық негіз-
дерін қарастыратын теория.
АЛАМАН – қазақ түсінігінде, ала-
мандық басқаларға бағына қоймай-
тын бәсекелестік, бейресми топтың бір
түрі. Ол ру менмендігінің сипаты, яғ-
ни әр рудың анадайдан бадырайып,
мінездің акцентуациясы секілді бесе-
неден байқалып тұратын көрінісі. Қа-
зақтың әлеуметтік-психологиялық
ұғымдарының бірі, елдің сана-сезі-
мінен гөрі рулық, тайпалық мүддені
жоғары қоятын, менмендігі күшті
ұйымшыл топтың атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |