● Общественные науки



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі320,71 Kb.
#11254



 Общественные науки 

 

                               №1 2016 Вестник КазНТУ 



526 

ӘОЖ 303.01 



Л.У. Таймуратова, С. Ч. Торгаева 

(Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 

Ақтау, Қазақстан Республикасы) 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН  ДАМЫТУ  ЖОЛДАРЫ 

 

Аңдатпа. Пәнге деген қызығушылықты қалыптастырудың негізгі шартының бірі оқушы мен мұғалімнің 

арасындағы жақсы қарым-қатынас. Білімге деген қызығушылықты қалыптастыру мұғалімнің тұлғасына да бай-

ланысты.  

Түйін сөздер: ойлау, түсіну, қызығушылық. 

 

Оқушылардың  оқу процесінде шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге байланысты мұғалім-



нің  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  жұмыстарының  жүйесінде  оның  үш  деңгейін  көрсетуге 

болады: түсіну деңгейі, логикалық ойлау деңгейі және шығармашылық ойлау деңгейі. 

Түсіну  –  кітап  немесе  мұғалім  хабарлайтын  дайын  ақпаратты  меңгеруге  бағытталған  аналити-

калық-синтетикалық әрекет. 

Жаңа материалды баяндау кезінде мұғалім жаңа фактілерді айтып қана қоймайды, ол сонымен 

қатар  тәжіриебе  нәтижелерін  талдайды,  теориялық  дәлелдер  тұрғызады,  жаңа  салдар  шығарады.  

Оның баяндауы абстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, анықтау және т.б. бөлімдерден тұруы 

мүмкін.  Барлық  ойлау  операцияларын  (анализ,  синтез,  абстракция,  жалпылау),  ойлау  әрекеттерінің 

тәсілдерін (салыстыру, жіктеу, анықтау), логикалық дәлелдеу тәсілдерін мұғалім түсіндіру барысын-

да өзі жасайды.   

Оқушылардың  алдындағы  мәселе  жеңілірек:  мұғалімнің  жүргізген  анализ,  синтез,  жалпылау, 

салыстыру  және  т.б.  әрекеттердің  барысы  мен  нәтижесін,  қорытындының  логикалығын,  қарама-

қайшы еместігін және дәлелді екенін бақылау. Бұлардың бәрі оқушылардан белгілі бір ойлаудағы ты-

рысуларды, аналитикалық-синтетикалық әрекеттерді талап етеді.  

Ой  белсенділігі  мәтінді  зерттеуде  де  қажет  етіледі.  Параграфтың  негізгі  ойын  көрсетіп,  оның 

дәлелдемелерінің  сенімділігін  тексеру,  оның  ой-пікірінің  логикасын  анықтап  алу,  формуланы  қоры-

тындылаудың  кезеңдері  мен  реттілігін  біліп  алу,  нақты  мысалдар  мен  фактілерді  дәлелдеп  отырған 

жағдаймен арақатынасын белгілеу және т.б. істеп білу қажет.  Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезін-

де нақты сыныптың деңгейін біліп, соған сәйкес жұмыс жасайды, ал кітапта  материалды былай беру-

ге мүмкіндік болмайды, және оқушыдан күш-жігер мен тырысуды талап етеді. 

Оқушылардың айтылған мәліметтерді толық түсінуі, олардың білімді меңгеруінің шарты және 

бір мезгілде  олардың ойлау қабілетінің, шығармашылық қабілетінің дамуының негізі болып табыла-

ды. Нақ осы түсіну процесінде  оқушы анализ, синтез, абстракция, және жалпылау, логикалық ойлау 

жүргізу  тәжіриебесін,  әр  түрлі  ой  әрекеттерін  (салыстыру,  қарама-қарсы  қою,  жіктеу,  анықтау  және 

т.б.) жасау тәжіриебесін меңгереді. Мұғалім мен кітаптың ой-пікірін қайталай отырып, оларға еліктей 

отырып,  оқушы  ойлау  әрекетінің  тәсілдерін  үйренеді.  Сондықтан  да  оқушылардың  мәліметтерді  то-

лық  түсінуі,  олардың  өздігінен  шығармашылық  мәселелерді  шешуі,  олардың  шығармашылық  жеті-

луінің алғы шарты болып табылады. 

Шығармашлық  қабілеттерді  жетілдіру  жұмыстары  жүйесінің  құрамына,  бәрінен  бұрын,  оқу-

шылардың ойлау әрекетін кітаптағы   немесе мұғалімнің айтатын мәліметтерін қабылдауға бағыттал-

ған әдіс-тәсілдер жиынтығы кіру керек. Сонымен қатар мәліметтерді қандай әдіспен түсіндіру толық 

түсіну мен оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуды айрықша қамтамасыз ететіні туралы 

дәл түсінікте болу қажет. Бұл әдістер оқушылардың даму дәрежесінің деңгейі мен берілген мәлімет-

тердің  сипатымен  анықталады,  себебі:  физикалық  теориялар,  заңдар,  түсініктерді  түсіндірудің  әр 

түрлі әдістемелік талаптары болады. 

Логикалық  ойлау.    Логикалық  ойлау  дегеніміз  –  оқушылардың  өз  бетімен  шығармашылық  мә-

селелерден шығуы болып табылады. 

Шығармашылық  әрекеттің  бұл  деңгейінде  оқушылар  зерттелетін  объектілерді  өздігімен  тал-

дауды, олардың қасиеттерін салыстыруды, жеке  тәжіриебелердің нәтижелерін салыстыруды, жалпы-

ланған нәтиже шығаруды, дәлелдеме, түсініктемелерді жіктей білуді, формулаларды қорытындылау-

ды,  оларды  талдауды,  тәжіриебе  арқылы  тәуелділіктерді  анықтау  және  т.б.  әрекеттерді  жасай  білуді 

үйренуі  қажет.  Сондықтан,  мұғалім  бұл  деңгейде  оқушылардың  ойлау  әрекетін  жоспарлағанда,  оқу-




 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №1 2016 



527 

шыларға  осы  әрекеттердің  бірін  немесе  олардың  жиынтығын жасайтын  жағдай  кою  керек.  Осы  жұ-

мыс барысында оқушылардың өздігінен жасайтын әрекеті көп болған сайын, ол күрделене түседі.  

Оқушылардың даму дәрежесін жетілдіру үшін, оқыту үрдісі кезінде берілген  есептер, тапсыр-

малар оқушылардың даму деңгейінен жоғарырақ болғаны жөн [1].  

Түсіну сияқты логикалық ойлауда аналитикалық-синтетикалық әрекет болып табылады, бірақта 

олардың  ақпарат  көзі,  дидактикалық  функциясы  және  субъективтік  құрылымы  бойынша  елеулі  ай-

ырмашылығы бар.  

Ойлау процесінде оқушылар өз бетімен жаңа қорытындыға келеді, ал түсіну процесінде ол мұ-

ғалім  жасаған  қорытындының  қарама-қайшы  еместігіне  көз  жетіп,  оның  мағынасы  түсінеді.  Түсіну 

кезінде  дайын  материалды  қорыту,  ал  ойлау  кезінде  жаңа  мәселе  туындайды.  Түсіну,  субъективті 

түрде  де  логикалық  ойлаудан  өзгеше.  Түсінудің  мәні  –    түсінілетін,  ұғынылатын жаңа  затты  санада 

тану, түсіну және бекіту. Оқушыға қорытындының логикалық нәтижесін көрген, оны өзінің аналити-

калық-синтетикалық әрекет нәтижесінде қорытындылағаннан жеңіл.   



Шығармашылық ойлау. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ғылыми шығармашылық процесс 3 

деңгейде жүргізіледі. 

І  деңгей  –  практикалық  әрекет  немесе  түсіну  нәтижесінде  проблемалық  жағдайдың  пайда  бо-

луымен, оның бастапқы талдануы және проблеманы тұжырымдаумен сипатталады.  

ІІ  деңгей  -    проблеманы  шешу  жолдарын  іздеу.  Бар  білімдердің    негізінде  проблеманы  толық 

талдау әрекетінде ізделінеді. Қажет болған жағдайда зерттеліп отырған объект жайлы білімімізді әр-

түрлі әдебиеттер мен қажетті тәжіриебелерді жасай отырып толықтырамыз.  

Көбіне жауап логикалық, дәлелдеме арқылы табылады. Бірақ кейбір жағдайда жиналған мате-

риалдар мен білімдер жеткіліксіз ғана емес, сонымен қатар қарама-қайшы болады, бұл кезде жауапты 

интуиция арқылы табамыз.  

ІІІ  деңгей  –  шығармашылық  тану  –  қарама-қайшылық  деңгей,  проблеманың  шешімінің  прин-

ципі табылғаннан кейін оны тексеру. Бұл деңгейде шешу принципі шығармашылықтың жеке нәтиже-

лелері  ретінде  көрсетіледі:  жаңа  мәселені  шешу,  теория  мен  конструкцияны  қалыптастыру  және  не-

гіздеу, және тағы басқа. Алынған нәтижелерді тәжіриебе арқылы тексеріледі, басқа да теориялық мә-

ліметтермен  сәйкестендіріледі.  Шығармашылық  әрекеттің  қарастырылған  құрылымы  шығармашы-

лық ойлаудың маңызды бөлшектерін көрсетеді. Шығармашылық ойлауға логикалық ойлауды жетіл-

діру, білім аясының кеңдігімен қатар, сыни ойлау, қажетті  білімді тез табу, интуиктивті ой-пікір ай-

туға қабілеттілік, толық детерминизация жағдайында есеп шығару.  

Оқу процесінде шығармашылық есептерге шығару жолдары белгісіз және кітапта көрсетілмеген 

есептерді жатқызады. Есеп жауабын, оқушылар есепті талдаудың, білімдерінің негізінде және есептерді 

шығару нәтижесінде жинаған тәжіриебесіне негізделіп, өздерін қорытындылап, есептеу керек. 

 Шығармашылық  ойлау  әрекетінің  көрсетілген  3  жағдайы  мұғалімнің  оқушыларының  шығар-

машылық қабілеттерін жетілдіру жұмысының негізіне алынуына болады.  

Білім алуға түрткі болатын себептер әр түрлі болуы мүмкін. Оларға, ең бірінші, кең әлеуметтік 

себептер  жатады:  болашақта  таңдаған  маман  иесі  болу  үшін  жақсы  оқу  керек,  борыштылық  сезімі, 

ұжым алдындағы жауапкершілік және т.б. Бірақтан да, зерттеулер көрсетіп отқандай, оқудың  ең ма-

ңызды  себебі  пәнге  деген  қызығушылық  болып  табылады.  Бұл  себеп,    басқа  себептерге  қарағанда, 

оқушылардың  ой  елегінде  ерте  қалыптасады  және  олар  осы  себепті  басшылыққа  алады,  сондықтан 

пәнге деген қызығушылық оқудың ең басты себебі болып табылады. Бірақтан да, оқушыларға тек қа-

на өздеріне қызықты пәнді  оқытып қана қоюға болмайды, еңбек,  қиындыққа қарсы тұру арқылы, өз 

міндеттеріне  жауапкершілікпен  қарау  сияқты  көзқарастарды  қалыптастырып,  сонымен  қатар,  білім 

алуды жеңілдетіп, оқушыларға барлық пәнге қызығушылық тудыру қажет.  

Пәнге  деген  танымдық  қызығушылық  деп  адамның  психикалық  процестерінің  қоршаған  орта-

ның  құбылыстары  мен  объектілеріне  бағытталуын  айтамыз,  соның  нәтижесінде  тұлға  осы  аймақта 

жұмыс жасауға қызығады. Қызығушылық – тұлғаның белсенділігін қуатты қоздырушысы, оның ық-

палынан психикалық процесстер тез және күшті өтеді де, алынған нәтижесі қызықты және өнімді бо-

лады.  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруда  бірнеше  деңгейді  көрсетуге  бола-

ды. Ең алғаш ол бір нәрсеге құмарлық ретінде пайда болады. Құмарлық – адамға күтпеген, тартымды 

және қызықтыратын затқа деген табиғи реакция. 

Тәжіриебенің күтпеген нәтижесі, қызықты фактілерге деген құмарлық оқушының назарын осы 

сабаққа аударады да, бұл қызығушылық басқа сабақтарға таралмайды.  Бұл тұрақсыз, ситуативтік қы-

зығушылық. 





 Общественные науки 

 

                               №1 2016 Вестник КазНТУ 



528 

Қызығушылықтың жоғарырақ деңгейі білімге деген қызығушылық. Бұл кезде оқушыда зертте-

ліп  отқан  құбылысты  түсіну,  тереңірек  ұғынуға  деген  ынта  пайда  болады.  Бұл  кезде  оқушы  сабаққа 

белсенді  қатысады,  яғни,    мұғалімге  сұрақ  қойып,  демонстрация  нәтижелерін  талқылауға  қатысып, 

қондырғыларды құрастырып, өз бетімен тәжіриебелер жасап және т.б  әдістермен өзінің білімге деген 

құмарлығын қанағаттандырады.   

Бірақта оқушының білімге деген қызығушылық әдетте шағын аумаққа ғана таралады, яғни бас-

қа пән, тіпті басқа тақырып, тарау оқушыға қызықты емес болуы мүмкін, соның нәтижесінде ол зері-

гіп кетеді.  

Сондықтан  біздің  алдымыздағы  мақсатымыз  білімге  деген  қызығушылықты  қолдау,  сонымен 

қатар  оқушылар  сабақтың  логикасы  мен  құрылымын,  онда  қолданылатын  жаңа  сабақты  түсіндіру 

әдістері мен дәлелдемелерін түсінетін, және де пәнге деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру. 

Оқу процесінде жаңа білімге қол жету оқушыны қызықтырады, ал проблеманы шешу, қиын есептер-

дің жауабын табу рахаттандырады [2]. 

Тұлғаның  барлық  психикалық  қабілеттері  сияқты  қызығушылықта  іс-әрекет  нәтижесінде  қа-

лыптасып, жетіледі. Білімге деген қызығушылық берілген пәнді тереңірек білуде көрінетіндіктен, қы-

зығушылықтың қалыптасуы мен дамуы  оқытуды  дамыту кезінде  байқалады. Өздігінен әрекет жасау 

тәжіриебесі  құмарлық  пен  бастапқы  қызығушылық  тұлғаның  тұрақты  қабілеті  –  танымдық  қызығу-

шылыққа өтуге ықпал етеді.    

Оқушылардың  қызығушылығын  қалыптастыруға  оқу  әрекетін  ұйымдастырудың  нысанының 

ықпалы өте үлкен. Сабақтың білімділік мақсатын дұрыс қою, оқыту процесінде түрлі өзіндік жұмыс-

тарды қолдану, шығармашылық жұмыстар, соның бәрі білімге деген қызығушылықты қалыптастыру-

дың зор құралы. Оқу процесін бұлай ұйымдастыру кезінде оқушылардың оң эмоциясы басым болады 

да, пәнге деген қызығушылықтың қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік пайда болады. 

Білімге деген қызығушылықты қалыптастыру мен дамытудың бір жолы оқыту кезінде пробле-

малық  жағдай  туғызып,  соның  негізінде  оқушылардың  белсенді  әрекетін  күшейту.  Проблемалық 

жағдайды тудыру кезінде мұғалім қалыптасқан білім жүйесінде жаңа фактілерді және бақылауларды  

бір-біріне  қарама-қайшы  қояды.  Ашылатын  қарама-қайшылықтар  оку  әрекетінің  қозғаушы  себебі, 

түрткісі  болады.  Олар  қарама-қайшылықты  шешу,  оның  мағынасын  ашуға  талпынысты  тудырады. 

Бұл кезде оқушылардың белсенді ізденушілік әрекеті тікелей, терең және ішкі қызығушылықпен сүй-

емелденіп тұрады. 

Оқушылардың пәнге қызығушылығын тудыру үн мұғалім қандай  қасиетке ие болу керек, оның 

оқушылармен қарым-қатынасы қандай болу керек? Зерттеулер көрсеткендей ол қасиеттер келесілер: 

Мұғалімнің  білімділігі,  оқушыларға  қажетті  талаптар  қою  мен  танымдық  есептерді  біртіндеп 

қиындата білу. Мұндай мұғалімдер сыныпта интеллектуалдық көңіл-күйді қалыптастырады, оқушы-

ларға білім алудың бақытын көрсете алады; 

Өз пәніне, жұмысына деген қызығушылық және сүйіспеншілік, бір мәселенің оқушыларға бір-

неше шешімін табуға түрткі бола алу; 

Оқушылармен жақсы, игілікті қарым-қатынас толық сенімділік пен ниеттілік жағдайын қалып-

тастырады.  Мұның  бәрі  асықпай  ойлауға,  қатенің  себебін  табуға,  өзіңнің  және  сыныптастарыңның 

жетістігіне қуануға жағдай жасайды; 

Педагогикалық  оптимизм  –  оқушыға,  оның  танымдылық  күшіне  сенім,  танымдылық  қызығу-

шылықтың жаңа қалыптасып келе жатқан, әлсіз көрінетін жақтарын уақытылы байқау және  оны да-

мытуға көмек көрсету, сол арқылы білуге, оқуға деген қызығушылыққа түрткі болу.  

Мұғалімнің бойында осы аталған қасиеттердің барлығы болмауы мүмкін, оларға қол жеткізуге 

талпыныс  жасаған  абзал,  бірақтан  да  ең  кем  дегенде  біреуі  болса,  онда  мұғалім  оқушыларды  оқыту 

мен дамытуда елеулі жетістіктерге жетеді [3]. 

Оқушылардың  білім  деңгейіне  деген  талаптың  төмен  болуы,  мұғалімнің  өз  жұмысына  немқұ-

райлықпен  қарауы,  ашуланшақтығы  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығының  жоғалуына,  мұ-

ғалім мен оқушы арасындағы шиеленіске, түсіністіктің болмауына әкеліп соғады. 

Оқушылармен қарым-қатынастың дұрыс стилін табу – педагогикалық әрекеттің табыстылығы-

ның басты кілті.  

Сонымен,  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  қалыптастыру  –  дамытушылық  оқыту 

жүйесіндегі  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдануды,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  дұрыс  қарым-

қатынасты көздейтін, күрделі және  қиын процесс.  

 




 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №1 2016 



529 

ӘДЕБИЕТТЕР 

[1] Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -М. 1989. 

[2] Гершунский Б.С. Философия Образования. -М. 1998. -428с. 

[3] Полат Е.С. Педагогические технологии XXI века.//Современные проблемы образования. -Тула,-1997. 

 

REFERANCES 



[1] Bespal'ko V.P. The terms of educational technology. -M. 1989. 

[2] Gershunsky B.S. Philosophy of Education. -M. 1998. -428s. 

[3] Polat E.S. Pedagogical technologies of the XXI century .// Modern problems of education. -Tula, -1997. 

 

Таймуратова Л.У., Торгаева С. Ч. 



Пути развития творческого мышления у учащихся 

Резюме.  Системы  образования  в  любой  стране  способствовать  реализации  основных  задач  социально-

экономического и культурного развития общества, ибо именно и вуз готовят человека к активной деятельности 

в разных сферах экономической. культурной, политической жизни общества 

Ключевые слова: мышление, понимание , интерес. 

 

Taymuratova L., Torgayeva S. 



Ways to develop the ability of students creative thinking 

Summary.  Education  systems  in  any  country  contribute  to  the  implementation  of  the  basic  tasks  of  socio-

economic and cultural development of society, for it is high school and prepare a person to be active in various spheres 

of economic activity. cultural and political life of society. 

Key words: 

thinking , understanding , interest 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет