524
ғи да басым келіп отыратын) ерекше
қозғалыстағы тип.
Күшті типтердің екіншісі – ширақ
типтер деп аталынады. Мұнда қозу
мен тежелу процестері бір-біріне
тең келіп, тез алмасып отырады.
Күшті типтің үшіншісі –
қозу мен
тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы
сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз
типте қозу мен тежелу процестері
баяу көрініп отырады. Күшті тітір-
кендіргіштердің әсерінен туатын
шектен тыс тежелулер де әлсіз типте
жиі болып отырады. Мұндайда кей-
де күшті типтер сыртқы дүниеден
келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе,
әлсіз тип морт сынып кететін бола-
ды. Павлов ашқан жүйке жүйесінің
негізгі типтері темпераменттердің
физиологиялық негіздерін жақсы тү-
сіндіреді.
Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүй-
ке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі
тең, қозғалғыш адам – холериктерді
ұстамсыз; жүйке жүйесі күшті, қозуы
тежелуінен басым, флегматиктерді
жүйке жүйесі күшті, қозуы мен теже-
луі бір-біріне тең болғанмен, қозға-
лысы баяу адамдар десе; меланхо-
ликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті
адамдар деп сипаттады. Темпера-
менттер мен жүйке жүйесі типтерінің
өзара қатынастарын осы беттегі таб-
лицадан көруге болады:
И.П.Павлов осы айтылған негізгі
типтерден басқа да аралас, көшпелі
типтердің кездесетіндігін айтты.
Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қо-
зуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және
қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бі-
рақ аз да болса қозуы басымдау тұра-
тын), сонымен қатар қозу мен теже-
лудің күші тепе-тең келетін вариант-
тары байқалған.
И.П.Павлов жануарлардың жүйке
жүйесінің типін айыру үшін жасаған
тәжірибесінің кейбір қорытындыла-
ры адам темпераменттерінің физио-
ло-гиялық негіздерін түсінуге толық
жарайтындығын көрсете келіп, тем-
пераментке мынадай анықтама бере-
ді: «Темперамент жануарлар мен жеке
адамның жалпы сипаттамасы, әрбір
индивидиумның барлық әрекетіне
белгілі кейіп беретін жүйке жүйесінің
жалпы сипаттамасы».
Соңғы жылдары көрнекті совет пси-
хологы Б.М.Тепловтың (1896-1965)
лабораториясында жүйке жүйесінің
типтері одан ары зерттеле түсті. Егер
И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жа-
нуарларға жасаған болса, Б.М.Теп-
лов пен оның шәкірттері осындай
тәжірибені адамдарға жасады. Бұл
зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке
жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілі-
мі адамдардың жеке өзгешеліктерін,
әсіресе, оның темпераменттерін
анықтауда ерекше маңыз алатын бір-
ден-бір ғылыми теория екені тағы да
дәлелдене түсті.
Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі
В.Д.Небылицин осындай зерттеулер-
дің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз
типінің өзі бірнеше варианттарға
бөлінетінін анықтап берді. Бұрын
өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын
осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш,
баяу, қозу мен тежелуі теңгерілме-
ген типтер деп бөлінетін болды. Әл-
сіз типтің де сезімталдығы күшті
екендігі, осыған орай оның сыртқы
ортаға бейімделе алу қабілеті мол
екендігі зерттелді.
Достарыңызбен бөлісу: