Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік униврситеті Филология факультеті



Дата12.05.2023
өлшемі23,11 Kb.
#92039
түріБағдарламасы
Байланысты:
аида инкл 14


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік униврситеті
Филология факультеті

«Инклюзивті білім беру»

Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері мен тәртібі»
Орындаған: Есқазина Аида
ҚТӘ-202 топ

2023 ж


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты: қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; - жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

  • оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру

  • оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;

  • оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;


  • әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;

  • оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

  • мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;

  • бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;

  • мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;

  • іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық- педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;

  • ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;

  • инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

  • сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту.

Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: қалыптастырушы бағалауды; ішкі жиынтық бағалауды; − сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс . Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді.
Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады. Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет:
− меңгеру деңгейін саралау;
− критериалды бағалау;
− бағалаудың объективтілігі;
бағалауды дараландыру;
− бағалауды жариялау
Қалыптастырушы бағалау түрлі формада (ауызша сұрақ, жазбаша жұмыс, тәжірибелік жұмыс және т.б.) жүзеге асады және жиынтық бағалауды өткізгенше мұғалім мен оқушыларға оқыту процесін түзетуге және мүмкін болатын олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Оқу тоқсандары ішінде жүргізіледі.
Жиынтық бағалау тоқсанды аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруініңкіріктірілген деңгейімен дағдыларының қалыптасуын айқындауға арналған. Оқу тоқсанының аяғында жүргізіледі. Бағалауды жүргізу тәртібі бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерінкритериалды бағалау Ережесінде көрсетілген . Осы құжат қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу тәртібін, тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын жүргізу тәртібін, сонымен қатар, білім алушыларға тоқсандық және жылдық баға қою тәртібін енгізеді. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары қарапайым балаларға да арналған.
Сонымен, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де тілдік емес пәндер және тілдік пәндер бойынша екі түрге бөлінеді. Ерекше оқыту қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары келесі ережелерге негізделген:
- Біледі – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта жаңғырту немесе есте сақтау қабілетінің бағасы.
- Түсінеді – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіруқабілетініңбағасы.
-Қолданады – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілетінің бағасы. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып табылады.
- Талдайды – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілетініңбағасы.
- Жинақтайды – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті болжамдайды.
-Бағалайды – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілетінің бағасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет