РЕТИКУЛЯРЛЫҚ ФОРМАЦИЯ –
ми қабығының астына орналасқан
осы орталық денедегі барлық ре-
цепторларды ми қабығымен бай-
ланыстырады, ал мұндағы көру
төмпешігі – афференттік талшық-
тардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі
бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық
ету үрдістерінің жұмысын реттесті-
ріп отырады. Ми қызметінің бел-
сенділігін арттыру не төмендету, оған
баратын импульстерді іріктеп, елек-
тен өткізу де осы бөлімнің қызметі.
Оны миды энергиямен қамтамасыз
ететін аккумулятор не басқару пуль-
ті деуге болады. Ретикулярлық фор-
мацияға миды қажетті энергиямен
қамтамасыз етіп тұру жағы жүктел-
ген. Мәселен, адам күрделі ой әре-
кетімен айналысқанда оның миына
біраз энергия қажет болады. Мұндай-
да мидың осы бөлігінің жұмыс қабі-
леті арта түседі. Аталмыш жүйке ор-
талығы эмоция, ерік үрдістерін бас-
қаруда, сондай-ақ адамды ширатып,
зейінін арттыра түсуде елеулі роль
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |