2015 жылғы 29 мамыр №96 Алматы қаласы
4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
17
(Соңы 18-бетте).
(Жалғасы. Басы 16-бетте).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысына 47-қосымша
«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан əрі
– портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі: эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес
шығаруға рұқсат беру, ол қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда
нəтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады жəне көрсетілетін қызметті беруші басшысының
қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің
уəкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында «жеке
кабинетке» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тəртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті
алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сəуірдегі № 71
қаулысымен бекітілген «Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық
бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан əрі – стандарт)
9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орында-
лу ұзақтығы, сондай-ақ келесі рəсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) нəтижесі:
1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды
қабылдауы жəне тіркеуі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына құжаттарды беруі – күнтізбелік
1 (бір) күн ішінде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы жəне оларға
бұрыштама қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін
қадағалау департаментіне (бұдан əрі – БҚНСҚД) беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
3) БҚНСҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уəкілетті қызметкерді айқындауы жəне оған құжаттарды
орындауға беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
4) БҚНСҚД уəкілетті қызметкерінің құжаттардың стандарттың 9-тармағына сəйкес келуін қарауы, мемлекеттік
қызмет көрсету нəтижесін дайындауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін
орынбасарының бұрыштамасын алуы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасына қол қоюға жіберуі –
күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының мемлекеттік
қызмет көрсету нəтижесіне қол қоюы, қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін БҚНСҚД-ға беруі –
күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесіне қол қоюы, қол
қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін БҚНСҚД-ға беруі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;
7) БҚНСҚД уəкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін пошта бойынша жіберуі немесе оны
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте ресімделген сенімхатты көрсеткен кезде тікелей
көрсетілетін қызметті берушіге не оның уəкілетті өкіліне беруі – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде
күнтізбелік 1 (бір) күн.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) тізбесі:
1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары;
3) БҚНСҚД басшылығы;
4) БҚНСҚД уəкілетті қызметкері.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде əрбір рəсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тəртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жəне көрсетілетін
қызметті алушының өтініш беру тəртібінің жəне рəсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-
браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан əрі – ЭЦҚ) тіркеу куəлігінің көмегімен
жүзеге асырады;
2) 1-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);
3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сəйкестендіру нөмірі
не бизнес сəйкестендіру нөмірі) жəне пароль арқылы тексеру;
4) 2-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген
мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға
шығару жəне көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды
толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;
5) 3-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куəландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;
6) 1-рəсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);
7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын
логин мен пароль арқылы тексеру;
8) 2-рəсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу жəне оны порталда
өңдеу;
9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талап-
тарына сəйкес келуі тұрғысынан тексеру;
10) 3-рəсім – мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін қалыптастыру;
11) 4-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін алуы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттерінің
диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымшада берілген.
«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде əрбір рəсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қосылған ақпараттық жүйелердің
өзара функционалдық əрекет етуінің диаграммасы
Шартты белгілер
«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысына 48-қосымша
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан əрі –
мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің»
веб-порталы: www.egov.kz (бұдан əрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі: лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стан-
дарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сəуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан əрі – стандарт) 10-тармағында
көзделген жағдайларда жəне негіздемелер бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дəлеледі жауапты (бұдан
əрі – бас тарту) беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда,
лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады жəне көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен жəне
көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің
уəкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында «жеке
кабинетке» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тəртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті
алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орында-
лу ұзақтығы, сондай-ақ келесі рəсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) нəтижесі:
1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды
қабылдауы жəне тіркеуі, құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қабылдау бөлмесіне
беруі – өтініш келіп түскен күні;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұрыштама қоюы жəне құжаттарды қарауы,
құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне (бұдан əрі – БҚД) жіберуі
– өтініш келіп түскен күні;
3) БҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уəкілетті қызметкерді айқындауы жəне оған құжаттарды орындауға
беруі – өтініш келіп түскен күні;
4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда БҚД уəкілетті қызметкерінің өтінішті одан
əрі қараудан жазбаша дəлелді бас тартуды (бұдан əрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына бас тартуға қол қойдыруы, көрсетілетін қызметті алушыға бас тар-
туды беруі – құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттар стандарттың талаптарына сəйкес келген жағдайда, алынған құжаттарды қарауы:
лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен кезде, БҚД уəкілетті қызметкерінің лицензия телнұсқасының
не бас тартудың жобасын дайындауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығына лицензияның
телнұсқасын не бас тартуға қол қойдыруы, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға
беруі – құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
БҚД-ның уəкілетті қызметкерінің лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде
құжаттардың стандарттың 9-тармағына сəйкес келуін қарауы, лицензия беру туралы, лицензияны қайта ресімдеу
туралы бұйрықтың жобасын (бұдан əрі – бұйрықтың жобасы) не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін
қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың жобасын келісу үшін Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан əрі – ҚҚД) құжаттарды жіберуі: лицензия беру
кезінде күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш келіп түскен күні;
5) бұйрықтың не бас тартудың жобасын ҚҚД-ның келісуі: лицензия беру кезінде күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде,
лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) СНСҚД-ның уəкілетті қызметкерінің ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта
ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына
қол қоюға ұсынуы: лицензия беру кезінде күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде ҚҚД-дан
келісілген құжаттарды алған күні;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға
не бас таруға қол қоюы: лицензия беру кезінде күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде
1 (бір) жұмыс күні ішінде;
8) БҚД-ның уəкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін беруі:
мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде лицензия беру кезінде күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде, лицензияны қайта
ресімдеу кезінде қайта ресімделген лицензияға қол қойылған күні.
Лицензияны қайта ресімдеу рəсімі, лицензияның телнұсқасын дайындау жəне құжаттардың толық болмауына
байланысты өтінішті қараудан бас тартуды дайындау тəртібі мерзімдерін сағатпен көрсете отырып, көрсетілетін
қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын əрбір бөлімшесі бөлігінде көрсетілетін қызметті
берушінің бұйрығында белгіленеді.
Көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару жəне бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны
қайта ресімдеген кезде лицезия 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару жəне бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны
қайта ресімдеу рəсімінің тəртібі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағының бірінші бөлігінде
көзделген лицензияны беру тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) тізбесі:
1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығы;
3) БҚД басшылығы;
4) БҚД уəкілетті қызметкері;
5) ҚҚД.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде əрбір рəсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тəртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жəне көрсетілетін
қызметті алушының өтініш беру тəртібінің жəне рəсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-
браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан əрі – ЭЦҚ) тіркеу куəлігінің көмегімен
жүзеге асырады;
2) 1-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);
3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сəйкестендіру нөмірі
не бизнес сəйкестендіру нөмірі) жəне пароль арқылы тексеру;
4) 2-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген
мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға
шығару жəне көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды
толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;
5) 3-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлем жасау,
мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төленгені жөніндегі ақпарат порталға келіп түседі;
6) 2-талап –мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін ақы төленгенін порталда тексеру;
7) 4-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куəландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;
8) 1-рəсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);
9) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын
логин мен пароль арқылы тексеру;
10) 2-рəсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу жəне оны портал-
да өңдеу;
11) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талап-
тарына сəйкес келуі тұрғысынан тексеру;
12) 3-рəсім – мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін қалыптастыру;
13) 4-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін алуы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттерінің
диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымшада берілген.
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде əрбір рəсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
блок-схеманың жалғасы
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қосылған ақпараттық жүйелердің
өзара функционалдық əрекет етуінің диаграммасы
Шартты белгілер
«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
бизнес-процестердің анықтамалығының жалғасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысына 49-қосымша
«Банктің жəне (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Банктің жəне (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан əрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банктің жəне (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру туралы хатты жəне қызметті берушінің
ресми рұқсатын не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сəуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің жəне (не-
месе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартының (бұдан əрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздемелер бойынша
рұқсат беруден бас тарту туралы дəлеледі жауапты жіберу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда,
нəтижесі электрондық форматта ресімделеді жəне басып шығарылады, қағазға басылады жəне жəне көрсетілетін
қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің
уəкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: