Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет65/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90

ПРАКТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ – ойлау 

түрлерінің бірі, әдетте, ол теориялық 

ойлаудың  қолданыстағы  түрі.  Прак- 

тикалық ойлау мақсат қоюмен, жос-

пармен, жоба жасаумен байланысты 

көбінде уақыт тапшы болған жағдай- 

да өрістейді, сол себептен ол теория- 

лық  ойлауға  қарағанда  анағұрлым 

күрделі  болып  келеді.  Б.М.Теплов 

өзінің  «Қолбасшының  ақыл-параса-

ты» (1944) атты еңбегінде Суворов пен 

Наполеонның  соғыс  кезіндегі  осын- 

дай  ойлау  түріне  шебер  талдау  жа- 

саған.


ПРАК

ПРАК

440

ПРОАКТИВТІК ТЕЖЕЛУ – ұмыту 

кезінде байқалатын құбылыс, бұрын 

есте сақтаған материалдың келесісі- 

не  бөгет  жасауы.  Мұндай  құбылыс- 

тың табиғатын білу психологтар мен 

педагогтар  үшін  өте  маңызды.  Мы-

салы,  мұндай  тежелуді  оқушыларда 

болдырмау  үшін  сабақ  кестелерінде 

ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қа- 

дағалап,  әр  жастағы  оқушылардың 

үй тапсырмаларының мөлшері (көле- 

мі)  қатаң  сақталынып,  оқу  әрекетін 

үнемі түрлендіріп отырулары керек.

ПРОБЛЕМАЛЫҚ  СИТУАЦИЯ  – 

күнделікті тыныс-тіршілікте, өмірде, 

тәжірибелік  зерттеуде  түйінді  мәсе- 

лені  шешуде  адамның  ақыл-ой  бел- 

сенділігінен байқалатын психология- 

лық  қандайда  болмасын  мәселені 

шешуде алынған бұрынғы білімі мен 

тәжірибесінің,  дағды  икемділігінің 

қандай  жағдайға  үйесімді  болып, 

субъектіні  жаңаша  ойлауға  итерме- 

лейтін жағдай. 

ПРОЕКЦИЯ  (  лат.  рrоjесtiо  –  алға 

тастау ) – адам бойындағы жағымсыз 

қасиеттері  мен  қылықтарын  басқа- 

ларға телитін қорғаныс тетігі. П. ин- 

дивидке  бейжай  елесті  сыртқы  дү- 

ниеге біржақты телитін психикалық 

процестің көрінісі. Психикалық П. – 

адам  мүддесі  мен  ынтасын  біреуді- 

кіндей салқын, ықылас білдірмей кө- 

ңіл  қобалжуын  басатын  қабылдау- 

дың қорғанарлық тетігі.

Бейқам көңілдің мән-жайын әр түр- 

лі  талқылаушылардың  бірі  австрия- 

лық ғалым З.Фрейд болды. Фрейдтің 

ұйғарымы бойынша, балаларға жұрт- 

тың  дүниені  сезінуі  өздерінікіндей 

көрінеді  де,  сыртқы  ұқсастықпен 

өздерін  ойланбай-ақ  жұбатады.  Оң 

түсінікті теріс күйге ұқсататын төзім- 

сіз күйді З.Фрейд паранойлық ауру- 

ға жатқызады. Көңіліне қабылдауды 

жалғастыратын  симбиоздық  түрлі 

күйлердің  бірлесе  селбесуін  ғалым- 

дар  психикалық  ерекше  көрініс  деп 

тапты. Селбестіру, телу процесінің әр 

түрлі сау да, ауру да күйі адамдарда 

кезігетіні анықталды. Бірақ адамның 

елесті шындықпен салыстырып тек-

сере алатын қабілетінде немесе теліте 

елестету ақиқаттығына деген наным-

сенім  бір-біріне  үйлесе  бермейтін 

сияқты.


ПРОФЕССИОГРАММА  –  адамға 

қойылатын  талаптар  жүйесі.  Бұл 

арқылы қандай да бір кәсіптің егжей-

тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға 

берілген  кәсіп  саласын  жетістіктен 

меңгеру  үшін  қажет  тұлғаның  сапа-

сы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, 

білімі, икемділігі және дағдысы жа- 

тады.  Профессиография  –  адамның 

жеке  басының  қасиетіне,  психоло- 

гиялық  қабілетіне,  психологиялық-

физикалық  мүмкіндігіне  қойылатын 

талаптарды  зерттеу  технологиясы. 

Адам  мен  кәсіптің  арақатынасын 

қамтамасыз ететін практикалық ұсы- 

ныстар  мен  әдістемелік  құралдың 

ақпараттық, болжамдық, келістіруші- 

лік қызметін реттеу үшін қолданыла- 

ды. П. түрлерін зерттеудің тереңдігі 

мен  дәлдігі  әлеуметтік  сұранысқа 

байланысты.  Профессиография  кә- 

сіптік  қызметтің  әлеуметтік-психо- 

логиялық, әлеуметтік-экономикалық, 

психофизиологиялық, тарихи, техни- 

калық,  құқықтық  сияқты  жақтарын 

ПРОА

ПРОФ


441

қамтыды, олардың тиімділігін іс жү- 

зінде арттыратын міндеттерді ұйым- 

дастырады.

П.  –  кәсіптік  қызметті  жан-жақты 

зерттейтін  әдеттердің,  яғни  тәжіри- 

белік  мағлұматтарды  жинақтайтын 

(құжаттарды  қарастыру,  бақылау, 

сұрастыру,  эксперимент,  ғұмырна- 

малық және шығармашылық тәжіри- 

белер),  оларға  сараптама  жасайтын, 

тәжірибелік  бақылауды  сапалық 

тұрғыдан бағалайтын, статистикалық 

мәліметтерді  іріктейтін,  сондай-ақ 

психологиялық  түсіндірменің  құры- 

лымдық-жүйелік  және  функциялық-

құрылымдык  талдау  тәсілдерінің 

жиынтығы.



ПСИХИКА  (грек.  рsуhікоs  –  жан-

күй)  П.  сыртқы  дүниедегі  заттар 

мен  құбылыстар  әсерінен  жүйке 

жүйесінде  пайда  болатын  психика 

жүйке  жүйесінің  бар  органдарының 

барлығына  ортақ  қасиет.  Психика- 

ның  рефлекторлық  сипаты,  оның 

объективті жағдайға тәуелділігі, оның 

рефлекторлық  табиғатын  тәжірибе 

алуы, алғаш рет И.М.Сеченов дәлел- 

деген.  Адамның  психикасы  оның 

қимыл-әрекетін  реттейтін  және  қо- 

ғамдык қатынасқа бейімдейтін жана 

құрылынның  –  сананың  негізін  құ- 

райды.

Осыдан адам психикасының дамуы- 



ның жеке тұлғалық және әлеуметтік 

заңдылығы қалыптасады П. – 1) объек- 

тивті  шындықты  түйсік,  қабылдау, 

елестету,  сезім,  ерік,  ойлау  арқылы 

белсенді бейнелейтін мидың жүйелі 

қасиеті;


2) адамның жан дүниесінің сапалық 

күйі мен сипатын жинақтайтын руха-

ни бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адам- 

ның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзін- 

ше ұйымдастыратын және оқиғаның 

өткенін, бүгінін және болашақ күйін 

реттей алатын қабілет қалыптасады. 

Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, 

бүгінгі  күйін  қобалжу  актісімен,  ал 

болашақтағы  мүмкін  жайын  үміті, 

мақсаты,  арманы,  түс  көру  арқылы 

жеткізе алады, П.- биологиялық эво- 

люцияның  жемісі  және  жалғасы.  П. 

сыртқы  құбылыстар  мен  заттардың 

көрінісін  белсеңді  және  озық  түрде 

бейнелейді.  Организм  осы  фактор 

арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай 

қимыл-әрекет  жасауға  және  ортаға 

бейімдетуге мол мүмкіндік алады.

Негізінде  П.  заттық  ортаның  дұрыс 

бейнесін  және  тіршілік  иесінің  өз  

ортасында  бейімделетін  бағдарын 

құрайды.  Адам  психикасы  іс-әре- 

кеті  нәтижесін  әрдайым  ортаның 

жағдайымен салыстыра отырып, ин- 

дивид  ахуалын  қайтарымды  байла-

ныста ұстауға мүмкіндік алады, оның 

түсінік сезімін ықшамдайды. П. жүй- 

ке  жүйесің  тітіркендіретін  әсерлі 

заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-

құлыққа ынта-ықылас дарытады.

Психиканың  рефлекторлық  сипаты 

оның объективті жағдайға тәуелділі- 

гін, қабылдау жүйесі құрамының қи- 

мыл  атқару  заңдылығын  білдіреді. 

Психиканың  рефлекторлық  табиға- 

тын  алғаш  И.М.Сеченов  дәлелдеді. 

Адамның  психикасы  оның  қимыл-

әрекетін  реттейтіні  және  қоғамдық 

қатынасқа  бейімдейтін  және  құры- 

лымдық-сананың  негізін  құрайды. 

Осыдан адам психикасының дамуы- 

ның жеке тұлғалық және әлеуметтік 

заңдылықтары қалыптасады.

ПСИХ

ПСИХ


442

ПСИХИКАЛЫҚ  АХУАЛ  –  пси- 

хикалық процестің динамикалық кө- 

рінісі, оның нақты жағдайда қалып- 

тасқан  көрінісі.  П.а.  жеке  адам  мен 

ұжымның  бір  сәттегі  эмоциялық, 

танымдық  және  мінез-құлықтық 

көріністерінің  жалпылама  сипа-

тын  білдіреді.  П.а. эмоцияның  даму 

сатыларынан  тұрады,  индивидтің 

түрлі психикалық қасиеттерінің (же- 

ңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық 

сияқты)  көрінісін  білдіреді.  Психи- 

калық  ахуалға  сезімнің  (көңіл  күй, 

аффект,  үрей,  эйфория  және  т.б.), 

ықыластың (толғаныс, ессіздік), ерік- 

тің (батылдык, жинақылық, тартын- 

шақтық),  ойланудың  (күмәндану), 

қиялдың негізгі түрлері жатады. Тө- 

тенше  жағдайдағы  адамның  пси- 

хикалық  ахуалы  стресс  ретінде  қа- 

былданып зерттеледі.

ПСИХИКАНЫҢ  ПАЙДА  БО-

ЛУЫ  МЕН  ДАМУЫ  –  психика 

органикалық материяның барлығын- 

да  бірдей  бола  беретін  қасиет  емес. 

Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті 

тірі  организмдердің  төменгі  форма- 

ларынан да оны кездестіру қиын. Пси- 

хика  материяның  жоғары  форма- 

ларының,  жанды  материяның  ғана 

қасиеті. Тірі материяның, төменгі түр- 

леріне (мәселен, қарапайым организм- 

дерге)  тітіркенушілік  (сыртқы  тітір-

кендіргіштерге  жауап  бере  алушы- 

лық), ал оның жоғары түрлеріне сез- 

гіштік (заттардың қасиеттерін бейне-

лей алу) қасиет тән. Сезгіштік – ор- 

ганизмнің сыртқы ортаны түйсіне алу 

қабілеті. Түйсік – тіршілік жағдайы- 

на бейімделудің көрінісі. Түйсік ор- 

талық жүйке жүйесі бар барлық жа-

нуарларда кездесетін психикалық құ- 

былыс.

Психикалық әрекеттің дамуы жүйке 



жүйесінің  дамуымен  шарттас.  Ал 

жүйке  жүйесі  құрылысының  күрде- 

лене түсуі психиканың күрделене тү- 

суіне,  оның  жоғары  формаларының 

пайда болуына жағдай туғызған.

П С И Х И К А Л Ы Қ   Д А М УД Ы Ң 

ҚОзҒАУШЫ КҮШІ – психиканың 

мән-жайы мен деңгейін, бағытын да- 

мытуға  ықпал  етіп  отыратын  сырт- 

қы және ішкі факторлар мен жағдай- 

лар  болуы.  Бұл  адамның  жеке  ба- 

сының жетілуінде, қажеттіліктерінің 

қанағаттандыру  мен  нақты  ондағы 

түрлі  қайшылықтарды  реттеу  көрі- 

неді. Психикалық даму – адамның бір 

жастан келесіге өтудегі психология- 

сы  мен  қылығында  болатын  өзге- 

рістерді,  олардың  себеп-салдарын 

сипаттайтын факторлар.

П С И Х И К А Л Ы Қ   Д Е Т Е РМ И - 

НИзМ – барлық психикалық актілер 

мен көріністердің өзіндік себебі мен 

мағынасы оған әсер ететін бұрынғы 

факторлардан тәуелді дейтін біржақ- 

ты көзқарас. П.д. Фрейд ұсынған пси- 

хоаналитикалық  әдістеменің  негізгі 

ережесін құрайды. П.д. кездейсоқ, тіп-

ті бірден ұғыныла да бермейтін таби- 

ғи  құбылыстардың,  мәселен  ұйқы- 

ның,  жабысқақ  мінездің  өзіндік  се- 

бептері  мен  заңдылықтары  бар,  бі- 

рақ  бұлар  дер  кезінде  ұғынылмауы 

ықтимал.  Адам  нәрсенің  кездейсоқ, 

бір-біріне  қатыссыз  көріністерін, 

кездейсоқ  түсініктерді  тізіп  отыруы 

тиіс. Сонда ғана науқастың «көзінен 

тыс қалған», жаңа мазмұн аңғарыла- 

ПСИХ

ПСИХ


443

ды,  оны  ойланбай-ақ  психикалық 

күйді реттейтін түрткіге айналдыру- 

ға болады.



ПСИХИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – пси- 

хикалық  аппарат  пен  психикалық 

көріністің  негізін  өлшеуге  лайықты 

энергия түрі. П.э. туралы алғаш сөз 

қозғаған  З.Фрейд  оны  либидолық 

және агрессиялық деп екі түрге бөлді. 

Либидолық  және  агрессиялық  энер- 

гия бір-бірімен араласқанда энергия- 

ның  бейтарап  күйі  қалыптасатынын 

ескертті.  Аналитикалық  жұмыстар 

психикалық  энергияның  кейде  жік-

гелмеген бейтарап күйде болатынын, 

кейде көңіл күй толқуында, елігуін- 

де өлшенуге лайық энергияның бас- 

тапқы  жіктелмеген  күйі  кезігетінін 

айқындады.  Адамның  ойы,  елігуі, 

бейнесі  психикалық  энергиямен  әр- 

түрлі  дәрежеде  байланысты,  яғни 

катексистік  күйде  болатыны  дәлел- 

денді.  Катексисте  П.э.  бірде  құбыл- 

малы,  бірде  бейтарап  күйде  көрі- 

ніс табады да, көңіл жайын бір ықы- 

ласқа  шоғырландырады  не  одан 

ығыстырады.  П.э.  қызметіне  қарай 

мотивациялық,  қозғаушы  себепке 

жарарлық  және  қолданбалы  құрал- 

дық түрлерге бөлінеді.

ПСИХОАНАЛИз.  Псхологиядағы 

бағыттың  негізін  салған,  оның  тео-

риясы  мен  қолданбалы  мәселелерін 

түгел ұсынған австриялық психиатр 

және психолог Зигмунд Фрейд. Пси-

хоталдау бағыты өкілдерінің бахеви-

ористерден, гештальтпсихологтардан 

айырмашылығы психологияда ғылы- 

ми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл 

және  жаратылыстану  ғылымдарына 

бағдарланған  жоқ, ал  олар тоқырау- 

дан шығудың жолын медицина және 

психологияның өз шеңберінде табуға 

ұмтылды.


Фрейдизм, оның негізі мынада – адам 

туралы  психологиялық  білімді  жа- 

ңа  өмір  шындығымен  толтыруға, 

практикалық  психологиялық,  ең  ал- 

дымен  психотерапевтік  міндеттерді 

шешу үшін пайдалы теорияны құру- 

ға  және  ақпаратты  қабылдауға  ұм- 

тылды.


Фрейд  өзінің  ғылыми  ізденістерін 

психотерапевтік  тәжірибені  талдау- 

дан  және  жинақтаудан  бастауы  кез- 

дейсоқ емес, содан кейін жинақтаған 

тәжірибені  психологиялық  теорияға 

айналдырды.

Фрейдизм негізгі ұғымдарына «сана» 

және  «санасыздық»  немесе  «бейса-

на»  жатады.  Психоталдау  ілімінің 

болашақ тағдыры және оған көзқарас 

әр түрлі елдерде түрліше қалыптасты. 

Алғашында Фрейдтің ең жақын шә- 

кірттері  мен  ізбасарлары  және  пси- 

хиатор-дәрігерлердің  кейбіреулері- 

нен  басқалары  оған  өте  салқын  қа- 

тынаста болды. Кейіннен психоталдау 

бағытын жақтаушылар Германия мен 

Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні 

бүгінге дейін кеңінен таралды.

Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылда-

рында  кеңес  психолог-ғалымдары 

оған  қызығушылық  танытты.  Сол 

кезде  үстемдік  еткен  субьективтік 

идеалистік  психология  бұл  ілімнен 

материалистік балалықтың бірден-бір 

мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-

жылдары, психологиялық зерттеулер- 

ді  шектеумен  бірге  («Халық  ағарту 

комиссариаты жүйесінде педология- 

лық  бұрмалаушылықтар  туралы» 

белгілі  қаулыда)  З.Фрейдтің  ілімі 

қатты сынға алынды. Осы қаулыдан 



ПСИХ

ПСИХ

444

кейін  біздің  елімізде  Фрейдтің  ең- 

бектерін аударуға және баспа бетінде 

жариялауға  тыйым  салынды.  Соңғы 

жылдары  әлемде  кеңінен  таралған 

Фрейдтің психологиялық іліміне қы- 

зығушылық қайтадан өсіп отыр.

XX  ғасырда  психологтардың  ішінде 

Австрия  дәрігері  Зигмунд  Фрейдке 

ерекше  орын  берілді.  Оның  негізгі 

еңбегі  «Түс  көруді  талқылау»  1900 

жылы жарық көрді. Сол кезден бас-

тап, психологияда бір-бірін әр түрлі 

ғылыми  беделді  тұлғалар  ауыстыр- 

ды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгін- 

ге дейін Фрейд және оның ілімі сияқ- 

ты ынта туғызған емес.

Адам мінез-құлқының басты реттеу- 

шісі  сана  екендігі  белгілі.  Зигмунд 

Фрейд (1856-1939) – австрия невро-

патологі, психиатры және психологі, 

психоталдау  бағытының  негізін  са-

лушы.  Фрейдизмнің  концепция  ре- 

тінде қалыптасуы XX ғасырдың бас 

кезіне  жатады.  Психоталдау  бірінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  20- 

жылдары кең өріс алды. Жеке тұлға- 

ның  құрылымында  Фрейд  санасыз- 

дыққа ерекше көңіл бөлді және зерт-

теу  нысанына  айналдырды.  Оның 

айтуынша, ауру адамдар өз іс-әреке- 

тінің түрткілерін түсіндіре алмайды: 

Фрейд  негізін  салған  психоталдау 

әдісі  санасыздықты  зерттеу  үшін 

психикалық  ауру  адамдарды  емдеу 

мақсатында қолданылады.

Фрейд  тек  ауру  адамдардың  ғана 

емес, дені сау адамдардың көңіл кү- 

йі мен мінез-құлқын түсіндіретін тео- 

рияны  негіздеді.  Бұл  теория  Батыс 

елдерінде кеңінен тарады, үлкен бе- 

делге ие болды. Фрейд теориясы көп- 

теген  шет  елдерде  психология,  пси- 

хотерапия,  психиатрия  оқулықтары- 

на  берік  енген.  Фрейдизм  бағыты 

адам туралы басқа ғылымдарға – со- 

циологияға,  педагогикаға,  антропо- 

логияға,  этнографияға,  сонымен  қа- 

тар  өнер  мен  әдебиетке  ерекше  ық- 

пал етті.

Фрейдтің  еңбектерінде  күрделі  пси- 

хологиялық  проблема  ретінде  адам- 

ның  сексуалдық  өмірі  туралы  мәсе- 

ле  қойылды.  Фрейдтің  түсіндіруін- 

ше,  жас  жеткіншек  балалардың  әр 

түрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейім- 

ділігі оларды жыныстық инстинктер- 

дің билеуінен деп түсіндіреді.



ПСИХОГЕНЕз (грек. psyche – жан, 

genesis – шығу тегі) – психикалық құ- 

былыстардың  ойдағыдай  қалыпта- 

суымен және науқасқа ұшырағандар- 

ды  ілкі  басталуын  көрсететін  ұғым. 

П. «бұрынғы психикалық процестер 

кейінгі  бақылаудағы  көріністердің 

қалыптасуына міндетті түрде ықпал 

етеді»  деген  психикалық  детерми-

низм  қағидасын  негізге  алады.  П. 

түйіні: егер кездейсоқ түсініксіз кей- 

бір  психикалық  құбылыстардың 

өзін  нақылап  олардың  себеп-салдар 

желісін  айқындай  түссек,  онда  кез 

келген психикалық құбылыс саналы 

және  санасыз  күштердің  қарым-

қатынасының  күрделі  түйіні  болып 

шығады. Психикалық талдаулық әдіс 

адамның балалық кезіндегі құбылма- 

лы  шиеленісті  дұрыс  түсіну,  оны 

өзгерту  мен  алмастыру  мүмкіндігін 

ашады.

ПСИХОГЕНЕТИКА (психо... және 

грек. geneticos-туылуына, шығу тегі- 

не  жататын)  –  1)  психикалық  және 

мінез-құлықтық кейбір құбылыстар- 

дың  тұқымқуалаушылық  сипатын 

ПСИХ

ПСИХ


445

және олардың генотипке тәуелділігін 

зерттейтін ғылым саласы. П-ның не- 

гізін  Ф.  Гальтон,  Н.  Жуел-Нильсон 

жәнет.б.  қалады.  Психогенетикалық 

жетістіктср адамның жасы келген са- 

йын,  оның  зердесінің  жеке  ерекше- 

лігіне генотиптің тигізер ықпалы ай- 

қындалып, күшейе түсетінін көрсете- 

ді. Мысалы, адамның миллиондаған 

жылдар  бойы  ортаға  бейімделу  қа- 

білетінің  жетілуі.  оның  өзгеге  және 

қоғамға деген қатынастары тұлғалық 

ерекшелігінін  қалыптасуы  осының 

айғағы;

2) психологияның генетикамен шек- 



тес  саласы,  психологиялық  процес- 

тердің  генетикалық  негіздерін  зерт-

тейтін  салааралық  ғылым.  Психоге-

нетиканы кейде психология саласына 

жатқызады. П. адамның жеке тұлға- 

лық  психологиялық  ерекшелігінің 

шығу тегі мен қалыптасуын генотип 

ортаның  ықпалы  арқылы  қарасты- 

рады. Ғылымда адамның психикалық 

қызметінің  даму  факторлары  тура-

лы  біржақты  көзқарас  қалыптасқан. 

Психогенетикадағы көптеген ізденіс- 

тер  жоғары  психикалық  қызметтің 

индивидтер  арасындагы  әртүрлілі- 

гін  зият,  ақыл-парасатпен  салысты- 

руға  айрықша  мән  береді.  Психоге- 

нетикадағы тектестік дәрежесі (жал- 

пы  гендер  саны)  мен  ақыл-парасат 

күйінің  көптеген  көрсеткіштерінің 

арасында тікелей байланыс бар екен-

дігін тапты. Адамдық, әлеуметтік фак-

торлар мен жағдайлар жеке тұлғалық 

психикалық ерекшеліктерді генотип- 

ке бейімдеуге ықпал етеді деген бол-

жам күшін жойған жоқ.

ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ ПСИХО-

ПРОФИЛАКТИКА – медициналық 

психологаяның салалары, жүйке пси- 

хикалық және психосоматикалық ау- 

рулардың алдын алу, сондай-ақ пси- 

хожарақаттық  шұғыл  реакцияларды 

жеңілдету мақсатында, іс жүзінде сау 

адамдарға мамандандырылған көмек 

көрсету міндетін атқарады. Психоги-

гиена  және  психопрофилактиканың 

әдістеріне  консультациялық  орта- 

лықтар, сенім телефондары және сау 

адамдарға  психологиялық  көмек 

көрсетуге  бағдарланған  басқа  да 

ұйымдардың  шеңберінде  жүргізі- 

летін  психокоррекциялық  жұмыс- 

тары, тәуекел топтары деп аталатын- 

дарды  анықтау  және  олармен  про- 

филактикалық  жұмыс  жүргізу  мақ- 

сатындағы  жаппай  қараулар,  тұр- 

ғындарға  ақпарат  беру  және  т.б. 

қамтылады.  Қазіргі  уақыттағы  пси- 

хогигиена  мен  психопрофилактика- 

ның арнайы міндеттері – отбасылық, 

оқулық  және  өндірістік  сипаттағы 

дағдарысты  жағдайларда  адамдарға 

көмек көрсету, жаңа отау болған жә- 

не  ажырасуға  бет  алған  отбасылар- 

мен жұмыс жүргізу және т.б.



ПСИХОДИАГНОСТИКА  ЖӘНЕ 

ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ (жан және diag- 

nosticos) – адамның психикалық қа- 

сиеті мен күйін ғылыми дәлелді тә- 

сілдер  арқылы  сандық  сипатта  ба- 

ғалайтын  және  нақты  сапалық  тұр- 

ғыдан  талдайтын,  сөйтіп  адам  пси- 

хологиясының көрінісі туралы дұрыс 

болжамдық  мәлімет  беретін  ізденіс 

аумағы.  Зерттеу  міндеттеріне  бай-

ланысты  диагностикалық  белгілер 

адамның жасы, жынысы, білімі, мә- 

дениеттік  деңгейі,  психикалық  қал- 

пы,  психо-физиологиялық  ерекше- 

ліктері сияқты психологиялық айыр- 

машылықтар кіреді.



ПСИХ

ПСИХ

446

Диагностика  –  зерттелетін  объект 

немесе  үрдіс  турады  алдын  ала  ақ- 

парат  алудың  жалпы  тәсілі.  Жеке 

тұлғаның  психологиялық  даму  са- 

ласында  диагностиканың  мәні  ме- 

дицинадағы аура сипаты туралы дұ- 

рыс  қойылған  диагноздың  мәнімен 

бірдей:  егер  оның  белгілері,  шығу 

себептері  уақытында  және  дұрыс 

анықталған  болса,  емдеу  нәтижесі 

оң болатындығына сенім мол.

Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың 

жазылуына  деген  үміттің  үзілуіне 

әкеп соқтырады. Осы аталғандардың 

барлығы тән денсаулығы саласы пси-

хикасына қатысы бар, сондықтан да 

диагностика даму саласында ерекше 

мәні бар іс, жоғары біліктілікті және 

жауапкершілікті қажет етеді.

Күнделікті педагогикалық тәжірибе- 

де мектеп психологтары және мұға- 

лімдер жеке тұлғаның жекелеген са- 

паларын  зерттейді,  бірақ  осы  зерт- 

теулердің нәтижесіне қарап, дамудың 

салаларына  жалпы  баға  беруге  бол-

майды.

Мектеп  мұғалімдері  мен  тәрбиеші- 



лер үшін ең бастысы – оқушылардың 

ақыл-ой  әрекетінің  диагностикасы, 

мінез-құлық ерекшеліктері, әлеумет- 

тік  сипаттарының  мінез-құлық  да-

муы және тағы басқа да осы секілді 

мәселелер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет