577
тері туралы, оның мінезі, басынан
кешкендері және алдағы тағдыры
туралы алақан терісінің бедеріне –
капиллярлық және әсіресе флексор-
лық сызықтарға қарап бал ашудың ең
ежелгі жүйелерінің бірі.
X. ежелгі заманнан бар, үнділерде,
халдейлерде, еврейлерде, гректерде,
римдіктерде болған. Оның түп не-
гізінде X. астрологиямен тығыз бай-
ланысты, өйткені бал ашу кезінде на-
зар салынатын қолдың басты-басты
белгілері – алақандағы «жеті төмпе-
шік». Күннің және жеті планетаның
Шолпанның, Юпитердің, Сатурнның,
Меркурийдің, Марстың және Айдың
аттарымен аталады. Қолдың терісі-
нің бедерлерін зерттеу жөніндегі аны-
ғында ғылыми делінетін хабарлар
XII ғасырға қатысты. 1686 X.Маль-
пиги адамның алақаны мен саусақ-
тарының бедер өрнектерін қысқаша
сипаттаған. XIX ғасырда бұл бағыт-
тағы неғұрлым мәшһүр зерттеулер
чех ғалымы Я.Пуркине мен америка-
лық ғалым Уайлдердің еңбектері бол-
ды. Ғылыми психология хироманти-
яны қашаң да қабылдамаған, алайда
тұқымқуалаушылыққа байланысты,
саусақ бедерлерінің эмбриондық да-
муын зерттеу білімнің жаңа саласы –
дерматоглификаның шығуына түрткі
болады.
Бұл терминді америкалық ғалымдар
Камминс пен Мидл ұсынады. Соңғы
уақытта кейбір зерттеушілер еңді
дерматоглифика арнасында қолға қа-
рап бал ашудың дәстүрлі практика-
сынан адамның даралық ерекше-
ліктерінің денелік бейнеленуі тура-
лы білім шығаруға тырысуда: алақан
терісінің бедері мидың дамуы сияқты
ана құрсағында дамудың 3-4 айла-
рында қалыптасады, мұның өзі ата-
ананың гендік жинағының немесе
ұрықтың хромосомдық абсракция-
лардың ықпалынан болады деген ги-
потеза зерттелуде.
ХОЛЕРИК ( грек,– холе – өт) – тем-
пераменттің типі (Мінезді, қызу мі-
незді, жігерлі адам). Х.-тің эмоцияға
берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс
ауытқып, құмарта көтеріліп кететін
шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте
қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса,
бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып ба-
рып басылады, бастан кешкен сезімі
санасында терең із қалдырады, қимыл-
қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс
қылықтарына қарамастан, қызулы,
жігерлі, пысық және іс-әрекет атқару-
ға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта
беріліп, екпінмен істейді, анық, әсер-
лі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері
сөзінен, мимика, пантомимикасынан
білініп тұрады. X. белсенді, батыл ке-
леді, іске шапшаң кіріседі, бастаған
іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам
қатысқан ойындарға құмар. Өзі де
ұйымдастырып, аяғына дейін белсе-
не қатысады, шыдамсыз, күйгелек,
лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады
және ашуын ұзақ сақтайды. X. тем-
пераменті тез туатын күшті сезім-
дерімен, эмоциялық қозғыштарымен,
шамданғыштығымен, жігерімен,
үлкен қозғалғыштығымен, ұғымды
қимылдарымен, бай мимикасымен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: