ОҚУ
ОҚУ
405
Шәкірттің білім меңгеруі, мұғалімнің
сабақ оқытуы, екеуі де – «инемен кұ-
дық казғандай» қиын нәрсе. Мәселен,
мұғалім оқушыға бұрыннан таныс
нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы
жағдай онда ақыл-ой керенаулығын,
кейде тіпті оқудан жиренушілікті ту-
ғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр-
кез шәкірттің рухани тілектерін, та-
ным белсенділігін шөліркетпей, оны
үнемі қанағаттандырып, оның таби-
ғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге
құштарлығын түртпектеп дамытуы
қажет. Тіпті балабақшасындағыларда
«бәрін білуге» құштарлықтан туын-
дайтын тамаша қасиет бар. Мәселен,
олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге
керек?», «Ақ тиін неге ағаш басында
тіршілік етеді?», «Үй төбесінде шал-
қалап тұрған шыбындар неге құлап
кетпейді?» т.б. осы іспеттес көптеген
шытырман сұрақтар қоюға әуес ке-
леді. Кейбір ата-аналар, кейде мұға-
лімдер де балалардың осындай ай-
наланы білсем, танысам екен деген
табиғи талпыныстарына жауап бере
бермейді. Көбінде олар «сен мұны
бәрібір түсіне алмайсың, кейін мек-
тепке барғанда оқисың ғой» деп «ұзын
арқан, кең тұсауға» салып жүре бере-
ді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жа-
уап қайтара берудің де қажеті жоқ,
өйткені мұндай сауалдардың кейбі-
реулері осы жастағы балалардың ин-
теллект мүмкіндігін көтермейді де.
Бірақ мына жағдай әркез есте болуы
тиіс. Егер жас баланың потенциал-
дық мүмкіндіктері жете бағаланбаса,
яғни оның рухани тілектері қанағат-
тандырылмаса, бұл жағдай оның ай-
наланы танып-білуге құштарлығының
біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа са-
лынуына себеп болуы ықтимал. Шә-
кірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамы-
ту үшін оқытуды тым жеңілдетудің
де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойы-
на жеткілікті азық беретін оқу ғана
қарқынды дамытуға септігін тигізе
алады. Міне, оқушының ойлау бел-
сенділігінің осылайша дамуынан бі-
лім мен дағдыға, икемге қанығудың
негізі қаланады. Оқыту процесін пси-
хологиялық жағынан қарастыратын
П.Я.Гальперин теориясынан басқа да
әртүрлі тұжырымдамалар бар. Со-
лардың бірі – проблемалап оқыту.
Бұл ұстаз бен шәкіртке ортақ таным-
дағы белсенді ой тәсілдері мен із-
деніс әрекеттерінің заңдылықтарын
(проблемалық ситуация, танымдық
қызығу, қажетсіну, т.б.) ескере отырып
жасалған, оқытудың бұрыннан мә-
лім тәсілдерін қолдану ережелерінің
жаңа жүйесі. Бұл – шәкірттерді дамы-
та оқытуға, яғни ғылыми ұғымдары
мен ғылыми дүниетанымы әр жақ-
ты дамыған жеке адамды, онын ақыл-
ой белсенділігін қалыптастыруға ба-
ғытталған оқыту әдісінің өзіндік жү-
йесі.
Шәкірттердің ойлау қабілетін дамы-
туға оқытудың проблемалы сипатта
болуы ерекше әсер етеді. Проблема-
лық оқу – оқушыға беретін білімнің
бәрін мұғалімнің өзі баяндап бер-
мей, олардың алдына сұрау салып,
мәселе қойып, соны өздерінше шешу-
ге бағыттау.
Әрине, кез келген сұрақ проблемалы
бола бермейді. Проблемалық сұрақ –
білетін мен білмейтіннің арасындағы
қайшылықты іздеу, оны шешуге қа-
жетті жетіспей тұрған тәсілді табу.
Бұлай оқытудың басты жолы – оқу-
ОҚУ
ОҚУ
406
шыны дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл
жерде материалға сай дұрыс сұрақ
қоя білудің де маңызы зор. Ойлауда
қарама-қайшылықтық пайда болуы –
проблеманың тууына жағдай жасай-
ды, затты не құбылысты дербес алып
қарауға мумкіндік береді. Ойлауда
диалектикалық қайшылықтың болуы
оқушының өз бетінше жұмыс істеуі-
не түрткі болып, содан барып мәселе-
ні шешуді керек ететін проблема туа-
ды. Сөйтіп білетін мен білмейтіннің
арасында қайшылықтар туындайды
да, сол мезетте дайын тәсіл болма-
ғандықтан, өзекті мәселе туындай-
ды, сөйтіп оқушының ізденімпаздық
әрекеті мен ынтасы арта түседі. Мә-
селен, поляк педагогі В. Оконь (1914)
«2+5 х 3=21; 2 + 5x3 = 17, секілді есеп-
тер беріп, оқушыларға проблемалық
жағдай тудырған. Осы есепті шыға-
ру үшін жақшалар керек екені оқушы-
ның ойына келеді; яғни ол (2 + 5) х 3
= 21; 2 + (5x3) = 17 деп таңбалайтын
болады. Шәкіртке берілетін барлық
білімді, сабақ біткенді осы жолмен
іске асыруға болмайды. Өйткені кей-
бір тақырыптар мұндай әдісті керек
етпейді. Сондықтан түгелдей осы
әдіске жүгінбей, оқытудың басқа да
амал-тәсілдерін қолдану қажет.
Сонымен бірге мұғалім шәкірт ойла-
уындағы дара айырмашылықтарды
да, яғни олардың ой тәсілдерінің (тал-
дау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
жүйелеу, т.б.) түрліше болатындығын
да есте ұстауы тиіс.
Білім жүйелерін меңгеру – күрделі ой
жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау тә-
сілдері мен формалары (ұғым, пікір,
ой қорытындылары) арқылы жүзеге
асады. Адам ойының бастапқы фор-
масы – ұғым. Бұл айналадағы зат-
тардың мәнді, негізгі белгілері тура-
лы қарапайым ой. Шәкірттердің оқу
үстінде меңгеретін ұғымдарының қа-
лыптасу жолы бірнеше басқыштар-
дан өтеді. Алғашында бала меңгере-
тін ұғымдардың аумағы тар, мазмұ-
ны да кеңейіп тереңдейді. Ұғымдар-
ды меңгеру сөз арқылы іске асады.
Сөз – ұғымның материалдық қабығы.
Ұғым бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де
беріледі, оның нақты не абстракті-
лі жалаң, не күрделі екендігі тек кон-
тексте ғана айқындалады. Шәкірт-
тердің танымдық ұғымдарын берік
қалыптастырмайынша, оларға жүйелі
білім беру қиынға соғады.
Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді
пайдаланудан шәкірттер өздері ұғы-
нуға тиісті заттар мен фактілерді са-
ралап, салыстырып, жекелеген құ-
былыстардың не себептен туындай-
тынын, яғни оның шығу төркінін, се-
бебін іздестіретін болады, оқушы мұ-
ғалім сұрағына тек жауап беріп қана
қоймай, оған өздері де сұрақ қойып,
мәселені өз бетінше шеше білуге ма-
шықтанады.
Еліміздің озат, жаңашыл ұстаздары
өз тәжірибелерінде методика, педа-
гогика, психология ғылымдарының
соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану
арқылы сабақ процесінің нәтижелі-
лігін жетілдіре түсуде. Олар бәрінен
бұрын сабақтың құрылымына ерек-
ше көңіл бөліп жүр.
Атап айтқанда, бұл біріншіден – ұс-
таздың сабақты терең және жан-жақ-
ты түсіндіруі, екіншіден – оқу мате-
риалын тірек плакаттарына орайлас-
тыра қысқаша баяндай білу. Осының
арқасында шәкірт тірек белгілері бар
беттердің (тірек плакаттарының ша-
ғын көшірмесі) мәнісін ұғынады, олар-
ды альбомдарына желімдеп жапсыра-
ОҚУ
ОҚУ
407
ды. Одан соң тірек сигналдары мен
оқулықты қатар пайдаланып, үй тап-
сырмасын орындауға машықтанады.
Келесі сабақтарда тірек сигналдарын
жазба түрде қайтадан жаңғыртады.
Кейіннен сыныптағылардың ауызша,
әсіресе тақта алдындағы жауаптарын
тыңдайды.
ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК –
мұғалімнен оқу процесін оқушылар
бойында құлшыныспен өз бетімен
жұмыс істеуді, білімді берік, терең
игеруді, қажетті білікті, дағдыны жү-
йелі қалыптастыратындай және олар-
дың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шы-
ғармашылық және есте сақтау қабі-
леттерін дамытатындай етіп құру-
ды талап ететін дидактикалық қағи-
да. Оқытудағы дағдылар – бірнеше
мәрте қайталау нәтижесінде авто-
маттандырылған сипатқа ие болған
оқу әрекеті. Ол оқушылардың білім
мен білікті игеру мөлшеріне қарай
олардың ауызша және жазбаша сөй-
леу кезінде, оқу міндеттерін орындау-
да, т.б. көрінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ зЕРТТЕУ ӘДІСІ –
оқушыларды айналадағы құбылыс-
тарды бақылап, ондағы зандылықтар-
ды тануға, өздігінен қорытынды жа-
сай білуге үйретуде зерттеу элемен-
тін қолдану. Оқушының белсенділі-
гін, қызығушылығын қалыптасты-
рып, оның ойын дамытуға, өздігінен
ізденуге бағытталады. Оқытудағы ин-
дукция (лат. inductio – сілтеу) – оқу ба-
рысында ой тұжырымын пайдалану-
да ойдың өрбуінің жалқыдан жалпы-
ға қарай ілгерілеуі. Бірақ индукция-
лық әдіс жаңа ұғымды қалыптасты-
руда едәуір уақытты талап етеді.
ОҚЫТУДАҒЫ ҮЛГІЛЕУ – 1) оқу-
шылар меңгеруі қажет мазмұн ретін-
де үлгілеу; 2) онсыз толық мәнді оқы-
ту болмайтын оқу әрекеті, құралы ре-
тіндегі үлгілеу. О.ү. арқылы зерттеле-
тін күрделіліні қарапайымға, көзге
көрінбейтінді және сезілмейтінді кө-
рінетінге, сезілетінге, бейтанысты та-
нысқа келтіруге болады, яғни кез кел-
ген күрделі объектіні мұқият және
жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей
жасауға болады.
ОЛИГОФРЕНОПСИХОЛОГИЯ
(грек. oligos – аз, болмашы, phren –
ақыл және психология) – миының же-
тілмегендігі ауыр нысандағы адам-
дардың психикалық дамуын және
оны түзету мүмкіндіктерін зерттей-
тін арнаулы психологияның тарауы.
О. олардың ақыл-ой мешеулігінің се-
бептерін (жүйке жүйесінің туа біткен
кемістігі, аурудың не жарақаттану-
дың салдары) анықтайды, психоло-
гиялық ерекшеліктерін, кемістіктің
білінуінің нысандары мен дәрежесін
зерттейді. Оларды қосалқы мектеп-
терде оқытудың бағдарламалары мен
әдістемелерін жасауға жәрдемдеседі.
Олигофрения – ақыл-ой кемістігі. О.-
балалар миының перинатальды және
ерте постнатальды кезеңдердегі бұ-
зылуының нәтижесінде танымдық
әрекеттердің төмендеуінен болатын
психикалық дамымаудың ерекше
түрі.
ОЛПОРТ ГОРДОН УИЛЛАРД
(1897-1967). Ол жеке тұлға туралы
теориясында гуманистік және жеке-
даралық тұрғыны қосарластырып тү-
сіндіреді. Олпорт адам табиғатының –
жеке тұлғалық дамуы адамның өзін-
ОҚЫТ
ОЛПО
408
өзі жеңе білу өз мүмкіндіктерін толық
іске асыра білу аспектілерін зертте-
ді. 1937 жылы тұлға анықтамасының
50-ге жуық түрін жүйелеп, солардың
ішінен: осы терминнің этимология-
сына, теологиялық мәніне, филосо-
фиялық түйініне, әлеуметтік мәніне
және оның сыртқы көрінісі мен іш-
кі психологиялық мәніне байланыс-
ты оларды жеті топқа бөліп қарас-
тырады.
Оның теориясының негізінде екі
идея жатыр: 1) әрбір адамның әрқи-
лы ситуациялардағы мінез-құлқын
айқындайтын өзіне ғана тән қасиет-
терінің жиынтығы; 2) әр адамға өзін-
дік жеке-дара қасиеттер тән тіршілік-
те әлемде мүлдем бірдей екі адамды
табу қиын.
Г.Олпорттың негізгі еңбектері: «Тұл-
ға: психологиялық интерпретация»,
«Адам және оның діні»; Тұлға пси-
хологиясының негізгі мәселелері»
және т.б.
ОНТОГЕНЕз (грек. опtos – тіршілік
және genesis – шығу тегі, пайда бо-
лу) – жеке ағзаның туылғаннан бас-
тап тіршілігін жойғанға дейінгі даму
үрдісі. Бұл терминді 1866 ж. неміс
биологі Э.Геккель ұсынды. Ол онто-
генезді филогенезге – кейбір жүйелік
топтың, мысалы, биологиялық түрдің
қалыптасу үрдісіне қарсы қойды. Ол
жеке даму биогенетикалық заңға сәй-
кес өтеді, яғни О. филогенездің қысқа
мерзімде жаңғыртылуы болып табы-
лады деп есептеді. Қазіргі заманғы био-
логияда ағзаның О. барысында өзгеруі
ортаның ықпалынан болады, алайда
ол тектік тұрғыда бағдарламаланған
ақпарат негізінде жүзеге асады деп
түсіндіріледі. Биологиялық теориялар
мен терминологияның психология-
лық-педагогикалық ғылымдардың қа-
лып-тасуы үшін маңызы зор болды. О.
термині психология мен педагогикаға
енгізіліп, XIX ғ. соңынан бастап пси-
хиканың жеке даму үрдісін білдірді.
XX ғасырда отандық ғылымда онто-
генездің негізгі мазмұны баланың
пәндік әрекеті мен қорытындылауы
(ең алдымен, үлкендермен бірлескен
әрекеті және қарым-қатынасы) деген
түсінік орнықты. Онтогенезді зерттеу
балалар психологиясының негізгі
міндеті болды. Интериоризация ба-
рысында бала осы әрекет пен қарым-
қатынастың әлеуметтік, белгілік-сим-
волдық құрылымы мен құралдарын
меңгереді, осылардың негізінде оның
санасы мен жеке тұлғасы қалыптаса-
ды. Сөйтіп адам онтогенезінің не-
гізгі мәні ағзаның кемелденуі емес,
әлеуметтенудің әр алуан институтта-
ры тарапынан әсерықпал жағдайын-
да психиканың, сананың және тұлға-
ның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы
болып табылады.
ОҢТАЙЛЫЛЫҚ – берілген жағдай-
да қатысушылардың уақыты мен кү-
шін мейлінше аз жұмсау арқылы ең
жоғарғы нәтижеге жету. Оқу-тәрбие
процесінің оңтайлылығы проблема-
лары отандық дидактикада үнемі на-
зарға алынып келе жатқан проблема-
лар болып табылады. О.- берілген жағ-
дайда қатысушылардың уақыты мен
күшін мейлінше аз жұмсау арқылы
ең жоғары нәтижеге жетуді қамтама-
сыз ететін тиімді жағдайлар жиын-
тығы.
ОПАСЫзДЫҚ – адамның азамат,
ұйымның бір мүшесі, отағасы ретін-
дегі әлеуметтік позицияларынан (ста-
ОНТО
ОПАС
409
тусынан), парыз ұғымынан және т.б.
туындайтын, өзі ұстанған приицип-
терін, сенімдерін, міндеттерін бұзатын
іс-әрекетінің сипаттамасы. Опасыздық
адал берілгендіктің қарама-қарсылы-
ғы болып табылады. Сатқындықтан
өзгешелігі – опасыздық өзі соған қа-
тысты жасалған адамға не іске тіке-
лей бағытталмайды. Сондықтан опа-
сыздық байқалатын іс жүзіндегі әре-
кет пен шын мәнінде опасыздықты
білдіретін сенімдегі, жақындықтағы
өзгерістердің арасындағы шекті нақ-
ты ажырату қиын. Психологиялық
көзқарас тұрғысынан егер пайда көз-
деген ниеттен туындаған болса, опа-
сыздық кейде оңай жасалады, өйтке-
ні адам өзі соның алдында опасыз-
дық жасаған адамнан ұялғаннан гө-
рі, О. нәтижесінде қолы жететін пай-
даға көбірек мән береді.
Сатқындық сияқты опасыздық та бар-
ша замандарда қатаң айыпталған.
Феодалдық қоғамдарда О. ең ауыр кү-
нәлардың бірі деп бағаланған. Гума-
нистік дүниетаным адамның ойлау,
өмір сүру салтын өзгертуге деген құ-
қығын мойындайды және адалдық
пен шын берілгендікті адамның бос-
тандығын шектейтін құралдар деп
қарамайды. Өркениетті қоғамда мін-
деттемелердің орындалуын тоқтату
ажырасушы жақтың тарауы мүмкін
шығынын өтеуді көздейтін уағдалас-
тықпен жасалуға тиіс. Ерлі-зайыпты-
лықта, махаббат пен достықта адал-
дықтан айнудың есесі қайтуы мүмкін
емес, сондықтан ол әр уақытта О. деп
саналады.
ОПЕРАЦИЯ (психологияда) (лат, оре-
rаtіо – іс-әрекет) – 1) субъекттің объ-
ективті дүниені танып білу үшін іс-
тейтін іс-әрекеті. Адам әрекеттерінің
сыртқы көрінісі арқылы сол адамның
ішкі көңіл күйі, психикалық жағдайы
жайында баға беруге болады. XIX ға-
сырдың 40-жылдарында американ
психологі Э.Торндайк (1874-1949)
салған операционизм немесе бихеви-
оризм деген бағыттар пайда болды.
Бұл ілім бойынша адамның бүкіл пси-
хикасы мінез-құлық реакциясына ке-
ліп тіреледі, бұл бағыттардың басты
кемшілігі – адам психикасын жан-
жақты зерттеуге мүмкіншілік бермей-
ді. Женева психологтарының басты
өкілі Ж.Пиаже ой үрдістеріндегі О.
белгілі бағытталған әрекетін көрсете-
ді дейді. Негізгі ойлау операциялары
салыстыру, анализ, синтез, абстракция
және тұжырымдаудан тұрады. Осын-
дай операциялар арқылы адамда жа-
ңадан пікір, дүниедегі заттар мен құ-
былыстар жайында ұғым туады. Кез
келген психикалық үрдістерді зерт-
теуде операцияның рөлі зор;
2) белгілі бір міндеттерді орындау ба-
ғытындағы аяқталған әрекет;
3) мекеме, кәсіпорын, т.б. міндеті мен
қызметіне байланысты қайталанбалы
әрекеттер. Кейбірде операция – амал
деген мағынаны білдіреді. О.Ж.Пиа-
же теориясында – адамның қайтым-
ды қасиеттері бар тәжірибелік неме-
се ақыл-ойлық әрекеті, яғни бұл әре-
кеттерді тікелей немесе қайтымды
түрде, бастапқы жағдайға оралу не-
месе алынған нәтижелерді қайталап
орындауға болады. О.– әрекеттің құ-
рылымдық бірлігі. Күрделі іс-әрекет-
те жеке әрекеттер операция рөлін ат-
қарады. Іс-әрекет мақсаты оның жал-
пы бағытын анықтайды. Іс-әрекеттің
нақты жағдайлары жеке әрекеттерді
ОПЕР
ОПЕР
410
жүзеге асырудың тәсілдерін, әрекет
амалдары мен құралдарына таңдау-
ды, яғни осылайша операциялардың
сипаты мен бірізділігін анықтайды.
ОПТИКАЛЫҚ АФАзИЯ – визуалды
көрінетін объектілерді атай алмауы-
мен сипатталатын неврологиялық күй.
Бұл күйдің ассоциативті афазиядан
айырмашылығы – пациент стимулдың
мәнін біледі (яғни ол етікті қалай ки-
етінін пантомимамен көрсете алады,
бірақ бұны айта алмайды, яғни «етік»
немесе «етік кию» деп айта алмайды).
«Аномия» деп те аталады. Оптикалык
атаксия – визуалды бақылау кезінде
объектіге жете алмауымен сипатта-
латын атаксия.
ОПТИМИзМ (лат. оptimus – ең жақ-
сы) – дүниеде ізгілік үстем болады,
әділет салтанат құрады және барша
жұрт бақытқа кенеледі деген сенім-
ділікке негізделген дүниетану түсіні-
гі. Пессимизмге қарама-қайшы. «О.»
термині алғаш рет біздің әлем «ық-
тимал әлемдердің ең жақсысы» деп па-
йымдаған философиялық (Г.Б.Лейб-
ництің) ілімді сипаттау үшін қолда-
нылды. Бертін келе О. даралық не бұ-
қаралық сананың жалпы эмоциялық
үндестігін бейнеленетін неғұрлым
кең мағына алды. О. тікелей сезімдік
дүниетану түсінігіне де, тұтастай дү-
ниетанымға да тән болуы мүмкін.
Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген
кезеңдерде адамдардың көңіл күйін-
де үстем болып, оларды дүниеге жә-
не өз тағдырына қарекетшіл, белсен-
ділікпен қарауға ынталандырады. Оп-
тимистік ауан әлеуметтік сілкіністер
кезінде де пайда болып, оларды еңсе-
руге жәрдемдесуі мүмкін. О. тұтас ал-
ғанда сындарлы, адамдарды болмыс-
қа көңілі толушылық сезіміне бөлей-
ді. Қанағатшылдық, қуаныш, бақыт
сүйініштерімен ұштасады. Алайда ол
болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен
ұштаспаса, адамдарды тек жағымды
жайттарды ғана қабылдауға бейім-
деп, тұлғаның орнықты психология-
лық ұстанымы нысанына айналуы
мүмкін.
Мұндай жағдайда санада адамдарды
бағдарынан жаңылдыратындай, уа-
қытында дұрыс шешімге келуіне, қо-
ғамдық үрдістерге араласуына ке-
дергі келтіретіндей әртүрлі жалған
үміттер ұялайды. Мұндай көңіл ауа-
нында қоғамдық сана-сезім басқадай
мүдде көздеген адамдардың тарапы-
нан бұрмалауға, өз мақсаттарын пай-
далалуына оңай беріледі. Кейін бұ-
қараның бұған көзі жетуі оны қатты
түңілдіріп, О. орнына пессимизм ба-
сым болуы мүмкін. Қоғам сындарлы
өзгерістер жағына, іс жүзіне ауысқан-
да ғана адамдардың сана-сезімі бол-
мысты неғұрлым жарқын өміршең-
дік ауанда бағамдауға ойысады. Зұ-
лымдық жеңіліп, ізгілік үстемдік ете-
тін қоғам орнатуға болады дейтін тү-
сініктер қиял және осы себепті әлеу-
меттік тұрғыдан қауіпті болып шы-
ғады. Бұл екі категория адамзат өмі-
рінің мәңгілік серіктері және олар-
дың түптамыры адамның өзінде.
Дүниеге, тарихқа және адамға қатыс-
ты байыпты, реалистік көзқарас қа-
на адамдардың сенімді болашағын
қамтамасыз етеді, осы арқылы олар
өмірлік кездейсоқтықтар мен күтпе-
ген жағдайларға психологиялық тұр-
ғыдан дайын болады. Оптимистік дү-
ниетаным балалар мен жастарды тәр-
биелеуде үлкен рөл атқарады, өйткені
ОПТИ
ОПТИ
411
ізгілікке әділдікке, жарқын болашақ-
қа деген сенім болмайынша, тұлғаның
құлықтық қалыптасуы мүмкін емес.
Осының өзінде өмірдің қалтарыс
жақтарын елемейтін, тәрбиеде және
тұлғаның өзіндік тәрбиесінде рухани
құлықтық күйініштердің. тарих пен
жеке өмірде бастан өткен оқиғалар-
дың мән-мағынасын түсінбейтін пе-
дагогиканың келешегі жоқ. Оптимис-
тік қабылдау адамның өмірдің ауырт-
палықтарына төзуге, оларды еңсеріп
жеңіп өтуге дайын болуын қамтып,
адамдардың арманшыл көңіл ауанын
емес, өмірлік табандылығын бейне-
легенде ғана жағымды болмақ. О. –
дүниеге үміт көзімен, сеніммен қа-
раушылық, үмітсіздіктен аулақ бо-
лушылық.
ОРГАНИКАЛЫҚ ТҮЙСІКТЕР –
біріншіден, организмнің органикалық
қажеттіліктерімен байланысты туа-
ды, екіншіден, ішкі мүшелердің қыз-
метінің бұзылуы кезінде пайда бола-
ды. О.т.-ге аштықты, шөлді түйсіну,
жүрек-қан тамырлық, тыныс алу жә-
не жыныстық жүйеден келетін түй-
сіктер, сонымен қатар, жалпы көңіл
күйдің жақсы немесе жаман сезімдік
негізін құрайтын айқын емес, ажыра-
тылмайтын түйсіктер жатады. Түрлі
ішкі мүшелерде кездесетін рецептор-
лар Ч.Шерингтонның жіктемесі бо-
йынша интероцепторлар категория-
сына жатады. Интероцепторлар меха-
никалық, химиялық, физикалық-хи-
миялық сипаттағы тітіркендіргіштер-
ді қабылдайды. Барлық органикалық
түйсіктердің бірқатар ортақ қасиет-
тері болады. Мысалы, олар көп жағ-
дайда органикалық қажеттіліктермен
байланысты. Бұл қажеттіліктер осы
органикалық түйсіктер арқылы сана-
да бейнеленеді. О.т.-дің барлығы бел-
гілі бір қысылумен байланысты. Мұ-
ның өзінде оларда қажеттіліктерді қа-
нағаттандырумен байланысты бола-
тын түйсіктер тәрізді динамикалық,
елігу, ұмтылыс және кернеуді босату
сияқты сәттері болады.
О.т.-де сенсорлық, перцептивті сез-
гіштік әрі аффективті сезгіштікпен
ұласады. Сондықтан «аштықты түй-
сінудің «аштық сезімін, «шөлді түй-
сінудің «шөлді сезіну» деп бекерден
айтпайды. Барлық органикалық түй-
сіктер күшті аффективті сипат, айқын
эмоциялық бояуға ие. Сондықтан ор-
ганикалық түйсіктерде тек сенсорика
ғана емес, сондай-ақ аффективтілік те
көрініс табады. О.т. организмнің қа-
сиетін емес, ал оның күйін бейнелей-
ді және көп жағдайда саналанбайды.
О.т. жиі диффузды сипатта болып,
өзінің шоғырланған жерін көрсет-
пейді. О.т. қажеттіліктерді бейнелей
келе, әдетте, қозғалыстық импульс-
тармен байланысты болады. Осылай,
мысалы, аштық сезімінде, тыныс қы-
сылғанда және т.б. спазмалық қозға-
лыстар және түрлі ырықсыз әрекет-
тер пайда болады. Осылайша, О.т.
Психиканың әртүрлі жақтарымен:
аффективтік күйлермен, елігулер-
мен және ұмтылыстармен жапсар-
лас келеді; ең басынан бастап, өмір
қажеттіліктермен тығыз байланысты
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |