Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет714/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СЕРГ

СЕЧЕ


498

жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс 

күнін  енгізу  керек  деген  талабын 

физиология  ғылымы  негізінде  дә- 

лелдеді.  Орыстың  революционер-

демократы  Н.Г.Чернышевскиймен, 

оның  отбасымен  тығыз  байланысты 

болды. Чернышевский өзінің «Не іс- 

теу керек?» деген романында Кирса- 

нов  пен  Вера  Павлованың  бейнесі 

арқылы  Сеченовпен  оның  әйелі  Бо- 

кованың іс-әркеттерін суреттейді.

И.П.Сеченов  өз  өмірінің  ең  соңғы 

минуттарына  дейін  орыс  ғылымы- 

ның озат өкілдері – Тимирязев, аға- 

йынды  Ковалевскийлер,  Мечников, 

Менделеевтермен  бірге  Ресейдегі 

реакцияның  қара  күшіне  қарсы, 

материалистік  көзқарастың  жеңісі 

үшін бар күш-қуатын жұмсады.

Оның  асқан  қарапайымдылығы,  та- 

маша лекторлық қабілеті мен ұстаз- 

дық өнегесі тек өз замандастарының 

арасында  ғана  емес,  бүкіл  орыс 

қауымына ерекше әсер етті.

Сеченовтың  ғылымдағы  дәстүрін 

академик  И.П.Павлов  ілгері  қарай 

дамытты.  Ол  Сеченовтың  еңбегін 

жоғары  бағалап,  оны  «орыс  физио- 

логиясының атасы» деп атады.



СИГНАЛ (лат. signum – белгі). Ана- 

лизаторлардың  т.б.  қабылдаушы 

жүйелердің  сипатына  қарай:  оп- 

тикалық,  акустикалық,  тактильдік, 

электромагниттік,  химиялық,  био- 

ритмдік және т.б. сигналдар болады. 

Бұл  айтылғандар  психофизиология 

мен нейропсихологияда, психофизи- 

када,  ииженерлік  және  жалпы  пси- 

хологияда перцептивтік процестерді 

зерттеу кезінде, әлеуметтік психоло- 

гияда  коммуникация  процестерін 

зерттеуде кеңінен пайдаланылады.

СИНЕРГЕТИКА  (грек.  synergia  – 

ынтымақтастық) – күрделі жүйелер- 

дің  бей-берекет  күйден  реттелген 

күйге  өту  процесін  зерттейтін  және 

осы  жүйе  элементтерінің  арасында- 

ғы  белгілі  бір  байланыстарды  аша- 

тын ғылым. Мұндай байланыстар ке- 

зінде элементтердің жүйе шеңберін- 

дегі  жиынтық  әрекеті  нәтижелілігі 

жөнінен  элементтердің  әрқайсысы- 

ның  әрекеттерінің  қарапайым  қо- 

сындысынан  асып  түседі.  Дербес 

ғылым  ретінде  XX  ғасырдың  70-

жылдарының  ортасында  пайда  бол- 

ды.  Педагогика  үшін  әдіснамалық 

принциптердің бірі болуға бет алды. 

Өйткені  педагогикалық  процесте 

мақсаткерлік өзара әрекеттестік шең- 

берінде  нақ  осы  ғылым  зерттейтін 

нәтижелер шығатыны білініп отыр.



СИНЕСТЕзИЯ  (грек,  synaisthe- 

sis – қосарласқан түйсік) – тітіркен- 

діргіштер сезім мүшелерінің біреуін 

тітіркендіргеңде оған тән түйсіктер- 

мен  қатар  басқа  сезім  мүшелеріне 

де  тән  түйсіктердің  пайда  болуы. 

Мысалы,  кейбір  адамдар  бір  дыбыс 

естігеңде  бұған  қоса  әртүрлі  дәм 

мен  түстерді  де  сезінуі  мүмкін.  Ен- 

ді  басқалары  сары  түсті  заттарды 

көргенде  жылылықты  қоса  сезінеді 

де,  ал  көк,  жасыл  түсті  көргенде  – 

суықты  сезінгендей  болады.  Есту, 

көру,  сипай  сезу,  иіс,  дәм  түйсікте- 

рінде  кездесетін  бұл  құбылыс  өмір- 

де жиі кездеспейді. С. – түйсіктердің 

өзара байланысының мөлшерден тыс 

дамыған бір көрінісі болып табыла- 

ды. Мысалы, кейбір адамдарда есту 

түйсіктерімен  қатар  көз  алдарына 

көптеген бейнелер пайда болады, бұл 

патологияға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет