ЛЕОНТЬЕВ АЛЕКСЕЙ НИКО-
ЛАЕВИЧ (1903-1979) – Кеңес Ода-
ғының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас»
теориясының авторы ретінде белгілі
психолог. Мәскеу университетінің
қоғамдық ғылымдар бөлімін (1924)
бітіріп, психология институтында
және коммунистік тәрбиелеу Акаде-
миясында қызмет атқарған. Л.С.Вы-
готскийдің ең жақын қызметтестері-
нің бірі болған. 1931-1935 жж. Харь-
ковта жұмыс істеп, 1932 ж. профес-
сор атағына ие болды. 1941 ж. Мәс-
кеу университетінің профессоры, пе-
дагогика ғылымдарының докторы.
1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжі-
рибені қалпына келтіру госпиталінде
ғылыми жетекшілік қызметін атқар-
ды. 1945-1950 жж. Ресейдегі ПҒА-
ның Психология институтының бала-
лар психологиясы бөлімін, 1945 ж.
Мәскеу мемлекеттік университетінің
психология кафедрасын, 1963 ж. фи-
лософия факультетінің бөлімін меңгер-
ді. Сол университетте 1966 ж. оның
ұйымдастыруымен психология факуль-
теті ашылды. 1950 жылдан Ресейдің
ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуын-
дағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив-
тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін
жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым.
Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931),
«Қимыл-қозғалысты қалыпқа келті-
ру» (1945), «Психика дамуының очер-
кі» (1947), «Іс-әрекет, сана, тұлға»
(1975) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |