Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет95/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУН

ӘБУН


69

тәннің тірлік қасиеті, адамда қатары- 

нан екі жан болмайды. Жанның ойда- 

ғыдай  дамып,  қалыптасуы  үшін  тән 

саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жер- 

де  жан  саулығы  да  жоқ.  Міне,  жан 

мен тән жөніндегі Фараби түсінігінің 

негізгі желісі осындай еді. Бірақ осы 

мәселеге байланысты айтылған Фара- 

би пікірлерінде қайшылықтар да кез- 

деседі. Ол «тәннен бұрын жан пайда 

болған» дейтін Платонның қате тұжы- 

рымына қарсы шыға отыра, өзі де жан- 

ның мәңгі бақи өлмей, өмір сүретінді- 

гін мойындайды. Дене қызметі тоқта- 

лып, тәнде жан мәңгілікке жасай бе- 

реді, ол қайтып оралмайды, жаңадан 

өзгеріске де түспейді. Денеден кеткен 

рух  басқа  адамдардың  жандарымен 

қосылып, бүкіл әлемдік жан дүниесін 

құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза, 

адал  адамдардың  жаны  мәңгі  өмір 

сүреді де, залым зымияндардың жаны 

бірден  шіріп,  қурап  бітеді,  –  дейді 

ғұлама.

Ұлы ойшылдың жан мен тән жайлы 

айтылған пікірлерінің осылайша екі 

ұштылығы оның философиялық көз- 

қарастарындағы  кейбір  қайшылық- 

тармен  ұштасып  жататындығы  бай- 

қалады. Әйтсе де, оның жан мен тән 

мәселесі  жөніндегі  пікірлері  ғылым 

үшін үлкен жаңалық еді. Фараби Пла- 

тонға қарсы шығу арқылы бейнелеу 

теориясының ілкі материалистік сіле- 

мін салып, психологиялық құбылыс- 

тардың  тәнмен  байланыстылығын 

көрсетіп, адамның жан дүниесі сырт- 

қы ортаның сәулесі екендігіне жұрт- 

тың көзін жеткізді. Өсімдіктерде де жан 

болады деген кейбір виталистік пікір- 

леріне қарамастан, бүкіл Шығыс әле- 

мінде психиканың пайда болу, даму 

жолдарында ғылыми тұрғыдан алған 

түсіндірген,  жан  туралы  ғылымның 

терминдерін мұсылман елдерінің та- 

рихында тұңғыш жүйеге салған да осы 

ұлы бабамыз Фараби еді.

Ғылым  мен  техника  қазіргідей  кең 

өріс ала қоймаған сол кездегі Шығыс 

әлемінде  ұлы  ойшылдың  осындай 

батыл  ғылыми  пікірлері  сол  кездің 

өзінде-ақ дін иелерін қатты қобалжыт- 

ты, олар Фарабиді құдайдан, діннен 

безген адам деп, оған лағынет оғын 

жаудырды.

А). Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы 

психология мәселелері. Ол адамның 

жан дүниесін (психикалық құбылыста- 

рын)  тәннің  құрылысына  орайлас 

түсіндіруге тырысты. Тәннің де, жан- 

ның да иесі – жүрек, бұған мидың да 

қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүше- 

лері сияқты ми да жүрекке бағыныш- 

ты. Жүрек тіршілік тірегі, қан айналы- 

сы  мен  қимыл  қозғалысының  орта- 

лығы. Жүрек пен байланыспайтын мү- 

ше жоқ, ми да жүректен қорек алып, 

сонан кейін ғана адамның жан дүние- 

сін  басқарады.  Жан  туралы  ілімде 

Фараби ұстазы Аристотельдің ықпа- 

лында болды. Ұлы грек ойшылы өзі- 

нің «Жан туралы» атты еңбегінде өсім- 

діктерде, жануарларда, адамдарда үш 

түрлі жан болады десе, Фараби осы 

пікірді қуаттай келіп, адам жанының 

өзін үшке бөлді. Ол психикалық құ- 

былыстарды жан қуаттары деп атады.

Жан қуаттарын ол алдымен организмді 

қозғалдыратын және оған бір нәрсені 

танып білгізетін қуат деп екіге бөлді. 

Қозғалдыратын қуат бүкіл тірі орга- 

низмге  ортақ.  Ал  танып-білу  қуаты 

жануарлар  мен  адамдарға  ғана  тән, 

бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне 

алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай 

қабілет жоқ. Сондықтан да, олар бұл 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет