Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет867/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   863   864   865   866   867   868   869   870   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЭМОЦ

ЭМОЦ


598

әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның 

әрекетін  түсіндіру  үшін  қолданы- 

лады.


Эмоциялық үрдістерге ес және адам- 

ның машықтануы (мотивация) ерек- 

ше үлес қосқандығын атап көрсетті. 

С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың 

тұжырымдамасы когнивтік – физио- 

логиялық деп аталады.



ЭМОЦИЯЛЫҚ  ЕС  –  Эмоциялық 

ес сезімді есте қалдырып, оны кайта 

жаңғырту  түрінде  сыртқа  шығады. 

Өткен өмірімізде кездескен уақиғаны 

есімізге  түсіргенде,  біз  адамдарды, 

уақиғаның  болған  жерін,  сондағы 

айтылған сөз, ол сөздердің бізге ту- 

ғызған  ойларын  жаңғыртып  қана 

қоймай,  кейде  солармен  қабат  мұн- 

дай  еске  түсірулерде  біздің  бұрын 

бастан кешірген сезімдер де оянады. 

Егерде  өткен  өміріміздегі  бір  қуа- 

нышты  уақиғамен  байланысты  қа- 

зіргі  кезде  бізге  талғаусыз  адамды 

кездестірсек,  күні  бойы  қуанышты 

көңілде болуымыз мүмкін.

Бір кезде қорыққанымыз есімізге түс- 

се, өңіміз қашады, бір кезде қатты ұя- 

лу сезімін туғызған оғаш бір іс істеге- 

німіз  айтылса,  қызарамыз.  Эмоция- 

лық ес – адамның рухани өсуінің өте 

қажетті  шарты.  Кімде-кім  ардақты 

істерге себепші болған қуаныш және 

қанағаттану  сезімдерін,  сол  сияқты 

жаман қылықтан туған ұялу сезімін 

мүлдем  ұмытып  кетсе,  ондай  адам- 

ның жаңа ардақты істерді орындауға 

талаптануын  және  жаман  істерден 

өзін  аулақтауы  әлсіреген  болар  еді. 

Эмоциялық естің тағы бір маңызы – 

ол  адамның  эмоциялық  өмірін  түр- 

лендіріп,  байытады;  адамның  түрлі 

сезімдерінің бұлағы қазіргі өмірі ға- 

на болмай, өткен өмірі де болады.



ЭМПАТИЯ (лат. етрateia – әсерле- 

ну) – сезімнің адам бойында жиі кез- 

десетін,  өзіндік  мән-мағынасы  бар 

ерекшелігі. Э. адамның өзгелер қай- 

ғы-қасіретті  жағдайлар:  мен  қиын- 

дықтарға  ұшырағанда,  оларға  жана- 

шырлық, білдіріп, солардың ауыр ха- 

лінің өз басына түскендей көңіл күй- 

де  болуы.  Э.  өзге  адамдардың  жан 

дүниесінің сыры мен күй-жайын бі- 

лу қабілеттілігі және оған жанашыр- 

лық білдіру. Э.-ның айқын көрінісі – 

идентификация.  Бұл  адамның  өзге 

адамның  психикалық  жай-күйін  өз 

басынан  кешіргендей  халде  болуы. 

Э. – басқа адамдарға жаны ашып се- 

зімін білдіру қабілеті, олардың күйін 

түсініп,  қолынан  келген  көмегін  бе- 

руге  даярлығы.  Эмпатияны  алғаш 

америкалық  психолог  Э.Титченер 

(1867-1927) ашып көрсетті. Ол фило- 

софиядағы  ұнату  сезімінің  теория- 

лық негіздеріне сүйене отырып, жа- 

нашырлық  сезімнің  эмоциялық,  са- 

лыстыру мен ұқсату тәсілдермен тү- 

сіндірілетін танымдық (когнитивтік) 

және  адамның  жан  күйзелісіне  ду- 

шар болу себептерін алдын ала сезе 

білу  сияқты  түрлері  болатындығын 

көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   863   864   865   866   867   868   869   870   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет