Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет70/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90

РУБИНШТЕЙН  МОЙСЕЙ  МАТ- 

ВЕЕВИЧ  (1878-1953)  –  орыс  ғалы- 

мы, психология ғылымдарының док- 

торы, профессор. Ол 1918 жылы Ир- 

кутскідегі  Шығыс-Сібір  универси- 

тетінің  тұңғыш  ректоры.  1941-1943 

жылдары Красноярскідегі пединсти- 

туттың психология және педагогика 

кафедрасының  меңгерушісі  болған. 

Халқымыздың ұлы ақыны М. Жұма- 

баев  өзінің  1922  жылы  жазылған 

«Педагогика»  атты  еңбегінде  осы 

орыс  ғалымының  «Педагогикалық 

психология»  очеркіне  (көлемі  500- 

беттей), ерекше мән беріп, мұның не- 

гізгі  қағидаларын  қазақ  жанымен 

қалайша  орайластырғандығын  атап 

өтеді.  Бұл  жөнінде  ол  былай  дейді: 

«Тәрбие  ғылымдарының  фактілерін 

талдап алуға ұмтылдым, шамам кел- 

генше  оларды  қазақ  жанына  қабыс- 

тыруға  тырыстым,  көп  пайдаланға- 

ным Рубинштейн еңбектері еді, бірақ 

кітапты жайып қойып көшіре берге- 

нім жоқ. Мағжанның «Педагогикасы» 

бар  болғаны  100  беттей  ғана,  оның 

90  пайызы  психология  мәселелері. 

Осынау  туындының  құнарлы  тілі, 

көшпенді халық тұрмысының жанды 

бейнелері  автор  тұжырымдарының 

өзіндік  саналылығы,  қазақ  өмірінен 

алынған    нақты  деректері,  олардың 

ой-сезім, түйсік-таным арқылы өріл- 

ген  таза  ұлттық  рухы  –  мұның  төл 

тұлпары  екенін  жақсы  аңғартады. 

М.М.  Рубинштейннің  негізгі  еңбек- 

тері:  «Очерки  педагогической  пси- 

хологии» (М., 1920), «Психология и 

педагогика  и  гигиена  ранней  юнос- 

ти»  (М.,  1926),  «Воспитание  чита- 

тельских интересов» (М., 1950) т.б.



РУБИНШТЕЙН  СЕРГЕЙ  ЛЕО- 

НИДОВИЧ  (1889-1960)  –  орыс 

психологиясының  үлкен  теоретигі. 

«Адам  санасы  іс-әрекет  үстінде  қа- 

лыптасады, сана мен іс-әрекет ылғи 

бірлікте  болады»  концепциясының 

авторы.  Психологиядағы  детерми- 

низм  (себептілік)  принциптің  мә- 

нін  анықтайды.  Мәскеудегі  М.В.Ло- 

моносов  атындағы  университетте 

психология  бөлімі  мен  тұңғыш  ка- 

федраны  (1942),  КСРО  Ғылым  ака- 

демиясында  психология  секторын 



РОДЖ

РУБИ

474

ұйымдастырды. Ол жалпы, әлеумет- 

тік,  тарихи  психологиядан  көптеген 

теориялық  еңбектердің  авторы.  Не- 

гізгі  еңбектері:  «Жалпы  психология 

негіздері» (1940), «Болмыс және сана» 

(1957  ),  «Ойлау  және  оның  дамуы 

туралы» (1958), «Психологияның даму 

жолдары  мен  принциптері»  (1959) 

т.б.


РУХ  –  ой  мен  сананың  шоқтығы, 

адамның психикалық белсенділігінің 

көрінісі,  адамның  сана-сезімі  мен 

қимыл-әрекетінің ең жоғары деңгейі. 

Р.  адамның  өмірі  мен  өзіндік  құн- 

дылығын  субъективті  тұрғыдан  са- 

лыстыруға,  бағалауға  мүмкіндік  бе- 

реді. Рух санамен, жанмен үйлесе ке- 

ліп,  адамның  танымға  деген  қажет- 

тілігін,  өмірге  деген  құмарлығын 

арттырады.  Рухы  жоғары  адам  ты- 

ныс-тіршіліктегі  қиыншылықтармен 

тұйықталып  қалмай,  өзгенің  адам- 

гершілігін  құрметтеп,  оған  ілтипат- 

пен  қарап,  көмектесуге  бейім  тұра- 

ды. Ол жағымды істен қанағат таба- 

ды.  Рухты,  рухани  қабілетті  қалып- 

тастыру – тәрбиенің түбегейлі мақса- 

ты. Халық рухы – халықтық психоло- 

гия ұғымының синонимі, әр ұлттың 

өзіне  тән  психологиялық  ерекшелі- 

гі,  олардың  психологиялық  ерекше- 

ліктерінің  жиынтығы.  Халықтық 

психология  –  ұлттық  психика  мен 

мінез-құлықтың халықтың санасына 

«сіңген» ерекшелігі, қарапайым пси- 

хологиялық  білімдердің  жүйесі.  Ха- 

лық рухы мәселесі қазақ топырағын- 

да  алғаш  рет  Ш.  Уәлиханов  еңбек- 

терінде көрініс тапқан.



РЫБНИКОВ  НИКОЛАЙ  АЛЕК- 

САНДРОВИЧ  (1880-1961)  психо- 

логия ғылымдарының докторы, про- 

фессор,  РСФСР  ПҒА-корр.-мүшесі. 

Психология тарихы мен педагогика- 

лық  психологияның  (баланың  есі, 

сөйлеуі, жазуға үйретуі, өмірбаяндық 

әдіс  арқылы  күнделіктерді  зерттеу 

т.б.)  мәселелерін  зерттеген.  Негізгі 

еңбектері: «Баланы зерттеуге кіріспе» 

(Минск,  1921);  «Психология  және 

мамандық таңдау» (Орел, 1922), «Ба- 

ланың тілі» (м., 1926), «Ес, оның пе- 

дагогикасы мен психологиясы (М-Л., 

1930),  «Мақал-мәтелдердегі  психо- 

логиялық  мәселелер  (Қолжазба,  М., 

1940), т.б.



РУХ

РЫБН

475

САҚТАУ  –  психологияда  естің  не- 

гізгі үрдістерінің бірі ретінде қарас- 

тырылады. Есте қалдыру дегеніміз – 

жаңадан  қабылданған  бейнелер 

мен  материалдарды,  олардың  мәнін 

есте  бұрынғы  сақтағандармен  бай- 

ланыстырып отыру. Есте қалдыру үр- 

дісі  талғамалы.  Өйткені  біз  сана- 

мызға  бұрын  әсер  еткен  нәрселер 

мен құбылыстардан, болмыс пен оқи- 

ғалардан өмір мен тіршілікке қажетті 

материалдарды ғана тұрақтандырып, 

жадымызда  қалдыруды  мақсат  ете- 

міз. Есте қалдыру, арнайы есте қал- 

дыру, еріксіз есте қалдыру болып екі- 

ге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына 

арнайы  мақсат  қоймайды.  Ал  ар- 

найы  есте  қалдыру  үшін  мынадай 

шарттар  қажет:  1)  арнайы  мақсат 

қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте 

қалдырудың әлеуметтік, тәжірибелік 

мәнінің  адам  қажетіне  байланысты 

болады;  3)  есте  қалдыруды  жоспар- 

лап,  оқыған  материалдардың  жемісі 

мен  оның  ішінен  еске  түсерлік  тү- 

йінді  мәселелердің  ізін,  мәнін  білу; 

4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін 

оларды  ойлау  үрдісімен  тығыз  ұш- 

тастыру:  5)  қабылдаған  нәрселердің 

байланыс жүйелерін, тірек боларлық 

желісін  табу:  б)  қабылдаған  нәрсе- 

лерді  өз  сөзімен  құрастыру,  сөйтіп 

қажетті  материалдарды  есте  қалды- 

руды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын 

дұрыс ұйымдастыра білу; 8) саналы 

түрде қайталап, пысықтап отыру.

Мұндай  талаптарды  орындау  адам- 

ның  ақыл-ой  кені  болып  саналатын 

ес  пен  жадында  сақтауын  дамытып 

отыруға  пайдалы  ықпал  етеді.  Есте 

сақтаудың  тиімді  тәсілі  мен  жемісті 

болуы  қажетті  материалдарды  қай- 

талап (жаттап) алуға байланысты. Бұл 

тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жү- 

йесі бар. Кез келген (қайталау) жат- 

тау жемісті бола бермейді. Ғылымда 

есті дамытуға арналған жаттау тәсі- 

лін – мнемоника деп атайды Бұл ла- 

тын сөзінен шыққан. Мәнісі – қайта- 

лап жаттап алу амалы, есте сақтауды 

дамытудың тиімді жолының бірі.



САЛАҚТЫҚ – адамға қолайсыз қа- 

сиеттің бір түрі. Бұл ұғым жеке адам- 

ға да, соңдай-ақ кейбір отбасы, ошақ 

қасына  байланысты  да  айтылады. 

Мәселен, кейбір үйлерде қыл-қыбыр 

есіктен төрге дейін шашылып жатады. 

Осы  үйдің  дастарқаны  да  ондағы 

ас-суы  да,  кесе-шәйнек,  ыдыстары 

да  кір-қожалақ  болып  келеді.  Кө- 

шеде  үсті-басы  мұнтаздай  болып 

жүргендердің  кейде  үйі  адам  көргі- 

сіз лас болып тұрады. Мұндай сүрең- 

сіз  көріністер,  әсіресе  әйелдер  ара- 

сынан  аз  кездеспейді.  Ал,  ол  үйдегі 

тыныс-тіршілігінің  берекесі,  жас 

ұрпақ  тәрбиесінін  тұтқасы  әйелдер- 

дің  төрт  түрі  туралы  Қорқыт  баба- 

мыз айтқан екен. Мәселен, ол әйел- 

дердің  бір  тобы  –  отбасының  құты 

САҚТ

САЛА


476

болса, енді біреулері – нысапсыз, қа- 

нағатсыз,  өсекшіл  болатынын  айта 

келіп,  салақ  әйелдерге  көбірек  тоқ- 

талды дейді. Олар жөнінде ол былай 

дейді: «Ондай әйел төсегінен тұрған 

соң  күбіні  абыл-құбыл  піседі  де 

«шуу» деп ауыл кезіп, түс қайта үйі- 

не  оралады.  Келсе  қазан-аяғын  ит 

жалаған,  байлаулы  қалған  сиыры 

мөңірейді.  Ойбау-ау,  үйім  құлап 

қалыпты, түнде қайда жатамыз? Ме- 

ні ерігіп жүр дейсіңдер ме, зәру жұ- 

мыс  болған  соң  кетіп  едім  ғой,  үйі- 

ме  неге  көз  қырын  салмадыңдар? 

«Көрші  ақысы  тәңірі  ақысы»  деген 

қайда?, – деп безек қағады. «Олақтан 

салақ  жаман»  деп  халқымыздың  те- 

гін айтпағаны есте болғаны абзал.

САЛТ – халықтың кәсіп, сенім, тір- 

шілігіне  байланысты  қалыптасып, 

ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын 

халықтық қасиеттің бір түрі. С. заман 

уақытына  орай  жаңарып,  қоғамдық 

болмыс  ұстанымдарына  бейімделіп 

отырады. Сондықтан салттың белгілі 

бір дәуірге тән сипаты басым. Әдеби 

тілде салт пен дәстүрдің ішкі айыр- 

масы ескерілмей, көбінесе салт-дәс- 

түр  түріне  бір  ұғымда  қолданылып 

жүр.


САЛЫСТЫРМАЛЫ  ГЕНЕТИ-

КАЛЫҚ  ӘДІС  –  жазба  жұмыста- 

рын,  эпистолярлық  мемуарларды, 

адамның  басынан  өткізген  оқиғала- 

рын,  естеліктерін  зерттеп,  оның  әр- 

түрлі психологиялық ерекшеліктерін 

(өзгешеліктерін)  білу.  Балалардың 

немесе үлкендердің психикалық әре- 

кеттерін зерттеу кезінде оларды бір-

бірімен  салыстырып,  ұқсастықтары 

мен айырмашылықтарын анықтайды.



САЛЫСТЫРМАЛЫ  ПАТОЛО-

ГИЯЛЫҚ  ӘДІС  –  психология  ғы- 

лымындағы  адамды  зерттеу  әдісте- 

рінің бірі. С. п.ә. арқылы зерттегенде 

ақыл-ой  әрекеттері  зақымдалган 

ауру  адамдардың  психологиясы  де- 

ні  сау  адамның  жан  дүниесімен 

салыстырылып,  оның  арасыңдағы 

айырмашылықтар  мен  өзгешеліктер 

қарастырылады.  Мысалы,  сөйлеудің 

бұзылуын,  қимыл-әрекеттеріне  за- 

қым  келуін,  естің  бұзылуын,  ұмыт- 

шақтықты және т.б. қалыпты психи- 

калық  әрекеттермен  салыстырып 

талдаудың  ғылыми  мәні  зор,  С.  п.ә. 

физиологияда, психология мен меди- 

цинада көп қолданылады.



САЛЫСТЫРМАЛЫ  ПСИХО-

ЛОГИЯ – адам психикасының шы- 

ғу тегі мен дамуының, адам санасы- 

ның  қалыптасуының  биопсихоло- 

гиялық  алғышарттары  мен  заңды- 

лықтарын,  адам  мен  жануарлардың 

психологиялық  қарекетіндегі  жал- 

пылық пен айырмашылықты, (адам- 

ның  мінез-кұлқындағы  әлеуметтік 

пен  биологиялық  мәселесі)  зерттей- 

тін  психология  саласы.  Бұл  мәселе- 

лерді зерттеу адам психологиясы мен 

зоопсихологияның  (жануарлардың 

психикасы, шығу тегі, эволюция ба- 

рысында  дамуы  және  психикалық 

процестерінің  онтогенезде  қалыпта- 

суы туралы ғылым) мәліметтерін са- 

лыстыру арқылы жүзеге асырылады. 

Бұл орайда, жануарлар мен адамның 

психикалық  қарекетінің  гомология- 

лық  және  аналогиялық  (ақиқат  ұқ- 

сас  және  сырттай  ғана  ұқсас)  ком- 

поненттері  мен  детерминанттары 

анықталады;  бұлар  олардың  шығу 

тегінің  ортақтығын  және  адамның 



САЛТ

САЛЫ

477

арғы  жануар  тегінен  алынғанын, 

сондай-ақ адамның мінез-құлқы мен 

психикасының  әлеуметтік-тарихи 

факторлардың  әрекеті  нәтижесінде 

пайда  болып,  дамыған  түбегейлі 

сапалық  айырмашылықтарын  көр- 

сетеді.  Осыған  байланысты  қазіргі 

уақыттағы  маймылдардың  амалдау, 

құралдармен  әрекет  жасау,  табын- 

дық іс-әрекеті және т.б. психикалық 

функцияларын  зерделеу  негізінле 

адамның  еңбек  қарекетінің,  адамзат 

қоғамынын,  сөйлеуінің  шығуының 

биопсихологиялық  алғышарттарын 

анықтауға ерекше назар аударылады.

Адамның  мінез-құлқының  биоло- 

гиялық  детерминанттары  (жануар- 

лардың  мінез-құлқымен  ортақтары 

немесе  тікелей  содан  шыққаны) 

этологиялық зерттеулер әдістері мен 

нәтижелері  қарастырылып  зертте- 

леді.  Адам  мен  жануарлар  психи- 

каларының  арақатынасы,  олардың 

психикалық функциялары мен ерек- 

шеліктері  туралы  мәселе  ежелгі  ой- 

шылдардан бастап зерттеліп, барлық 

діндерде  дүниетанымдар  күресінің 

объектісі  болды  (адамның  «мәңгі 

өлмейтін»  жаны  мен  жануарлардың 

«өлетін»  жаны  немесе  жануарларда 

жан болмайтыны туралы түсініктер), 

XVIII  ғ.  аяғында,  XIX  г.  басында 

бұл  проблеманың  ғылыми  зерттелуі 

Ж.Б.Ламарктың.  Ж.Л.  Бюффоның, 

бертініректе  Ч.Дарвиннің  есімдері- 

мен байланысты.

С.п. мәліметтерінің психология, фи- 

лософия,  антропология  және  басқа 

ғылымдар  проблемаларын  шешу 

үшін  елеулі  мәні  бар.  Бала  психо- 

логиясы  мен  мектепке  дейінгі  пе- 

дагогика  үшін  адамның,  балалар 

мен жоғары сатыдағы сүтқоректілер 

балаларының  мінез-құлықтарының 

салыстырмалы  –  онтогенетикалық 

зерттеу,  баланың  психикалық  да- 

муының  биологиялық  негіздері  мен 

факторларын талдау маңызды. Мұн- 

дай  салыстырмалы  зерттеулердің 

енді бір аспектісі – балалар мен жа- 

нуарлар  арасындағы  қарым-қаты- 

настар  мен  өзара  түсіністіктің  заң- 

дылықтарын  танып-білу,  ақыл-ой, 

адамгершілік  тәрбиесі,  табиғат  қор- 

ғау  тұрғысындағы  тәрбие  мақса- 

тында  бұл  заңдылықтарды  пайда- 

лану.  С.п.  мәліметтері  практикалық 

негізде  нейропсихология  мен  меди- 

цинада да қолданылады.



САЛЫСТЫРУ  –  ойлаудың  логика- 

лық  тәсілдерінің  бірі.  Адамның  ой- 

лауы  әрқашан  талдаудан  және  син-

тезден басталады. Ойлау – түйсік пен 

қабылдаудағы  талдау  мен  синтездің 

жаңа  мазмұнға  ие  болған  түрі.  Тал- 

дау дегеніміз – ой арқылы түрлі зат- 

тар  мен  құбылыстардың  мәнді  жақ- 

тарын жеке бөлшектерге бөлу. Син-

тезде  ой  арқылы  заттың,  құбылыс- 

тың  барлық  элементтері  біріктіріле- 

ді.  Талдау  мен  синтез  бірімен-бірі 

тығыз байланысты құбылыстар. Осы- 

лардың негізінде салыстыру деп ата-

латын ой операциясы пайда болады. 

Салыстыруда  заттардың  ұқсастығы, 

айырмашылығы  айқындалады.  Зат- 

тарды,  бейнелерді,  ұғымдарды  са-

лыстыру  тұрғысындағы  тапсырма- 

лар  ойлаудың  дамуы  мен  оның  кі- 

нәраттарын  психологиялық  зерттеу- 

лерде  кеңінен  қолданылады.  Са-

лыстыруда  адамның  нені  негіз  етіп 

алатыны,  бір  объектіден  екіншісіне 

өтудің  жеңілділігі  және  т.б.  жағдай- 

лар талданады.



САЛЫ

САЛЫ

478

САНА – адам психикасының ең жо- 

ғарғы  сатысы  және  болмыстың  осы 

С.  арқылы  күрделі  түрде  бейнеле-

нуі.  Адамның  С.-лы  әрекеті  табиғат 

пен  айналадағы  нәрселерге  ықпал 

етіп,  еңбек  әрекеті  арқылы  өзінің 

негізгі  қажеттілігі  мен  мұқтажын 

қанағаттандырады.  С.  деп  шынайы 

дүниенің  бейнесі  ретінде,  тек  адам- 

ға  ғана  тән  және  олардың  еңбек 

ету  үрдісінде  дамитын  психиканың 

жоғары формасын атайды. С. психи- 

ка  дамуының  ең  жоғарғы  сатысы, 

материя дамуының белгілі бір саты-

сында  пайда  болған  қасиеті.  С.  ең 

көлемді қалыпқа келген және жоғары 

деңгейде кемелденіп жетілген мидың 

қызметі, материялық дүниенің жетіл-

ген  бейнесі.  С-  психиканың  адамға 

ғана  тән  ең  жоғары  сатысы,  объек-

тивтік  болмыстың  адам  миындағы 

бейнесі.


Бейнелеу  теориясы  негізінде  адам 

дүниетанымының пайымдау мен се- 

зіп білуден абстрактілі ойлауға, одан 

тәжірибеге  көшіп  отыруы  –  ақиқат- 

ты,  объективтік  шындықты  танып 

білудің  үнемі  дамып,  күрделеніп 

отыратын диалектикалық жолы. Бар- 

лық  дерлік  психикалық  үрдістер 

өзара  байланысты  болғандықтан, 

С.  біртұтас  құбылыс  деп  саналады. 

Адам  санасының  өрістеуі  мен  жеті- 

луі  білімді  меңгеріп,  оны  дамыту, 

өзінің  практикалық  іс-тәжірибеле- 

рін  өрістету  арқылы  белгілі  жүйе- 

мен зерттеліп отырады. Адам С-ның 

дамып  жетілуі  ұзақ  дәуірде  эволю- 

циялық жолмен дамып қалыптасқан 

тарихи үрдіс. С.-ның қоғамдық сипа-

ты  мен  дара  адамның  санасы  жеке- 

леп  іздестіріледі.  С.  әлеуметтік  да-

мумен, еңбек үрдісінің жетілуіне ты- 

ғыз байланысты. Экономикалық (өн- 

дірістік)  қатынастарының  өзгеруіне 

ілесе,  адамның  санасы  да  өзгереді. 

С.-ның  дамуы  сыртқы  ортадан  тә- 

уелді болып отырады дейтін түсінік- 

ті  ғылымда  детерминистік  принцип 

деп атайды.

Объективті  себептіліктің  зандылық- 

тарымен нәрселердің шығу тегін тү- 

сіндіретін  принцип.  Себептілік  дү- 

ниенің  заттары  мен  құбылыстары- 

ның өзара байланыстарының шексіз 

тізбегін,  жан-жақты  өзара  әрекетті 

сипаттайды. Адам табиғаттың туын-

дысы,  ондағы  себептіліктің  жемісі. 

Ол  дүниенің  сырларын  біртіндеп 

ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп 

отыратын белсенді тұлға. Адам сырт- 

қы дүниемен байланыса отыра, оны 

біртіндеп  тани  береді,  сөйтіп  өзінің 

санасын  дамытады,  оның  ешбір  ру- 

хани  қасиеті  туыстан  ғана  пайда 

болмайды.  Болмыс  пен  шындықтың 

бейнесін  адам  тіл  арқылы,  сөйлеуі 

арқылы  бейнелеп,  оның  мән-жайын 

танып біледі. С. – әлеуметтік тірші- 

лік  иесі  ретіндегі  адамның  рухани 

белсенділігінің  ең  жоғары  деңгейі. 

Бұл  белсенділікке  тән  ерекшелік  – 

шындық  болмысты  сезімдік  және 

ойша бейнелер нысанында бейнелеу 

адамның  практикалық  іс-әрекетінен 

бұрын болады және осы іс-әрекетке 

мақсатқа  лайықтылық  сипат  береді. 

Объективтік дүние, адамға әсер етіп, 

елестеулер,  түсініктер,  ойлар  және 

сана  мазмұнын  құрайтын  басқа  да 

рухани  феномендер  түрінде  бейне-

ленеді  және  мәдениет  өнімдерінде 

таңбаланады.  Психологияда  С.  өзін 

қоршаған  болмыстан  ерекшелейді, 

бұл  болмысты  мақсаткерлік  іс-әре- 

кеттің  реттеушісі  қызметін  атқара- 



САНА

САНА

479

тын  психикалық  бейнелер  ныса- 

нында  бейнелейтін  субъекттің  пси- 

хикалық  өмірінің  ұйымдастыры- 

луының ерекше, жоғары деңгейі деп 

ұғындырылады.



САНА АСТАРЫ – белгілі бір сәтте 

сананың  мәнді  қызметінің  орталық 

нүктесі  болмастан  саналы  процес-

тер  барысына  әсер  ететін  белсенді 

психикалық  процестердің  сипатта- 

масы. Мысалға адам белгілі бір сәт- 

те  оған  бұрыннан  белгілі  бір  сәтте 

оған  бұрыннан  белгілі  және  оның 

ойының  кредитімен  ассоциативті 

байланысы  туралы  тікелей  ойлама- 

са да, ол мағыналы астар ретінде ой 

ағымына  әсер  етуі,  соған  ілесуі  жә- 

не  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Жағдайлар- 

дың,  ситуациялардың,  автоматтық 

әрекеттердің  қимылдардың  қабыл- 

данатын,  бірақ  санаға  тікелей  бол- 

маса  да  әсері  барлық  саналық  ак-

тілерде  сана  астарымен  қабылдау 

ретінде  көрінеді.  Сөздің  тілдік  кон-

тексі, яғни айтылмаған, бірақта фра- 

за  құрылысының  өзі  жеткізетін  ой 

да мағыналық рөл атқарады. С.а.-да 

мистикалық  немесе  танылмайтын 

ештеңе жоқ. Бұл құбылыстар – сана- 

лы қызметтің жанама нәтижесі, олар 

өзіне  сол  сәтте  адам  назары  ауда- 

рылған  объектілерді  тануға  тікелей 

қатысы  жоқ  психикалық  процестер- 

ді енгізеді. 

САНА ҚҰРЫЛЫМЫ. Сана мидың 

айналадағы  объективтік  шындықты 

бейнелеуінен туады, яғни ми қызметі- 

нің  жемісі.  Адамның  психикалық 

өмірінде кездесетін негізгі психика- 

лық процестерге таным процестері – 

түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, 

ойлау  мен  сөйлеу:  эмоциялық,  про- 

цестар адамның көңіл күйлері сезімі; 

ерік  процестері  –  адамның  алдына 

қойған  мақсатына  ұмтылуы,  талап-

тануы және соған байланысты әрекет 

жасауы  жатады.  Осы  психикалық 

процестердің  құрылымы  деп  С.қ.-н. 

айтады.

САНА  МЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ  БІР-

ЛІГІ  –  сананың  генетикалық  және 

функционалдық  байланыс  бірлігі. 

Бұл  ұстаным  ғылыми  психология- 

ның  философиялық  және  методо- 

логиялық іргетасын қалайды. Психо- 

логия  ғылымының  негізгі  принцип- 

терінің бірі – сана іс-әрекетті, іс-әре- 

кет саналы болуға тиісті дегенді ұс- 

танады.  Санаастылы  –  психиканың 

түрлі  саналанбайтын  жүйелерін 

(мыс: санаалды мен санасыздық) не-

месе олардың жиынтығын білдіретін 

жинақтаушы ұғым.

САНАСЫз  ӘРЕКЕТ.  С.  әрекетке 

адам  мән  бере  қоймайды.  Санасыз- 

дық,  субъект  өзіне  әсері  бар  екенін 

есеп  бере  алмайтын  шынайы  құбы- 

лыстың  ықпалымен  болатын  пси- 

хикалық  үрдістер,  актілер  мен  күй- 

лер  жиынтығы  немесе  психикалық 

бейнелеудің  бір  түрі.  Мидың  сана-

лы  әрекеттері  қазіргі  және  болашақ 

бірігіп,  бір  психикалық  актіде  іске 

асады  (мысалы,  гипноз,  түс  көру 

т.б.).  Санасыздық  құбылыстарды 

психоанализ  бағытымен  түсіндіруге 

әрекеттеніп, З.Фрейд «санасыздықты 

динамикалық  ығыстыру»  терминін 

ғылымға енгізді.

Ол санасыздықта әлеуметтік норма-

лардың  талабына  байланысты  іске 

аспаған  әуесқойлықпен  құштарлық 

САНА

САНА


480

деп түсінген. Санасыз әрекетке адам 

мән  бере  қоймайды,  қашан,  қалай 

болғаны жөнінде есеп бере алмайды. 

Санасыз әрекеттің қарапайым мыса- 

лына  адамның  ой  жүгіртпей  істеле- 

тін дағдыны әрекеттері, түс көру, ке- 

йібір  мәселенің  шешімін  кенеттен 

аян бергендей табуы, т.б. жатады. С.ә. 

туралы ойлар Г. Лейбниц, Б. Вундт, 

З.  Фрейд,  т.б.  ғалымдардың  еңбек- 

терінде кездеседі. Санасыз әуестік – 

белгілі  бір  уақытта  адамның  өзі  тү- 

сінбейтін, бірақ оның психологиясы 

мен  қылығына  әсер  ететін  адамның 

ішкі  түрткілері,  қажеттіліктері,  қы- 

лық себептері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет