3
ТҮСІНІКТЕМЕ
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен ең алдымен ұстаздардың
педагогикалық іс-тәжірибесіне және күнделікті көп тармақты жұмы-
сына қажет материалдар, кейбір әдістемелік жолдар аса жауапты да
шығармашыл қызметтің иегері – музыка мамандарына керек болар де-
ген мақсатта орындалды.
Музыкалық тәрбие беру дегеніміз – баланы әсемдік әлеміне дыбыс
арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін
бойына сіңдіру, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар
арқылы түйсіндіру. Музыка сабағы өз бойына төмендегідей міндеттер
алып отыр:
· музыкалық шығармалардың мазмұнын талдай білуге;
· орындаушылық машығын тәрбиелеуге;
· музыкалық жан-жақтылығын кеңейтуге;
· сауаттылығын дамытуға;
· вокальді-хор дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.
Баланың 6–7 жас шамасы – музыка өнеріне баулу кезеңінің ең қолайлы
сәті. Осы жастағы балдырған музыканы тыңдау, ән орындау, есте сақтау,
ажырату, әнді жеке немесе ұжыммен орындау тәрізді іс-әрекеттерді
толық меңгеруге даяр болады. Оқушы мектеп табалдырығын аттай
отырып, жаңа дүниемен кездеседі. Сабақ үстіндегі іс-әрекеттер (тыңдау,
сауат ашу, орындау, ырғақты қимылдар, шығармашылық тапсырмалар
т.б.) баланың ой-қиялын шыңдайды, логикалық ойлау жүйесін дамы-
тады, әсемдікті сезе білуге, сұлулық тәрізді категорияны түсіне білуге
итермелейді.
Осы жастағы балалар жеке ән дауысын естіп-ажыратуға, музыкалық
аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл – оқушының
музыкалық талдауға, анализ жасауға алғашқы аяқ басуы. 6–7 жастағы
бала сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде
мағлұмат алады: олар музыкалық ойды түсіне бастайды, авторлары
жөнінде, шығарманың шығуы тарихы туралы т.б. мәліметтер алады.
Олар тек мағлұмат алып қана қоймай, оны орындай отырып, белгілі
бір орындаушылық дағдыны меңгереді. Әннің негізгі мазмұнын түсініп
орындаудың маңызы зор. Дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс
келтіру, жылдамдығын орындауға машықтанады. Сабақтың тағы бір
ерекшелігі – оқушы осы жаста дыбысты айту, орындау секілді қызмет
атқарып қана қоймай, соған өз бетінше би қимылдарын қоса орындауға
талпынады. Бұл – балаға өте ұнайтын іс-әрекеттердің бірі.
4
Музыка сабағы өзара бір-бірімен өте тығыз байланысты бөлімдерден
тұрады: музыка тыңдау, ән орындау, музыкалық сауаттылық және
шығармашылық тапсырмалар.
Музыка сабағы екі жартыжылдыққа бөлініп берілді: бірінші
жартыжылдық – «Дыбыстар елінде», екінші жартыжылдық – «Біз
және музыка». Әрбір жартыжылдық кішкене тақырыпшаларға бөлініп
берілді. Сағат көлемі бағдарлама бойынша жоспарланады. Сол сияқты
үйретілетін әндер мен тыңдалатын музыка сабақтың басты тақырыбы
айналасында өзгеруі мүмкін. Яғни әрбір музыка маманы оқушыларының
қабылдау мүмкіндігіне сәйкес, дауыс аппаратының мүмкіндігіне қарай
шығармаларды қосымша пайдалануына болады.
Сонымен қатар әдістемелік нұсқауға қатардағы ұстазға аса қажет
ойын, жұмбақтар, би элементтері, сондай-ақ ұстаздың педагогикалық
қызметіне ыңғайлы болуы үшін әрбір тақырыпшалардан соң түсіндір-
мелер, ноталық жазбалар, би элементтері, жұмбақтар ұсынылып отыр.
Күнтізбелік үлгі жоспар
Р/с
Тақырыптар
Сағат саны
І
Дыбыстар елінде
1
Музыка тыңдау, ән айту
1
2
Музыканы кім жазады?
1
3
Музыкалық дыбыстар
1
4
Дыбыстар елінде. Шулы дыбыстар
4
5
Сурет және дыбыс
1
6
Өткенді қайталау
1
7
Бояу мен дыбыстар
1
8
Тембр
1
9
Сөз және дыбыс
3
10
Қатты, ақырын дыбыстар
1
11
Жылдам және жай музыка
5
Біз және музыка
12 Жаңа жылды қарсы алайық
2
13
Көңілді дыбыстар. Мұңды дыбыстар
1
14
Көңілді дыбыстар
1
15
Мұңды дыбыстар
1
16
Биік, төмен дыбыстар
2
5
18 Дыбыстар достығы
1
19 Музыка және біз
1
20 Кел, ойнайық
1
21 Табиғат пен музыка
1
22 Күй мен күйші
5
23 Ән – біздің досымыз
6
24 Би және музыка
4
25 Өткенді қайталау
2
Дыбыстар елінде
Тақырыптың атынан байқалып тұрғандай оқушылар дыбыстар
әлеміне саяхатқа шығып, дыбыс туралы білімдері кеңейтіледі. Сабақ
алдында қоршаған ортаға не жататыны сұралып, ойларын жеткізу үшін
мынадай сұрақтар қоюға болады:
1. Егер біздің өмірімізде бір күні ешқандай дыбыс болмай қалса не
болар еді?
2. Табиғатта кездесетін қандай дыбыстар бар?
3. Жалпы дыбыс дегеніміз не?
Табиғатта кездесетін түрлі дыбыстарды атап шығып, оларды қандай
кездерде естуге болатыны сұралады. Мысалы, таудан сылдырлап
аққан бұлақтың дыбысы, қатты соққан желдің дыбысы. Балалардың
әсершілдігін алғашқы сабақтан бастап тәрбиелеудің аса маңызы зор.
Әрбір дыбысты көз алдарына елестете отырып, олардың дыбыс қандай
болатынын әсерлеп айтып беруі, дыбыстап беруі қадағаланады.
Сабақ барысында сонымен қатар маңызды да жауапты іс – оқу-
шылардың тыныс алуына, дыбысты дұрыс орындауына және мәнерліліге
мән беру. Себебі, алғашқы сабақтан бастап олардың тынысты дұрыс
алуы болашақта дауыс аппаратының дұрыс қойылуына септігін тигі-
зері хақ.
Табиғаттағы кездесетін дыбыстарды неғұрлым көп келтіруі ба-
лалардың жан-жақтылығын, бейнелілігін кеңейтеді. Сондықтан не-
ғұрлым мол мысалдар келтіріледі (құстардың сайрағаны, жануарлардың
дыбысы, теңіздің толқыны т.б.).
Айналамызда болып жатқан түрлі құбылыстар бізді күнделікті
қоршап жатыр. Мектеп қабырғасын аттаған бала ең алғаш қандай ды-
бысты естиді екен? Әрине, қоңыраудың дыбысы. Қоңыраудың дыбы-
17 Кел, ойнайық
1