570
қатынасынан айқын көрінеді. Ф. сол
жолда құрбан болуға дайындықпен
астасады; идеяға берілгендік басқа
пікірдегілерге төзбеушілікпен қарау-
мен, ортақ мақсатқа жетуге кедергі
болатын әдеп нормативтерін елемеу-
шілікпен ұштасады. Ф. – топтың пси-
хологиялық феномені. Бір-біріне тән-
ті болудан қолдау табатын фанатик-
тер үшін көтеріңкі эмоциялық, өзде-
рінің көзқарастарын қуаттайтын кез
келген ақпаратқа талғамай қараушы-
лық, тіпті тілектестік тұрғысыдағы
сынның өзін қабылдамаушылық тән.
Ф. екінің бірінде идеологиялық (со-
ның ішінде діни) сипатта болады.
ФАНТАзИЯ – 1) елестетудің сино-
нимі; 2) елестетудің өнімі, Ф. сана-
да бейнеленген болмыстың өңін өз-
гертеді, оған болмыстың элементте-
рін транспозициялау (орындарын
ауыстыру) тән. Ф. Бұған дейін белгі-
лі фактілерге қатысты жаңа көзқа-
рас тұрғысын табуға мүмкіндік бе-
реді, осы себепті оның көркемдік
және ғылыми-танымдық құндылығы
орасан зор. Қиялдаудан туындаған
шығармашылық белсенділік едәуір
шамада ішкі ниеттерге, жекелей да-
рындылыққа және адамның қызме-
ті үрдісінде қалыптасатын даралық
тәжірибесіне байланысты. Ф. ұғы-
нушылық қарқындылығы құлдыра-
ған кезде пайда болады; мұның нә-
тижесінде оны ұғынылмағаннан бө-
ліп тұратын бөгет өткізгіш бола
бастайды (түс, қажу, сандырақ);
3) дәл сол мезетте жоқ объектіні,
символды немесе оқиғаны елестету
психикалық үрдісін белгілеу үшін
қолданылатын термин. Негізінде Ф.
қалыпты құбылыс болып саналады.
Тіпті индивидтің психологиялық тұ-
рақтылығы мен денсаулығының көр-
сеткіші болып есептеледі. Фантазия-
ның белсенді түріне іске аспайтын
ғылыми жобалар және т.б. жатады.
Ф. арқылы адамның есіне сақтаған
қабылдау, елес бейнелері кайтадан
өңделіп, сұрыпталып, жаңартылып,
солардың негізінде мида жаңа бей-
нелер жасалады. Ф. тек адамға ғана
тән психикалық үрдіс. «Фантазия»
реалдық өмірмен қатынасы аз қиял
деп түсінілгенмен, көптеген жағдай-
да қиялды фантазия деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: