Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет813/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҰЛТТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ –  бүкіл 

халық  ұстанатын  тәлім-тәрбиелік 

нормаларды жан жүйесі тұрғысынан 

баяндау  –  ғылыми  этнопсихология- 

ның  ілкі  бастауы  болып  табылатын 

халықтық психологияның зерттеу ны- 

саны болып табылады.

Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жи- 

нақталып, жүйеге түскен ұлттық дәс- 

түр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-

ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адам- 

гершілік,  ақыл-ой,  эстетикалық,  ең- 

бек,  дене,  т.б.  тәрбие  түрлеріне  қа- 

тысты  таптаурынды  нормалар  мен 

принциптер, яғни белгілі бір этностың, 

жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі 

астарлары  сөз  болады.  Халықтық 

психология – психика мен мінез-құ- 

лықтың  қанға  «сіңген»,  тез  өзгеріп, 

не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, 

мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дә- 

уірдің жемісі.

Халықтық психология – адамдардың 

қоғамдық  және  жеке  тәжірибесінен, 

өмірдегі  пайымдауларынан  туын- 

дайтын  қарапайым  психологиялық 

білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез-

құлқының  көптеген  жақтарын  қам- 

тып, белгілі этностың өзіне тән пси- 

хикасы  жөнінде  біршама  мәнді 

мағлұматтар  беретін  ілім-білімдер- 

дің  жүйесі.  Әйтсе  де,  бұлар  арнайы 

ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, 

адам психологиясын ажыратуға жөн- 

ді жарай бермейді. Мұндай жағдайда 

біз тек ғылыми психологияның тео- 

риялық мәселелерін зерттеумен этно- 

графиямен  астарласа  дамыған  этно- 

психология атты ғылым саласы шұ- 

ғылданады. Этнопсихология – әрбір 

халықтың  рухани  әрекетін  (миф, 

фольклор,  тіл,  дәстүр,  салт,  әдет-

ғұрып, діл, дін, т.б.), жемісін сол ха- 

лықтың психологиясын, сана-сезімін 

көрсететін  негізгі  өлшемдер  деп 

есептейді. Этнопсихология жеке ғы- 

лым ретінде ХІХ ғасырдың орта ше- 

нінде  Ресейде,  кейінірек  Батыс  Еу- 

ропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, 

Вундт,  т.б.)  пайда  болды.  Қазақ  то- 

пырағында  бұл  мәселемен  көбірек 

айналысқан  Шоқан  Уәлиханов  еді. 

Оның  еңбектерінде  «халық  рухы» 

дейтін  ұғым  жиі  кездеседі.  Мұны 

«халықтық  психология»  ұғымының 

синонимі  деуге  болады.  Бұдан  бір- 

туар  ғұлама  ғалымның  еуропалық 

этнопсихологтардың  еңбектерінен 

біршама хабардар болғаны байқала- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет