Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет801/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   797   798   799   800   801   802   803   804   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

УӘЛИ

УӘЛИ


556

сеологиялық шығу тегін, тамырын ғы- 

лыми тұрғыдан түсіндіре алса да, оның 

әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеді.

Шоқан  психологияда  өзіндік  тео- 

риялық  тұжырымдар  ғана  жасап 

қоймай, өзін шын мәніндегі практик 

психолог  ретінде  де  көрсете  алды. 

Оған ғалымның жекелеген адамдар- 

ға  берген  сипаттамалары  жақсы  дә- 

лел.  Мәселен,  құлжалық  Тоғалдай 

деген  кісіге  берген  психологиялық 

сипаттамасында  былай  деп  жазды: 

«Тоғалдай сығыр қисық көзін үлкен 

көзілдірігімен  сәндеген,  қаршыға 

тұмсық,  арықтау  келген  қарт.  Оның 

аузы  сәл  қисық,  үстіндегі  ерні  үш 

бұрыш сияқты, ортасы үш бұрыштың 

төбе қиығындай да, ернінің екі шеті 

ерінге тіреледі..., қушиған сүйір иегі 

қылтанақсыз,  тап-таза.  Еріндерінің 

арасынан  онымен  тамаша  табысқан 

көгілдір-буырылдау,  кофе  түсті  сы- 

нық  тістері  көрініп  тұрды.  Жасына 

қарамастан, ол өте сөзшең екен, шұ- 

наңдап-ақ  тұр.  Үстіне  жібек  шапан 

киіп,  қара  белбеу  буынған,  оған 

темекі  дорба  мен  желдеткіш  ілген». 

Ал Шоқанның қытай қызына берген 

мінездемесі  де  тамаша!  «Бет  ажары 

бірқыдыру  сүйкімсіз  де  емес...  қою 

қара  шашы  артына  қарай  жиналып, 

сәнді  өрілген,  сүмбідей  өкшесіне 

түсіп  тұр.  Басына  әр  түрлі  көбелек- 

тер  мен  сүйкімсіз  бүршіктері  бар 

қолдан  істелген  гүл  шаншылған. 

Еріндеріне  далапты  қалың  жаққан 

және  ол  маржан  тасындай  қып-қы- 

зыл. Ол өзінің қысықтау көзімен бі- 

ресе жоғары, біресе төмен қарап, көз 

алдыңнан әсте кетпей қояды».

Осы үзінділердегі адам портреті сом 

күйінде  суретшінің  қыл  қаламымен 

полотнаға түсірілген бояулы суреттей 

бейнеленген.  Бұл  суреттемелер  өзі- 

нің  көркемдігімен,  адам  жанының 

нәзік  қырларын  көрсеткендігімен 

оқырманды бірден өзіне баурап ала- 

ды. Шоқан шығармаларында осы іс- 

петтес  психологиялық  бейне  жасау 

мол. Мәселен, Құлжадағы түрлі ұлт 

өкілдері  саудагерлердің  киген  киім- 

дері,  сырт  келбеттері,  нақты  істері 

мен сөздері, тіпті қолдарындағы зат- 

тары  мен  шылдырлаған  теңгелеріне 

дейінгі  ұсақ-түйектер  автор  назары- 

нан тыс қалмайды. Мұның бәрін біл- 

гірлікпен суреттеп беру тек адам жа- 

нын Жазбай танитын аса сезімтал пси- 

холог  кісінің  ғана  қолынан  келетіні 

белгілі.

Көркем очерк түрінде жазылған Шо- 

қан  күнделіктері  мен  жол  жазбала- 

ры – «Құлжа сапарының күнделігі», 

«Қашқария  сапарының  күнделігі» 

психологиялық  жағынан  құнды  дү- 

ниелер. Табиғатты көз алдыңа әкеліп, 

кісіні  қызықтыратындай  бейнелеп 

жазу,  бұларды  сол  өңірдегі  халық 

өмірімен,  жеке  адамдардың  қайта- 

ланбас  өзіндік  психологиялық  ерек- 

шеліктерімен  байланыстыру  шебер- 

лігі  жағынан  Шоқан  күнделіктері 

Байрон  мен  Лермонтовтың  Кавказ 

очерктерімен өте ұқсас және бұлар- 

дан еш кем түспейді, – деп жазды ака- 

демик Әлкей Марғұлан.

Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы- 

ның  түрлі  жақтарын  талдай  келіп, 

қазақ  арасындағы  кейбір  жағымсыз 

әдеттерді  де  мейлінше  сынап,  олар- 

дың психологиялық астарларына үңі- 

ліп,  осы  айтылғандарды  қазақ  қа- 

уымын  ілгері  бастырмай  келе  жат- 

қан  мерездер  деп  қарады.  Мәселен, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   797   798   799   800   801   802   803   804   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет